HADDASANAA


Kanal geosi va tili: Qozog‘iston, Qozoqcha
Toifa: Din


🖌️ Хадис шәкіртінің жазбалары
وَمَا تَوْفِيقِي إِلَّا بِاللَّهِ عَلَيْهِ تَوَكَّلْتُ وَإِلَيْهِ أُنِيبُ

Связанные каналы  |  Похожие каналы

Kanal geosi va tili
Qozog‘iston, Qozoqcha
Toifa
Din
Statistika
Postlar filtri


💬 Кітаптарымды алу үшін осыншалықты жеңілдіктер жасап жатырмын. Қолдап кетсеңіздер, жан-жаққа таратып дегендей. 😊


🎉 Бұл дәрістерімнің барлығын бірге 3 сағаттық 90% жеңілдікпен оқырмандарыма небәрі 4 мың теңгеге беремін. Бұрын соңды болмаған жеңілдіктер! Үлгеріп қалыңыздар! 😊

❗️Әрбір дәріс 1000-ақ теңге беріліп жатыр 🤯


🎉 Дайын видеоформаттағы Араб тілі дәрістерімді сіздерге ұсынамын:

▪️Сарф ілімі бойынша бастауыш деңгейдегі «Әмсилә» еңбегінен дәрістер - құны: 6000.

▪️Сарф ілімі бойынша ортаңғы деңгейдегі «Бинә» еңбегінен дәрістер - құны: 8000 теңге.

▪️Сарф ілімі бойынша жоғарғы деңгейдегі «Мақсуд» еңбегінен дәрістер - құны: 10000 теңге.

▪️Нах’у (грамматика) ілімі бойынша бастауыш деңгейдегі «ән-Нах’у әл-Уәдих» (Бастауыш деңгейінің бірінші бөлімі) еңбегінен дәрістер - құны: 6000 теңге.

📌 Дәрістердің барлығын жеңілдікпен сатып алғысы келетін жандар болса
+77086567307 номеріне төлем жасап, чекті жіберсін.


💬 قال ⁧الشيخ عبدالكريم الخضير⁩ (حفظه الله):

‏«فالإكثار من مراجعة الشروح يُولد لدى طالب العلم ملكةً تمكنه من فهم المتون، والاستنباط منها، والاستدلال بها، وتؤهله لشرح أحاديث لم
‏يسبق إلى شرحها».

‏📕 شرح مقدمة صحيح مسلم, ٢٩

Шейх Абдулкәрим әл-Худайр (Алла оны сақтасын) былай деді:

«Түсіндірмелерді (шархтарды) көп мәрте қайталап оқу – шәкірттің бойында ерекше қабілет қалыптастырады. Бұл қабілет оған мәтіндердің терең мағынасын түсінуге, сол мәтіндерден үкімдер мен пайдалар шығарып алуға және оларды дәлел ретінде қолдануға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, бұл оны бұрын соңды кездеспеген хадистерді ашықтауға яғни түсіндіруге дайындайды».

📕 Шарху Муқаддимати Сахих Муслим, 29


📌 Имам Тирмизидің (һ.279) (Алла оны рақымына алсын) «Сунән» еңбегін басқалардан ерекше ететін қасиеттерінің бірі - бұл еңбекте хадис әдіснамасына қатысты көптеген ілімдердің болуы.

💬 Осыған байланысты Мәлики ғалымы Имам Әбу Бәкір ибн әл-Араби (һ.543)(Алла оны рақымына алсын) айтады:

Имам Тирмизидің «Сунән» еңбегінде хадис әдіснамасына қатысты он төрт ілім бар:

«Хадистерді тарауларына қарай реттейді, хадистер арқылы (фақиһтердің амалдарын) дәлелдейді, хадистердің сахих немесе әлсіз екенін анықтайды. Риуаяттардың жолдарын көрсетеді, жәрх және тәғдил жасайды, риуаяттардың үзілмегенін (муттасыл) немесе олардың үзілгенін (мунқатиғ) айтады. Рауилердің есімдері мен лақаптарын түсіндіреді. Амал етілетін немесе етілмейтін риуаяттарды баяндайды, риуаяттарды қабылдау немесе кері қайтару мәселесінде фақиһтердің пікір қайшылығын түсіндіреді. Шындығында мұның барлығы өз алдына бір ілім болып табылады».

📕 ибн әр-Араби, Аридат әл-Ахуәзи, 1/5


💬 قال الإمام الزرقاني (رحمه الله):

«فهو ﷺ وإن ظهر منه كمالات لا تحصى فهي بالنسبة لما خفي كنقطة في بحر».

💬 Имам Зурқани (һ.1122) (Алла оны рақымына алсын) айтты:

«Оның ﷺ бойынан санауға келмейтін кемелдіктер көрінгенімен, олар жасырын қалғандардың жанында теңізден бір тамшыдай ғана.»


📕 әл-Идах ли Бәйәни мәә әшкәлә мин әл-Ахадис әс-Сихах

👤 Доктор Ибраһим Шәғбан әл-Муршиди әл-Әзһари

📖 Шейх Ибраһим Шәғбән (Алла оны сақтасын) бұл еңбегінде сахих хадистерде кездесетін күрделі, қайшылықты тұстарды қалай анықтау керек екендігін баяндайды.

📌 Шейх Ибраһим Шәғбән, қазіргі уақытта Нұр Мүбәрәк университетінде дәріс береді. Былайша айтсақ, ол жерде оқып жатырған шәкірттердің бастарына қонған бір бақ. Жақсылап пайдаланыңыздар!




📌 Имам Бухаридің (һ.256) (Алла оны рахымына алсын) «Сахихын» риуаят еткендерді көрсететін керемет схема.


💬 قال الإمام مالك لبعض أصحابه:

‏ما يقول الناس فِيَّ؟

‏قلت: أما الصديق فَيُثني، وأما العدو فيَقعُ.

‏فقال الإمام مالك: ما زال الناس كذلك، ولكن
نعوذ بالله من تتابع الألسنة كلها.

‏📕 تذكرة الحفاظ، ١/٤٠٢

💬 Имам Мәлик (Алла оны рахымына алсын) шәкірттерінің бірінен былай деп сұрады:

«Адамдар мен туралы не дейді?»

Шәкірті былай деп жауап берді:

«Дос болған мақтап жатыр, ал дұшпан болған жамандап жатыр».

Сонда Имам Мәлик былай деді:

«Адамдар әрдайым осылай қалады. Бірақ барлық тілдің бірдей жамандап кетуінен Аллаһ Тағаладан пана сұраймыз».

📕 Тәзкират әл-Хуффәәз, 1/402


💬 3-4 сағаттық дайындықпен «Усул әл-Хадис» дәрістеріне кіреміз 🍃


💬 Қандай да бір кітаптың бетінен:

«اعتنى به عبد الفتاح أبو غدة»

деген жазуды көрсеңіздер, ол кітапты міндетті түрде сатып алыңыздар!


💬 قال الحافظ السخاوي (رحمه الله):

‏«ما رأيت الحافظ ابن حجر -رحمه الله- لبس طيلسانا قط سوى مرة واحدة في مرض موته، فما رأيت أبهج منه فيه، وفي ظني أنه إنما تركه لعدم ورود السنة به».

‏📕 الجواهر والدرر: ٣/١٠٥٥

💬 Хафиз әс-Сахауи (һ.902) (Алла оны рақымына алсын) айтты:

«Мен Хафиз ибн Хәжәр әл-Асқаләнидің (Алла оны рақымына алсын) тірі кезінде тайласан (басты жауып тұратын киім түрі) кигенін көрмедім, тек дүниеден өтер алдында бір рет киіп шыққанын көрдім. Ол кезде одан асқан жарқын жүзді адамды байқамадым. Менің ойымша, ол тайласанды сүннетке сәйкес келмегені үшін кимеді».

📕 әл-Жәуәһир әд-Дурар 3/1055


💬 قال محمد بن أبي حاتم الوراق(رحمه الله):

‏«قلتُ للبخاري مرة في خلوة: هل من دواء للحفظ؟ فقال: لا أعلم، ثم أقبل عليّ فقال: "لا أعلم شيئاً أنفع للحفظ من نهمة الرجل، ومداومة النظر».

‏📕 هدى الساري: ١٣٠٦

💬 Мухаммад ибн Әби Хатим әл-Уәррақ (Алла оны рахымына алсын) айтты:

Бір күні Имам Бухаримен (Алла оны рахымына алсын) оңашада отырып, одан:

«Жадыны күшейтетін дәрі бар ма?» - деп сұрадым. Имам Бухари болса:

«Білмеймін» - деді. Кейін маған бұрылып:

«Мен есте сақтау қабілетін жақсартуға адамның ынтасы мен үздіксіз оқуынан пайдалырақ ешнәрсе білмеймін» - деп жауап берді.

📕 Һудаа әс-Сәри, 1306


💬 قال الحافظ ابن حجر (رحمه الله):

‏«إن الاشتغال بالعلوم الدينية النافعة أولى ما صُرِفَتْ فيها فواضل الأوقات، وأحرى بأن يهجر لها الملاذُّ والشهوات».

‏📕 النكت: ٧١

💬 Хафиз ибн Хәжәр әл-Асқаләни (Алла оны рақымына алсын) айтты:

«Пайдалы діни ілімдермен шұғылдану - бос уақытты ең дұрыс пайдаланудың жолы. Сонымен қатар, бұл (яғни іліммен шұғылдану) ләззаттар мен құмарлықтарды тастап, олардан бас тартуға ең лайықты себеп».

📕 ән-Нукәт, 71


💬 قال الإمام الترمذي (رحمه الله):

‏«عبدالرحمن بن عُسَيلة الصُّنابحي: ليس له سماع من رسول الله -صلى الله عليه وسلم-، رَحَل إلى النبي -صلى الله عليه وسلم-، فقُبِض النبي -صلى الله عليه وسلم- وهو في الطريق».

‏📕 جامع الترمذي: ح٢

💬 Имам Тирмизи (Һ.279) (Алла оны рахымына алсын) айтты:

«Абдуррахман ибн Ғусәйлә әс-Сунәбихи (Алла оны рахымына алсын) Пайғамбарымыздан (Алланың оған игілігімен сәлемі болсын) тікелей хадис естімеді. Ол Пайғамбарымызға (Алланың оған игілігімен сәлемі болсын) қарай жолға шыққан еді, бірақ ол жетпей тұрып, Ардақты Пайғамбарымыз (Алланың оған игілігімен сәлемі болсын) дүниеден өткен болатын».

📕 Жәәмиғ әт-Тирмизи


💬 قال الحافظ ابن حجر (رحمه الله):

‏«لا شك أني في معظم عمري قائم بالذبّ عن حديث النبي -صلى الله عليه وسلم-، وفي خدمته، فنِسبَتي إليه بذلك صحيحة، وإن كنتُ مقصِّرا، وأرجو بذلك أن يحفظني ويكفيني سائر مهماتي».

‏📕 الجواهر والدرر: ٣/١٠٠٠

💬 Хафиз ибн Хәжәр әл-Асқаләни (һ.852) (Алла оны рақымына алсын) айтты:

«Күдіксіз өмірімнің көп бөлігін, Пайғамбарымыздың (Алланың оған игілігімен сәлемі болсын) хадистерін қорғауға және оған қызмет етуге арнадым. Сондықтан өзімді онымен байланыстыруымды жөнді санаймын, қанша жерден кемшіліктерім болса да. Осы себепті Аллаһ Тағаладан мені қорғауын және басқа да маңызды істерімде маған жеткілікті түрде жәрдем беруін тілеймін».

📕 әл-Жәуәһир әд-Дурар, 3/1000


💬 قال الإمام ابن معين (رحمه الله):

‏«أشتهي أن أقع على شيخ ثقة، عنده بيت مُلِىء بكتبٍ، أكتب عنه وحدي».

‏📕 سير أعلام النبلاء: ١١/٩٢

💬 Имам Яхья ибн Мәғин (һ.233) (Алла оны рақымына алсын) айтты:

«Сенімді бір ұстаз тауып, кітапқа толы үйінде жалғыз отырып одан ілім алуды қатты аңсаймын».

📕 Сияру Әғләм ән-Нубәлә, 11/92


💬 قال الشيخ عبدالفتاح أبو غدة:

‏«من المؤسف أنه قد انتشر في صفوف طلبة العلم اليوم: الكسل العقلي، وغلب عليهم إيثار الراحة والدَّعَة على الجدّ والدأب، وصارت الرفاهية وأنواع من الفضول مقصدا من مقاصد الحياة عندهم، وغدت المتع مطلبا من مطالبهم».

‏📕 قيمة الزمن عند العلماء: ١١٥

💬 Шейх Абдулфаттах Әбу Ғудда (Алла оны рахымына алсын) айтты:

«Өкінішке орай, бүгінгі күнде ілім ізденушілердің арасында ақыл-ой жалқаулығы кең тарады. Олар үшін еңбекқорлық пен табандылықтың орнын демалыс пен бейқамдық басып кетті. Жайлы өмір мен түрлі қажетсіз нәрселер олардың өмірлік мақсаттарының біріне айналып, ал ләззат пен рақат олардың басты талаптарының қатарына қосылды».

📕 Қиимат әз-Зәмән, 115


💬 Бұл Ибн Ражәб әл-Хәнбәлидің (Алла оны рахымына алсын) мақалаларын жинақтаған бір еңбек. Тахқиқ жұмыстарын Ұстазымыз Шейх Мужиир әл-Хатиб (Алла оны сақтасын) істеді.

20 ta oxirgi post ko‘rsatilgan.