Informburo_bilim - Білім саласы жаңалықтары


Kanal geosi va tili: Qozog‘iston, Qozoqcha


Білім саласының басты жаңалықтары біздің арнада
Біздің сайт: https://informburo.kz/kaz
Күннің басты жаңалықтары: t.me/informburo_kaz
Біздің арна орыс тілінде: t.me/informburo_kz

Связанные каналы

Kanal geosi va tili
Qozog‘iston, Qozoqcha
Statistika
Postlar filtri


👩‍💻🧑‍💻Биылғы түлектер Ұлттық бірыңғай тестілуден 5 рет өте алады

Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек мәлім етті.

«Өткен жылы Ғылым және жоғары білім министрлігі негізгі ҰБТ-ны екі рет тапсырып, үздік нәтижемен грант тағайындау конкурсына қатысу мүмкіндігін ресми түрде бекіткенін еске саламын. Егер ақылы негізде түсу үшін ҰБТ тапсырудың тағы үш мүмкіндігі (қаңтар, наурыз, тамыз) бар екенін ескеретін болсақ, онда 2024 жылғы талапкерлер тестілеуден бес рет өте алады», – дейді ол.


@informburo_bilim


Video oldindan ko‘rish uchun mavjud emas
Telegram'da ko‘rish
🗣TOU ғылымы: ЖОО ғалымдарв 956 миллмон теңге ұтып алды

⚜️Торайғыров университетінің ғалымдары 956 млн теңгеге гранттық қаржыландыру бағдарламасына қатысты.

ЖОО ғалымдары 2023 жылы 956 млн теңгеге гранттық қаржыландыру алды.

⏺Оның ішінде:
“Жас ғалым" бағдарламасы бойынша – 88 млн теңге;

⏺жас ғалымдар желісі бойынша – 72 млн теңге;

⏺зерттеудің басқа бағыттарына – 796 млн теңгеге жуық;

⏺сондай-ақ 42 келісімшарттық зерттеуге ие болды.

@informburo_bilim


🗣Ғылым министрлігі магистратура гранты иегерлерінің есімдерін жариялады

Мемлекеттік гранттар Республикалық комиссия отырысының қорытындысы бойынша тағайындалды.

Комиссия құрамында министрліктің, мүдделі мемлекеттік органдардың, бiлiм саласы кәсiподақтарының, ҚР Ұлттық кәсiпкерлер палатасы және қоғамдық ұйым өкілдері болды.

Білім беру гранттары кешенді тестілеу нәтижелері бойынша конкурстық негізде тағайындалды.

"Магистратура бойынша білім беру гранттарын тағайындау конкурсына ғылыми-педагогикалық бағыт бойынша 75 балдан, бейіндік бағыт бойынша 50 балдан жоғары жинаған оқуға түсушілер қатысты. Жалпы конкурсқа 1677 адам қатысты", – деп жазылған хабарламада.


Болашақ магистранттардың ЖЖОКБҰ-на қабылдау 2023 жылғы 26 желтоқсан мен 2024 жылғы 10 қаңтар аралығында жүргізіледі.

@informburo_bilim


Ақпарат

Астана қаласының Білім басқармасы деректері бойынша:
2023 жылғы 21 желтоқсан күні ауа райының қолайсыздығына байланысты екінші ауысымның 0-4 сынып оқушылары қашықтан оқыту форматына ауыстырылады.

@informburo_bilim


🗣19-23 желтоқсандағы ҰБТ-ға тегін дайындық сабақтарының кестесі

Сабақтарды оқу орталықтарының Youtube парақшасынан көруге болады.

Ұлттық тестілеу орталығы 11-16 желтоқсан аралығындағы ҰБТ-ға тегін дайындық сабақтарының кестесін жариялады.
Сабақтарды Qazbilim, Daryn online, Samga academy, Sabaq online, Geo online, Joo Online, Тарих мектебі, Onege school, Q-science education, Glucose biology, Moldir Adilkyzy, Физика мектебі, Easy bio, Akzhol education, Pro bio оқу мектептері өткізеді.

@informburo_bilim


Video oldindan ko‘rish uchun mavjud emas
Telegram'da ko‘rish
🇰🇿 Түркияның Хаджы Байрам Вели университеті, Чанаккале Онсекиз Март университеті және Польшаның Быдгощ экономикалық университетінде академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында оқып жатқан Жұбановшылар қазақ елін тәуелсіздік күнімен құттықтайды!

@informburo_bilim


🇰🇿🇷🇺Alikhan Bokeikhan University Иннополис университетімен және IT-технологияларды дамыту туралы келісімге қол қойды

⚜️ Абай облысының делегациясы құрамындағы Әлихан Бөкейхан университетінің басшылығы Татарстан Республикасына жасаған іс-сапары аясында Иннополис қаласына барды.

Иннополис – Қазан қаласы агломерациясы аумағында тұрғызылған заманауи қала. Онда Иннополис университеті мен «Иннополис» ерекше экономикалық аумағы бар. Мәскеу жанындағы Сколково және Новосібірдегі Кольцово аумақтарымен қатар, Ресейдегі IT технологияларды дамыту мақсатында тұрғызылған ғылыми-өндірістік аумақтардың бірі.

Сапар нәтижесінде Әлихан Бөкейхан университеті мен Abai IT-Valley Технокластері университеті Иннополис Университетімен ғылым мен IT технологияларды дамыту туралы келісімге қол қойды. Келісім бірлескен жобаларды жүзеге асыруды, жасанды интеллект пен робототехника саласындағы академиялық және ғылыми алмасуды, инновациялық аумақтарды құруда тәжірибесімен бөлісу ынтымақтастығын көздейді.

@informburo_bilim


📣11-16 желтоқсандағы ҰБТ-ға тегін дайындық сабақтарының кестесі

Сабақтарды оқу орталықтарының Youtube парақшасынан көруге болады.

Ұлттық тестілеу орталығы 11-16 желтоқсан аралығындағы ҰБТ-ға тегін дайындық сабақтарының кестесін жариялады.

Сабақтарды Qazbilim, Daryn online, Samga academy, Sabaq online, Geo online, Joo Online, Тарих мектебі, Onege school, Q-science education, Glucose biology, Moldir Adilkyzy, Физика мектебі, Easy bio, Akzhol education, Pro bio оқу мектептері өткізеді.

Оқу аталған оқу орталықтарының Youtube желісіндегі парақшасында ұйымдастырылады.

@informburo_bilim


📣12 желтоқсанда магистратураға құжат қабылдау басталады

Магистратураға түсушілер 3,8 мың мемлекеттік білім грантына үміткер бола алады.

Магистратураға түсу үшін грант конкурсына құжаттарды қабылдау 12-19 желтоқсан аралығында жүзеге асырылады, ал грант иегерлерінің тізімі 21 желтоқсаннан кейін жарияланады. Бұл туралы ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі хабарлады.

Магистратураға түсушілер 3,8 мың мемлекеттік білім грантына үміткер бола алады. Оның ішінде:

⏺ "Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары" даярлау бағытына 1758 грант
⏺"Жаратылыстану ғылымдары, математика және статистикаға" 569 грант
⏺ "Педагогикалық ғылымдарға" 469 грант
⏺"Ауыл шаруашылығы және биоресурстарға" 461 грант бөлінген.

Болашақ магистранттардың ЖЖОКБҰ-на қабылдау 2023 жылғы 26 желтоқсан мен 2024 жылғы 10 қаңтар аралығында жүргізіледі.

@informburo_bilim


🗣 Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев: Педагог даярлауға тапсырыс та талап та артты

🎓 Министрдің баяндауынша, қазіргі таңда колледждерде 80 мыңнан астам студент педагогикалық мамандықтар бойынша білім алуда. Оның 43 мыңы мемлекеттік тапсырыс бойынша.

Сондай-ақ, кадрларды оқыту және әдістемелік қамтамасыз ету сапасын арттыру мақсатында «Мұғалім» кәсіби стандарты бекітілді.

⏺Оның негізінде колледждер жұмыс берушілермен бірлесіп 554 білім беру бағдарламасын жаңартып, енгізуде.

⏺Қазірдің өзінде 6 мыңнан астам мұғалім біліктілігін арттырды.

@informburo_bilim


Педагог мамандарды даярлау

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбектің баяндауынша⤵️


👨‍🎓Бүгінде елімізде 49 жоғары оқу орнының педагогикалық бағыттағы лицензиялары бар, олардың жалпы саны 186 мыңнан астам адам оқиды.

📌Мемлекет басшысының тапсырмаларын жүзеге асыру аясында Педагогикалық жоғары оқу орындарын аккредиттеу стандарты мен 2029 жылға дейінгі жоғары білім мен ғылымды дамыту тұжырымдамасы бекітілді.

🟢Педагогикалық бағыттар бойынша гранттар саны соңғы жылдары бірнеше есе өсіп, 15 923 бірлікке жетті. Олардың құны екі есеге өсті.

🟢Студенттік шәкіртақы да өсті.

🟢Сонымен қатар мұғалімдік мамандықтарға қабылдау талаптары күшейтілді.

📚Педагогикалық жоғары оқу орындарының білім беру бағдарламаларын жаңарту бойынша жұмыс жалғасуда, бүгінгі күні оның 72%-ы жаңартылды.

📌Жалпы, осы және басқа да жүргізіліп жатқан өзгерістер педагогикалық кадрларды даярлау сапасын арттыруға және олардың заман талабына бейімделуіне бағытталған.

📱 @informburo_bilim


Қазақстанда магистратураға түсу үшін кешенді тестілеу басталды

Тестілеуге 8 мыңнан аса өтініш қабылданған.

Ең көп таңдалған бағыттар – «Педагогикалық ғылымдар», «Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары» және «Жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика».

Шекті балл өзгеріссіз қалды. Магистратураға түсетіндер 3,8 мың грантқа үміткер бола алады.

Емтихан 8 желтоқсанға дейін жалғасады, деп хабарлады Ұлттық тестілеу орталығы.

@informburo_bilim


🇰🇿 Бүгін докторантураға түсу емтихандары басталды

⚜️28 қарашадан бастап докторантураға түсу емтихандары басталды. Емтиханды тапсыруға өтініш қабылдау 25 қазан мен 10 қараша аралығында ҚР ҒЖБМ Ұлттық тестілеу орталығының app.testcenter.kz сайтында жүзеге асырылды.

Докторантураға түсу емтихандарына 1060 адам қатысады. Емтихан бүгін басталып, 2 желтоқсанға дейін жалғасады.

«Түсу емтиханына эссе жазу, докторантураға дайындық тесті және білім беру бағдарламасы тобының бейіні бойынша емтихан кіреді. Жалпы, түсу емтиханының ең жоғары көрсеткіші 100 балл, оның ішінде әңгімелесу – 20 балл, эссе – 10 балл, докторантурада оқуға дайындығын анықтауға арналған тест – 30 балл, бейіні бойынша емтихан сұрақтары – 40 балды құрайды. Ал мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша конкурсқа қатысу үшін және ақылы негізде докторантураға түсу үшін шекті балл 75 балды құрайды», - деп атап өтті Ұлттық тестілеу орталығының директоры Руслан Емелбаев.


@informburo_bilim


🇰🇿 Ғалымдарға жобаларын коммерцияландыруға «JANA ASU» гранты табысталды

⚜️ Еуразия ұлттық университеті жыл сайынғы «JANA ASU» грант байқауының қорытындысын шығарды. 11 ғалым сәулет, медицина, ауыл шаруашылығы, ІТ-технологиялар және экология саласындағы инновациялық әзірлемелерін коммерцияландыруға қаржылай гранттар иеленді.

ЕҰУ ғылыми жұмыс нәтижелерін коммерцияландыруды қолдау үшін «JANA ASU» гранттарын бөледі. Биыл ашық байқауға ЖОО ғалымдары өздерінің 50 жобасын жолдаған.

@informburo_bilim


🇰🇿🇧🇭 ҚАЗҰУ Студенттері Бахрейнге жолдама ұтып алды

⚜️ Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар (АКТ) саласындағы Республикалық 2023-2024 жылғы маусымға арналған Huawei ICT Competition АКТ байқауының ұлттық финалы өтті. Аталған байқауда ҚазҰУ-дың физика-техникалық факультетінің студенттері желілік технологиялар мен инженерия саласындағы өз біліктіліктерін растап, Network Track трек бойынша үздік ондыққа енді.

Жарысқа еліміздің жоғары оқу орындарынан 150-ден астам талантты студент жастар қатысты. Олар сайыста өз шеберліктері мен бар білімдерін көрсетіп, үздік атақ үшін бақ сынасты. Таланттар экожүйесін дамытудың тетігі саналатын байқау кезекті рет жастардың мүмкіндігі мен әлеуетін арттыруға жол ашатынын дәлелдеді.

Байқау нәтижесінде ҚазҰУ-дың физика-техникалық факультетінің студенттер командасы Network Track бағыты бойынша үздік ондыққа еніп, желілік технологиялар және желілік инженерия саласында жоғары нәтиже көрсетті.

@informburo_bilim


Video oldindan ko‘rish uchun mavjud emas
Telegram'da ko‘rish
🇰🇿 ҚР білім берудің қолжетімділігі мен сапасы туралы "Хабар 24" телеарнасындағы "Күн тәртібі" бағдарламасында талқыланды

@informburo_bilim


🇰🇿 ҰБТ-ға дайындалуға арналған тегін байқау сынақтары іске қосылды

⚜️ ҚР ҒЖБМ Ұлттық тестілеу орталығы Ұлттық бірыңғай тестілеуге дайындалуға арналған тегін байқау сынақтарын іске қосты. Тестілеу онлайн форматта орталықтың сайтында жүзеге асырылады.

Байқау сынағы оқуға түсушілерге ҰБТ-ға дайындалуға көмек ретінде әзірленді. Талапкерлерге ҰТО сайтында https://prob-ent.testcenter.kz/ сілтемесі бойынша тегін онлайн тестілеуден өту мүмкіндігі беріледі. Ол үшін тестіленушілерге тек ЖСН теріп, бейіндік пәндердің комбинациясын таңдап, байқау сынағына кірісу қажет.

@informburo_bilim


Video oldindan ko‘rish uchun mavjud emas
Telegram'da ko‘rish
🇰🇿 Auezov University-де Академик Мұрат Жұрынов атындағы аудитория ашылды

⚜️ Сондай-ақ, мереке аясында университет түлегі, меценат Серікжан Сейітжанов атындағы аудиторияның ашылуы өтті. Университеттің ғылыми әлеуетін одан әрі нығайтуға жаңа серпін беретін 4 ғылыми зертхана пайдалануға берілді.

«ҚР Ұлттық Ғылым академиясының академигі Мұрат Жұрынұлы Жұрынов атындағы аудиторияда шетелдік ғалымдар мен профессорлардың дәрістері, сабақтары, кездесулері өтеді. Мұрат Жұрынұлы Сізге Қазақстан ғылымына қосқан баға жетпес үлесіңіз үшін зор алғысымызды білдіреміз. Қазір сіздің жолыңызды жалғастыратын химиктер, ғалымдар ұрпағы өсіп келеді. Біздің университет ғылыми қызметті дамытуға үлкен күш салуда», - деп атап өтті Auezov University ректоры Дария Қожамжарова.


Сонымен қатар, жаңа зертханалар жастарды студенттік ғылымға ынталандыру және тарту үшін ашық. Зертханалар заманауи жабдықтармен, тиімді технологиялармен жабдықталған, оларда студенттерді жайлы оқыту үшін барлық қауіпсіздік шаралары сақталған.

@informburo_bilim


Video oldindan ko‘rish uchun mavjud emas
Telegram'da ko‘rish
⚜️ Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Auezov University-не «зерттеу университеті» мәртебесі берілді.

Бұл туралы ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек жоғары оқу орнының 80 жылдық мерейтойында хабарлады.

Бүгінгі таңда Auezov University академиялық және ғылыми қызметте тамаша нәтижелер көрсетуде. Соңғы төрт жылда университет ғалымдары химиялық технология, құрылыс, фуд-инжиниринг, био және нанотехнология және т. б. салаларда бес миллиард теңгеден астам гранттық жобалар мен бағдарламаларды орындады.
 
«80 жылдық мерейтой біз үшін мерекелік іс-шара ғана емес, сонымен қатар бүгінгі күннің шындығын бағалау мен университеттің даму болашағын терең талдау. Бүгінгі таңда Әуезов университеті қарқынды дамып, стратегиялық серіктестікті қарқынды дамытуда», - деп атап өтті М.Әуезов атындағы ОҚУ ректоры Дария Қожамжарова.


ЖОО арқасында өңірге бір миллиард теңгеден астам сомаға Инвестициялар түріндегі коммерцияландыру жүргізілген.

@informburo_bilim


Video oldindan ko‘rish uchun mavjud emas
Telegram'da ko‘rish
🇰🇿 Саясат Нұрбек Қазақстанның студенттік омбудсмендерімен кездесті

⚜️ Халықаралық Студенттер күні қарсаңында Cәтбаев Университетінде ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек пен министрлік жанындағы Жастар ісі жөніндегі кеңес өкілдерінің кездесуі өтті. Ресми және шығармашылық бөлімдерге бөлінген кездесу аталмыш Кеңестің ІІІ отырысы аясында өтіп, кең бағдарламаны қамтыды.

Кездесуге Республикалық студенттер кеңесінің мүшелері, Қазақстан студенттері альянсының аймақтық төрағалары, студенттік өзін-өзі басқару ұйымдарының белсенді студенттері және аймақтық студенттік омбудсмендер қатысты.

Кездесу барысында министр белсенді жастар мен студенттердің құқығын қорғау жөніндегі омбудсмендердің алдында сөз сөйлеп, студенттік кезең – нағыз тамаша уақыт екенін атап өтті, өйткені дәл осы кезеңде жастар оқуда, ғылымда, қоғамдық өмірде және стартапта да өз-өзінің потенциалын жүзеге асыра алады.

«Құрметті студенттер, бүгін сіздерде өз-өздеріңізді жан-жақты дамыту үшін барлық ресурстар мен мүмкіндіктер бар. Біздің жастар өте шығармашыл, талантты, білімді екенін айта кету керек. Сол білімді дұрыс жолға бағыттап, одан ақпараттық әрі сапалы контент жасау керек. Соңғы жылдары қазақстандық жас ғалымдар тамаша ғылыми жетістіктерге қол жеткізіп, өмірдің әртүрлі салаларында жаңалықтар ашты. Біздің міндетіміз – сіздерге, студенттерге өз әлеуеттеріңізді іске асыруға, бойдағы таланттарыңыз бен шыққан ғылыми нәтижелерді қалың жұртшылыққа таныстыруға барынша жағдай жасау»,

- деді Саясат Нұрбек.

Кеңес отырысының ресми бөлігі кезінде ведомство басшысы өңірлік омбудсмендерге алғыс хаттар табыстап, жастар саясаты бағытында атқарылып жатқан жұмыстарға ризашылығын білдірді.

@informburo_bilim

20 ta oxirgi post ko‘rsatilgan.

243

obunachilar
Kanal statistikasi