Postlar filtri


Қыздар Керемет ұсыныс!!!!
Тез арада , ұстаздардың бақылауымен Құранға түсуге болады!
Осы Рамазанды ерекше Құранмен өткізгіңіз келсе тез курсқа келіңіз!!!


📌 Курс бойынша толық ақпарат алу және тіркелу үшін:
https://api.whatsapp.com/send/?phone=77718526311&text&type=phone_number&app_absent=0


Бүгіннен бастап кішкене де болса қайырымдылық жасап, жүрегімізді ұлы айға дайындайық! 🌙


Рамазанға 49 күн!

Пайғамбарымыз ﷺ:
“Бізге садақа беруге асығуымызды бұйырды, себебі, садақаны бақытсыздық аттап өте алмайды”– дейді.

Рамазан – күнәлар кешірілетін, сауаптар еселенетін ай. Осы қасиетті айларда садақа– Алланың разылығына жақындатып, жанымызды тазартатын құлшылық түрі.


Фудайл ибн Ияд رحمه الله:

"Бізге Алла Тағаланың былай дегені жайында хабар жетті :

"Ей, адам баласы, мені таң намазынан кейін бір сәт зікір ет және аср намазынан кейін бір сәт зікір ет сол екеуінің ортасында Мен саған жеткіліктімін."

Яғни, күндізгі қызып тұрған жұмысыңда неше түрлі мәселелеріңді , барлығын да Алла Өзім оңдаймын сенің ісіңді Өзім туралаймын дейді .


🔰 Ертең хижри жыл санауы бойынша Ережеп айының ортаңғы күндері, яғни, 13,14,15 күндері басталады. Бұл уақытта ай 🌒 толады😊
Сондай-ақ, ертең дүйсенбі - аптадағы сүннет ораза күні.

(13-14-15 қаңтарға сәйкес келіп тұр) + Бейсенбі күнінің оразасы😍

🔰 Осы ай толған мезгілде ораза тұту - Алла Елшісінің ﷺ сүйікті амалдарының бірі. Арабтар осы мезгілді «Әййәмул-биид», яғни жарық, әппақ күндер деп атайды.

Мухаддис Әбу Дәуіттің «Сунанында» осы күндері ораза ұстағандардың сауабы он есе еселенетіндігі айтылады (Әбу Дәуіт. Сунан).

🔰 Басқа хадисте бұл үш күнде ораза ұстау бір ай ораза ұстағанмен тең болады делінген

🔰Хадисте: “Кімде - кім Алла үшін 1 күн ораза ұстаса, Алла Тағала оны 70 жылға тозақ отынан алыстатады” делінген.

Рамазан айына небәрі 1 жарым ай уақыт қалды. Бұл күндер дайындық бастай алмай жүргендерге бір мүмкіндік🌹🌹🌹

Ертең оразаға ниеттісіз бе?


Жалғастырушы топқа








Әс сәләму әлейкум, оқырман!🫂Ережеп айы – жаңа бастамалардың айы. Сіз қандай жақсы іс бастайсыз?


Ережеп айы келді — қасиетті ай!🌙
Бұл айда жақсылық жасап, Аллаға құлшылықты арттыру өте маңызды. Осы айда не істеу керек?

1️⃣ Тәубе ету – өткен қателіктерді мойындап, Алладан кешірім сұрау.
2️⃣ Құлшылықты күшейту – намазды толық оқып, қосымша нәпіл намаздарын орындау.
3️⃣ Ораза ұстау – мүмкіндігінше нәпіл ораза ұстау сауапты.
4️⃣ Садақа беру – көмекке мұқтаждарға қол ұшын созу.
5️⃣ Алланы зікір ету – дұғаларды оқып, Алланы мадақтау.

Ережеп – берекеге толы ай, әрбір сауапты іс мың есе артығымен жазылады!

Қолдан келер жақсылықты жіберіп алмаңыз!


Шүкіршілік тек тілмен емес, амалмен жасалу қажет екенін білдіңіз бе?

Өміріміздегі кез келген жақсылықты бағалап, жүрегімізбен шүкір етейік. Мысалы: басқаларға жақсылық жасау, Аллаға құлшылық ету, Оған тәуекел ету — осының бәрі шүкірдің көрінісі.


«Егер шүкір етсеңдер, Мен сендерге тағы да арттырамын, ал егер күпірлік етсеңдер, Менің азабым өте қатты.»

(Ибраһим сүресі, 7-аят)


Алланың нығметіне шүкіршілік🌿

Сұрақ: Бүгін қандай бір нәрсе үшін шүкір еттіңіз? Өз ойыңызбен бөлісіңіз! ⬇️


РАМАЗАНҒА 59 КҮН!🌙

Және 1 қаңтар қасиетті айлардың бірі Ережеп айы басталады.
Бұл ай- рухани тазару мен құлшылыққа ерекше мән берілетін айлардың бірі.


Тапсырма:

1. Ниет тексеру жаттығуы:
“Бүгінгі күнгі құлшылықтарыңызды (намаз, дұға, садақа т.б.) орындамас бұрын өз ниетіңізді тексеріңіз. Амалды тек Алла Тағаланың разылығы үшін жасап жатқаныңызды жүрегіңізден өткізіңіз.

2. Дұға жасауды әдетке айналдыру:
“Бүгін Пайғамбарымыздың (ﷺ):
‘Уа, жүректерді аударушы Алла! Жүрегімді дініңе бекем ет’ деген дұғасын күні бойы бірнеше рет айтып жүріңіз. Осы дұғаны оқығаннан кейінгі ішкі сезімдеріңізбен бөлісіңіз.”


Алла Тағалаға құлшылық ету кезінде ықыласты болу – амалды тек Оның разылығы үшін орындау деген сөз.

Осы аят әрбір амалда ықыластың қажет екенін ескерткен. Егер құлшылық рия (яғни, адамдарға көрсету үшін) немесе мақтану үшін жасалса, ол амал қабыл болмайды.


وَمَآ أُمِرُوٓا۟ إِلَّا لِيَعْبُدُوا۟ ٱللَّهَ مُخْلِصِينَ لَهُ ٱلدِّينَ حُنَفَآءَ وَيُقِيمُوا۟ ٱلصَّلَوٰةَ وَيُؤْتُوا۟ ٱلزَّكَوٰةَ ۚ وَذَٰلِكَ دِينُ ٱلْقَيِّمَةِ

Әйтпесе оларға да хақ дінді шын көңілден толық қабылдап, «таухид» сенімімен бір Аллаға риясыз құлшылық ету, намазды кемеліне келтіріп, ақсатпай уақытылы оқу және зекеттерін толық өтеу бұйырылған еді. Нағыз тура, мінсіз дін, міне, осы!

(«Бәйинә» сүресі 98:5)


РАМАЗАНҒА 67 КҮН!🌙

Әс сәләму әлейкум, оқырман! Бүгін дайындықты жалғастырайық.
Құлшылығыңызды қандай ықыласпен жасап жүрсіз?

20 ta oxirgi post ko‘rsatilgan.