Кітапханашы күнделігі


Kanal geosi va tili: Qozog‘iston, Qozoqcha
Toifa: Kitoblar


Мен кітапхананы жердегі жұмаққа ұқсаттым! Борхес

Связанные каналы

Kanal geosi va tili
Qozog‘iston, Qozoqcha
Statistika
Postlar filtri


Негізі кітапханашы мамандығы деген ең ғажап мамандық. Білім-ғылымды тарату,таныстыру,насихаттау,сақтау ғажап емей...


Кітаптарды сөреге шаң бастырып қоймаңыз. Ол кітаптар туралы айтыңыз.
Және бұның оқырманы қашан келер деп күтіп отырмаңыз.
Кітап пен оқырманды табыстыру-кітапханашының басты миссиясы.


Психология,философия,бизнес тағы басқа мазмұнды кітаптардың барлығының өзегі көркем шығармалар.


Сәлеметсіз бе?!
Жаным!
Кеше сізбен сөйлесіп бір жадырап қалдым…
Жабырқап отыр едім…
Көктемім менің!❤️
Бір өзіңіз бір кітап ғибадатханасысысыз💙
#меніңғажапоқырманым


Оның сыйлаған аппақ қызғалдағында аппақ сезімі жатыр. Оны сездім. Адамды күнде көріп,сөйлеспесең де бір жылылықтың жібі үзілмей тұрады екен-ау...


Қолыңыз тарлау болса,жомартқа, түнеріп жүрсеңіз жайдары жанға...осылай бойыңыздағы кереғар мінездің жақсы жағын "жұқтыруға" болады екен. Кез келген терапиядан артық дейді.


Бір адамның бойынан күллі жақсы қасиетті табамын деп ойламаңыз.

Талейран Наполеонның сыртқы істер министрлігін басқарған. Оның бір бойынан біртүрлі,кейде түсініксіздеу қылық көруге болатын. Бірақ оның ой ұшқырлығы,бекзадалығы ерекше тұғын. Наполеонның мінез -құлқы керісінше...Талейранның бойындағы жақсы қасиеттеріне қызғана қараған ол жанына жақын ұстайды. Жетпеген мәдениетін үйренеді...
Сіз тура өзіңіз сияқты емес,сізде жоқ жақсы қасиеттері бар адамға жақын жүріңіз дейді, мамандар.


Жаңғақ қарғаның аузынан қоңырау мұнарасына түсіп қалады. Қоңырауға құдай сөзін айтып, тып-тыныш бір бұрышта қалдыруын өтінеді. Қоңырау аяп кетіп жаңғақты құлаған жерінде қалдырады. Жаңғақ бір күні жарылып,дәні тамырға айналып,айналасын тықсырып,мұнарадан да биіктеп кетеді. Қоңырау мұнарасының қабырғалары жарылып,тастары қозғалып кетеді. Себебін сезгенде мүлде кеш қалғанын біледі, иә, қоңырау ол кезде шыңырауға құлап кеткен еді ...(с)


Кейде елдің алдында айқайлап,шындық айтқансып,сау адам қалдырмай жүргендер кінә мен күнәдән ада деп қалмаңыз...


Достарынан,болмаса дос деп жүргендеріңнен абай бол дейді. Олар қызғанышқа тез бой ұрады екен. Қызметке бұрынғы дұшпаныңды шақыр,ол досыңнан артығырақ болады. Өйткені саған дәлелдейтін дүниелері бар. Дұшпаның жоқ болса,тапқаның жөн.(с) Грин осылай дейді


Тіршіліктің тағы бір таңы атты. Адамзат жаралғалы оған тән жақсылық та,жамандық та өзгерген жоқ.
Салыстырмалы түрде азайып,көбейгені болмаса...
Таңертең тұрғанда әлеуметтік,материалдық жағынан кіммін деп емес,"мен жақсылық жасаушы,таратушы қатарынанмын ба?!"деп сұрақ қоя тұрыңыз.
Күндеріңіз берекелі болсын!


Ғажап күндеріміз көп болсыншы! Мереке де ғана емес,күнде жүрек жылытатын түймедей тірлік жасап жүріңіз. Жақсы өмірдің құпиясы сол ғана!


Қоғамдағы тым белсенділік те бағаңызды түсіреді. Белгілі бір деңгейге жеткен соң "демалыс" алыңыз.


Бұұл хикаяны естімес бұрын менің ғұмыр-баянымды білгіңіз келетін шығар. Қайда тудым,не істедім деген сияқты...ал менің ештеңе айтқым келмейді. Жалпы әке-шешем жаман адамдар емес,бірааақ,өкпешіл.
Ол хикаят рождество кезіндегі оқиға ғой. О дүниеге кетіп қала жаздағаным. Сосын мені осында демалып,ем алуға жіберген.
#Сэлинджер
#жаржағалағанжалғыз


Кітаптың мұқабасы да маңызды.


"Өзіне сенген, индивидтік сана иесінің басты қасиеттерінің бірі, іскерлікке бастайтын сара жол - сөзді азайту, ауызға ие болу. Жаңа заман тудырып отырған талаптардың бірі де, бірегейі де осы. Ісің алға бассын десең, алдын-ала жұртқа жария етпе, жар салма. Бұл - қоғамдасып, ру, ата болып өмір сүріп үйреніп қалған қазаққа оғаш көрінетін қасиеттер болуы мүмкін." "Харекет"


Ол бір ерекше қыз болатын. Бір аулада аракідік ойынға шыққанда жолығып қалатынбыз. Екеуміз де сирек шығамыз. Қолында үнемі қалың кітап жүретін. "Том Соердің басынан кешкендерін" сол қыздан көргем, алғаш рет. Кітапты тез оқимын,алты жүз бетті бір күнде бітіремін деп мақтанатын,бізге. Ол қалай деп таңдай қағатынбыз. Сол оқырман қыз қайда екен,кім болды екен деп ара-тұра ойлап қоямын...


Хат жазыңызшы...
Жетінші оқып жүргенде бір "мода" бастағанымыз есіме түсіп отыр. Облыс, аудан,ауылдың атын жазып орта мектептің жетінші "б"класының класс журналындағы он алтыншы тұрған оқушыға деп хат жазып жібереміз. Әр жолы сан әрқалай. Бірнеше хат келді. Біреуі есімде қалыпты. "Журналдағы он алтыншы нөмірлі бала менмін, Қанапиянов Жалғас" деп бастапты.Жазуы маржандай. Каллиграфиялық дерсіз. Хаты да мазмұнды. Мектеп бітіргенше хат алысып тұрдық. Оқыған кітап,көрген кино,мектептегі қызықты оқиғалар...
Хат жазу,хат күту ғажап,жып-жылы сезім сыйлайды.
Хат жазыңызшы...маған...үшбу хат...
Алматы шаһары,Абай даңғылы,14...


Құдай үйген төбені кетпенмен шауып төмендете алмайсың(с)


"Ғалымның хаты өлмейді"
Философия "тіс батпайтын" дүние емес.
Жақыпбек ағаның осындай ыңғайлы кітапшасы шығыпты. Екі тілде.

20 ta oxirgi post ko‘rsatilgan.