Мына ақылды қызды қараңыздаршы:) Дәрігер әкесімен бірге "Бірінші арнаның" "Давай поженимся" xабарына барған 12 жасар Анастасия "жүргізуші Гузеева ар-намысымызға тиіп, сөзімді бей-берекет бөлді, xабарды бұрмалай монтаждап, мені қаралады" деп "телеарнадағы қысымға қарсы" кампания бастап жатыр екен. Гузеевадан комментарий алған журналиске Анна Немцоваға Лариса "кішкентай қыз атымды пайдаланып атақты болғысы келсе, оған уақытым жоқ" деп жауап беріпті. Осылай:) Біздің арналардың азшылықтарға я қыз-келіншектерге қатысты нәзік тақырыптарын ара-тұра талқылап қоятын тоқ-шоуларын көріп отырсаң жүргізушінің қонақтармен қоса кейіпкерге шүйлігіп, шоқып отырғаны бірден байқалады. Олардың "базары" әлгілер көзқарасын өзгерткенде я азаматтық қоғамның Анастасия секілді өкілдері саналарын мәжбүрлі түрде "жаңғыртқанда" бір-ақ тарқар:)
Мақала: https://amp.thedailybeast.com/12-year-old-girl-gives-the-cruel-russian-version-of-the-bachelor-a-dose-of-her-own-feminist-reality
Мақала: https://amp.thedailybeast.com/12-year-old-girl-gives-the-cruel-russian-version-of-the-bachelor-a-dose-of-her-own-feminist-reality