Jusan Инвестициялары


Kanal geosi va tili: Qozog‘iston, Qozoqcha


Онлайн-брокер

Связанные каналы

Kanal geosi va tili
Qozog‘iston, Qozoqcha
Statistika
Postlar filtri


НАРЫҚ ФРЖ ОТЫРЫСЫНА ЖАҚЫНДАДЫ

🌺Құрметті оқырмандар, келе жатқан Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!

Кеше АҚШ-тың ең ірі S&P 500 және NASDAQ индекстері позитивті динамиканы жалғастырып, 0,6 және 0,4%-ға өсті.

☺️Нарықтың өсуіне себеп факторлар:
• Нарық ФРЖ отырысына жақындап қалды. Дегенмен инвесторлар позитив сақтап отыр.
• Сондай-ақ, нарыққа АҚШ-тың 20 жылдық мемлекеттік облигациялары бойынша сәтті өткен аукцион нәтижелері ұнады.
• Кешегі АҚШ құрылыс нарығы бойынша жаңа деректер және Канаданың инфляция туралы есебі позитивті шықты.
• Қытай шенеунігі Ван И Аустралияға іс-сапармен барды. Екі ел арасындағы қарым-қатынастың дамуына әсер етеуі мүмкін.

❗️Бүгін нарық төмендеуіне себеп болатын айтарлықтай факторлар жоқ.

🟢Инвеcторлар үшін бүгінгі ең маңызды оқиғалар:
🇺🇸ФРЖ отырысының нәтижелері.
🇬🇧 Британияның инфляция жайындағы есебі.

Қор нарығына қатысты бүгінгі инвест идеялар мен өзге де мәліметтерді осы посттың астына коммент ретінде жариялап отырамыз.
#таңғышолу

Jusan Invest


💡NVIDIA ЖАҢА AI ЧИП ҰСЫНДЫ

Кеше АҚШ-тың ең ірі S&P 500 және NASDAQ индекстері корпоративтік жаңалықтардың қолдауымен 0,6 және 0,8%-ға өсті.

☺️Нарықтың өсуіне себеп факторлар:
• Кеше Nvidia басшысы жаңа Blackwell AI-чипін ұсынды. Сонымен қатар, Apple Google-дың AI моделін iPhone-ға интеграциялауды жоспарлап отырғанын айтты.

😬Нарықтың төмендеуіне себеп факторлар:
• Жапония Банкі монетарлық саясатын өзгертуге шешім қабылдады. Айта кетсек, реттеуші ұйым теріс пайыздық мөлшерлемеден бас тартуы мүмкін.

🟢Инвеcторлар үшін бүгінгі ең маңызды оқиғалар:
🇺🇸 АҚШ-тың құрылыс нарығы бойынша жаңа мәліметтер.
🇨🇦 Канаданың инфляция жайындағы есебі.

Қор нарығына қатысты бүгінгі инвест идеялар мен өзге де мәліметтерді осы посттың астына коммент ретінде жариялап отырамыз.
#таңғышолу

Jusan Invest


АҚШ АКЦИЯЛАРЫ АПТАНЫ ТӨМЕН НӘТИЖЕЛЕРМЕН БАСТАДЫ

ФРЖ осы аптадағы отырыста монетарлық политикаға қатысты көзғарасы өзгермейді деген үреймен, жұма күні S&P 500 және NASDAQ индекстері 0,7 және 1,0%-ға төмендеді.

😬Нарықтың төмендеуіне себеп факторлар:
• АҚШ-тың өндіріс статистикасы нарыққа айтарлықтай әсер етпеді. Дегенмен, негатив аспекттер көбірек болды.
• Мичиган университеті тұтынушылардың көңіл-күй индексі қайтадан бәсеңдеді. Ал бір және бес жылда күтетін ықтимал инфляция көрсеткіштері де өзгеріссіз қалды.

☺️Нарықтың өсуіне себеп факторлар:
• Бүгін Қытайдың өндіріс, сауда және еңбек нарығы бойынша статистикасы аралас шықты. Дегенмен, кейбір мәліметтер инвесторларға ұнады.

🇷🇺 Владимир Путин Ресей президентінің сайлауында жеңіске жетті.

🟢Инвеcторлар үшін осы аптаның ең маңызды оқиғалары:
🇺🇸 ФРЖ отырысының нәтижелері, еңбек нарығы бойынша апталық деректер, құрылыс нарығы бойынша жаңа мәліметтер;
🌍Англия Банкі және Жапония Банкі отырысының нәтижелері, Британия, Канада және Жапонияның инфляция туралы есебі, дамыған елдердің өндіріс және сервистік PMI көрсеткіштері.

Қор нарығына қатысты бүгінгі инвест идеялар мен өзге де мәліметтерді осы посттың астына коммент ретінде жариялап отырамыз.
#таңғышолу

Jusan Invest


💸BI-DEVELOPMENT ОБЛИГАЦИЯЛАРЫ

Қазақстандағы ең танымал брендтердің бірі BI Group АҚШ долларында жылдық +8% облигациялар шығарады. Сенімді әрі белгілі компания арқылы табыс табуды ойластырып жүрсеңіз, бұл сіздің көңіліңізден шығатын ұсыныс болуы мүмкін.

🔖Облигация параметрі:

• Кіріс: жылдық +8%
• Валюта: АҚШ доллары
• Ең төменгі сома: 100 доллар
• Купон: 6 айда бір рет төленеді
• Мерзімі: 2 жыл
• Уақыты: 19 наурыз 2024 жыл
• Биржа: AIX

💰Қалай сатып аламыз?
Облигацияларды сатып алу үшін Jusan қосымшасындағы Инвестициялар бөліміне өтіп, "BI" баннерін басыңыз.

Jusan Invest


📱TIKTOK БАЙЛАНЫСТЫ ХАЙП КҮШЕЙІП ЖАТЫР

К
ешегі статистиканың буымен АҚШ-тың екі ең маңызды индексі мен алтын төмендеп, доллар индексі және бондтар кірісі өсті.

😬Нарықтың төмендеуіне себеп факторлар:
• Кешегі АҚШ бойынша үш маңызды есеп инфляция тұрғысынан негатив шықты. Айта кетсек, өндірушілер баға индексі, бөлшек сауда және жұмыссыздық бойынша жәрдемақы алу туралы өтініштер жайындағы есептер инвесторларға ұнамады.
• Тикток дауы күшейіп келеді: CNBC әлеуметтік желіні сатып алу үшін инвесторлар тобын жинап жатыр деген сыбыс тарады. Ал Қытай өз құқықтары мен мүдделерін қорғау үшін бүкіл шараны қолданатынын айтты.

☺️Нарықтың өсуіне себеп факторлар:
• Қытайдың тұрғын үй бағасы туралы статистикасы нарықа ұнады. Қытай экономикасының күйін ескере отырсақ, бұл жағымды ақпарат.

🟢Инвеcторлар үшін бүгінгі ең маңызды оқиғалар:
🇺🇸 АҚШ өндіріс статистикасы, Мичиган Университетінің үй шаруашылығындағы сентимент туралы деректер.
🇨🇳 Қытай несиелерге қатысты жаңа мәліметтер жариялайды.

Қор нарығына қатысты бүгінгі инвест идеялар мен өзге де мәліметтерді осы посттың астына коммент ретінде жариялап отырамыз.
#таңғышолу

Jusan Invest


📱АҚШ TIKTOK ЖҰМЫСЫНА ТЫЙЫМ САЛМАҚШЫ

К
еше АҚШ-тың ең ірі S&P 500 және NASDAQ индекстері негатив динамика көрсетті.

😬Нарықтың төмендеуіне себеп факторлар:
• АҚШ конгрессінің өкілдер палатасы TikTok қосымшасын шектеу туралы заң жобасын мақұлдады. TikTok-қа тыйым салу немесе сату Қытай билігіне ұнамауы айдан анық және екі ел арасындағы қарым-қатынасына іріткі салуы мүмкін.
• Нырық мұнай бағасы көтерілгеніне назар аударды. Бұған себеп ретінде Украинаның Ресей мұнай өңдеу зауыттарына шабуылы және АҚШ-тағы шикі мұнай мен бензин қорларының күрт азайғанын айтуға болады.

☺️Нарықтың өсуіне себеп факторлар:
• Қытай осы жылы елдің экономикалық өсімін 5% деңгейіне жеткізу мақсатында фирмаларға қаржы бөлу бағдарламасын еңгізуді қолға алмақ. Ол бағдарлама ескі құрал-жабдықтар мен тауарларды ауыстыруға көмектеседі.

💸 Биткоин $73000-дан жоғары өсіп, 6 күн ішінде 4 рет рекорд жаңартты!

🟢Инвеcторлар үшін бүгінгі ең маңызды оқиғалар:
🇺🇸 АҚШ бойынша B2B инфляциясы, бөлшек сауда және апталық жұмыссыздық бойынша жәрдемақы алу туралы өтініштер жайлы деректер шығады.

Қор нарығына қатысты бүгінгі инвест идеялар мен өзге де мәліметтерді осы посттың астына коммент ретінде жариялап отырамыз.
#таңғышолу

Jusan Invest


💸10000 ТЕҢГЕГЕ НЕ ІСТЕУГЕ БОЛАДЫ?
#кеңес

“Инвестиция жасау үшін ең керемет уақыты кеше еді, ал одан да қолайлы кезең - бүгін” деген Питер Линчтің сөзі бар. Егер сіз қолыңыздағы 10 мың теңге болашақта үлкен сомаға айналғанын қаласаңыз, қазірден бастап қор нарығына назар салыңыз. Ал біз сізге ол ақшаға не алуға болатынын айтамыз.

🗝BI Group облигациялары - 10 000 теңге
*
Егер сіз ақшаңызды тек жергілікті нарыққа салатын “патриот инвестор” болғыңыз келсе және өзіңіз білетін компанияларды қарастырсаңыз, BI облигациялары сіз іздеп, таппай жүрген бағалы қағаз болуы мүмкін:
1) танымал ірі бренд; 2) компания қалай жұмыс істейтіні түсінікті (құрылыс саласы);
3) +20% пайда табу мүмкіндігі бар және жылына екі рет купон төлейді.

BI облигацияларын сатып алу үшін Jusan қосымшасының Инвестициялар бөліміне өтіңіз немесе мына сілтемені басыңыз.

✈️Air Astana акциялары - 1085 теңге*
Жақында ғана IPO жасап, қор нарығына енді келген компаниялардың бірі. Орта Азия мен Кавказ аймағындағы ең ірі әуе компания. IPO-ға шыққан кезде бір акция құны 1073,83 теңге еді. 12.03.2024 жағдай бойынша, 1085 теңгеден бағаланып тұр. Егер IPO-ға қатысуға үлгермей қалсаңыз, бұл сіз үшін қолайлы қағаз болуы мүмкін. 10 мың теңгеге шамамен 10 акциясын аласыз.

👨‍💼Портфель құруды үйренесіз
Әдетте инвестицияны аз сомадан бастап, нарық ережелерімен таныса бастаған соң бюджетті арттыру мүмкіндігі бар. Мысалы, 10 мың теңгеге әр түрлі сектордан бірнеше акция алуға болады. Қазақстан нарығында қаржы секторынан Халық банк, ал байланыс саласынан Kcell және электр энергетикасынан былтыр SPO жасаған KEGOC акцияларын алып, оған қоса түрлі Пай қорларынан кәдімгідей портфель құрасыз.

Сондай-ақ, бұл компаниялар дивиденд төлейтінін ескерсек, оны реинвестиция жасауға да болады. Яғни, 10 мың теңгемен миллионер болып кетпесеңіз де, қор нарығында миллионнан да артық тәжірибе жинауыңыз мүмкін.

Jusan Invest арқылы өзіңіз қалаған компанияға инвестиция жасап, табыс табыңыз.

Jusan Invest


🇺🇸АҚШ ИНФЛЯЦИЯСЫ ТУРАЛЫ ДЕРЕКТЕР НЕГАТИВ ШЫҚҚАНЫНА ҚАРАМАЙ АКЦИЯЛАР ӨСІП ЖАТЫР

Кеше S&P 500 және NASDAQ индекстеріне АҚШ-тың инфляция көрсеткіші әсер етпеді. Индекстер 1,1% және 1,5%-ға өсті. Оған қоса, алтын бағасы да күн санап артып келеді.

☺️Нарықтың өсуіне себеп факторлар:
• Кешегі инфляция деректері нарыққа айтарлықтай әсер етпей, керісінше акциялар өсті. Себебі ФРЖ негізгі мөлшерлемені биыл бірінші рет тек маусым айында ғана төмендетуі мүмкін деген болжам әлі де өз күшінде.

😬Нарықтың төмендеуіне себеп факторлар:
• Morgan Stanley басшысы Уилсон S&P 500 жылдың соңына дейін 4500 тармаққа төмендейді деген болжамын қайталады. Сондай-ақ әрі қарай өсуіне ешқандай себеп жоқ деген пікір айтты.
• Southwest Airlines компаниясы Boeing ұшақ жасау көлемін азайтуына байланысты рейстер санын қысқартуды жоспарлап отыр. Сарапшылар Boeing проблемалары бүкіл авиация саласына кері әсер етіп тұр деп мәлімдеді.

📱TikTok компаниясының бас директоры әлеуметтік желіні сатуға немесе АҚШ-та тыйым салуға алып келетін заң жобасына қарсы тұру үшін АҚШ Конгресіне барады.

🟢Инвеcторлар үшін бүгінгі ең маңызды оқиғалар:
- Ұлыбританияның қаңтар айындағы өндіріс деректері шығады.

Қор нарығына қатысты бүгінгі инвест идеялар мен өзге де мәліметтерді осы посттың астына коммент ретінде жариялап отырамыз.
#таңғышолу

Jusan Invest


🇺🇿ТОП-3 ХАЛАЛ ETF
#топтама

Әдетте Рамазан айы басталғалы халал инвестицияға деген сұраныс артады. Бүгінгі постта шариғат талаптарын қатаң түрде сақтайтын ETF туралы айтамыз.

ETF деген не?
Exchange-Traded Funds (ETF) - акция сияқты биржада саудаланатын инвестиция өнімі. ETF түрлі инвесторлар активін бір жерге жинап, оларды акция, облигация, тауар немесе көптеген индекстерге инвестициялайды. Ол портфельді әртараптандыру қызметін ұсынып, кез келген уақытта биржада акцияларды сатып алуға және сату мүмкіндік береді.

Wahed FTSE USA Sharia ETF
А
нықтама: 'HLAL АҚШ-тың шариғатқа сәйкес акцияларына инвестициялайды.
Тикер: HLAL
Құрамы: Технология (53,3%), Денсаулық сақтау (15,3%), Энергетика (7%)
1 жылда қанша % өсті: 32,03%
Дивиденд кірісі: 0,69%

S&P 500 Sharia Industry Exclusions ETF
Анықтама: SPUS шариғат талаптарына сәйкес келетін S&P 500 акцияларының нарықтық капиталының өлшенген индексін бақылайды.
Тикер: SPUS
Құрамы: 'Технология (56,7%), Денсаулық сақтау (12,5%), Энергетика (4,1%)
1 жылда қанша % өсті: 40,29%
Дивиденд кірісі: 0,81%

SP Funds S&P Global REIT Sharia ETF
Анықтама: SPRE шариғатқа сәйкес келетін жаһандық REIT-тердің нарықтық капиталы бойынша өлшенген индексін бақылайды.
Тикер: SPRE
Құрамы: Жылжымайтын мүлік
1 жылда қанша % өсті: 11,61%
Дивиденд кірісі: 4,12

Jusan Invest арқылы халал бағалы қағаздарға инвестиция жасаңыз!

Jusan Invest


💸БИТКОИН ТАРИХИ МАКСИМУМҒА ЖЕТТІ: 72 МЫҢ ДОЛЛАР

Биткоин өскенімен S&P 500 және NASDAQ индекстері негатив динамиканы жалғастырып, 0,1% және 0,4%-ға төмендеді.

😬Нарықтың төмендеуіне себеп факторлар:
• Нью-Йорк ФРБ есебіне сәйкес алдағы 3 және 5 жылға арналған инфляция болжамы өсті. Инфляцияның өсу ықтималы инвесторлар үшін негатив хабар.
• АҚШ-тың инфляция туралы есебі қарсаңында, сарапшылар нарықтағы көрсеткіштер өсуі мүмкін деген болжам айтты.
• Қытай АҚШ-тан келетін астық өнімдеріннің көп бөлігінен бас тартты. Бұл ақпарат екі ел арасындағы қарым қатынасқа кері әсер етуі мүмкін.

☺️Нарықтың өсуіне себеп факторлар:
• Жапония 4-тоқсандағы жалпы ішкі өнім өсімі туралы есебін жариялады. Оған сәйкес Жапонияда әлі ресми түрде рецессия басталған жоқ!

💸Биткоин $72000-дан жоғары асты

🟢Инвеcторлар үшін бүгінгі ең маңызды оқиғалар:
- АҚШ инфляция туралы есебін жариялайды.
- Қытай несиелер туралы мәліметтерін шығарады.

Қор нарығына қатысты бүгінгі инвест идеялар және өзге де мәліметтерді осы посттың астына коммент ретінде жариялап отырамыз.
#таңғышолу

Jusan Invest


🇨🇳ҚЫТАЙДА ИНФЛЯЦИЯ ӨСІП ЖАТЫР

🇺🇿Бүгін басталған Рамазан айы баршаңызға құтты болсын! Осы айда каналымызда Халал инвестиция тақырыбына қатысты көптеген посттар ұсынамыз.

Өткен аптаның соңғы күнінде S&P 500 және NASDAQ индекстері 0,7 және 1,2%-ға төмендеді.

😬Нарықтың төмендеуіне себеп факторлар:• АҚШ-тың еңбек нарығы бойынша толық есебі шығып, нарықты барынша қарапайым айтсақ, "әуреге салып қойды". Жұмыссыздық деңгейі өскенімен, жаңа жұмыс орындар көлемі де артып жатқанын көрдік.
• АҚШ қазынашылығының (біздің тілмен айтқанда Қаржы министрлігі) бұрынғы басшысы Лоуренс "ФРЖ биыл негізгі мөлшерлемені төмендетпеу ықтималы күшейгенін" мәлімдеді.

☺️Нарықтың өсуіне себеп факторлар:
• Ақпан деректері Қытайда алты айдан кейін алғаш рет инфляция өскенін көрсетті. Инфляцияның өсуі Қытай экономикасы үшін жағымды жаңалық. Оған қоса, Қытай акцияларын сатып алған инвесторлар да бұл мәліметті аса қуанышпен қарсы алды.
• Еуро Одаққа кірмейтін Еуропаның төрт елі Үндістанмен еркін сауда туралы келісімге қол қойды. Олардың қатарында Швейцария, Норвегия, Исландия және Лихтенштейн бар.

🟢Инвеcторлар үшін осы аптаның ең маңызды оқиғалары:
-АҚШ-тың В2С және В2В инфляциясы туралы есептер, ФРБ Нью-Йорк және Мичиган Университеті ұсынатын ықтимал инфляция жайындағы мәліметтер, бөлшек сауда және өндіріс статистикасы, жұмыссыздық бойынша апталық есебі;
-Қытай бойынша берілген несиелер мен тұрғын үй бағасы жайындағы мәліметтер шығады.

Қор нарығына қатысты бүгінгі инвест идеялар және өзге де мәліметтерді осы посттың астына коммент ретінде жариялап отырамыз
#таңғышолу

Jusan Invest


🔔ФРЖ ТӨРАҒАСЫНЫҢ КОНГРЕСТЕГІ ҮНДЕУІН НАРЫҚ ЖЫЛЫ ҚАБЫЛДАДЫ

Кеше АҚШ-тың ең ірі S&P 500 және NASDAQ индекстері 0,5 және 0,6%-ға өсті.

☺️Нарықтың өсуіне себеп факторлар:
• ФРЖ басшысы Пауэлл Конгрестегі үндеуінде негізгі мөлшерлеме қазіргі уақытта өз шыңына жеткен болуы мүмкін деп айтты. Мұны инвесторлар зор қуанышпен қарсы алды.
• Кешегі бос жұмыс орындар саны туралы статистика еңбек нарығының әлсірегенін көрсетті. Инфляция тұрғысынан еңбек нарығының баяулауы позитив жағдай деп қабылдауға болады.
• Қытайда ақпан айының нәтижесіне сәйкес, экспорт пен импорт ақпан айында өскен.

😬Нарықтың төмендеуіне себеп факторлар:
• Нарықта АҚШ қаржы секторы ауқымды дағдарыс тудыруы мүмкін деген спекуляциялар көбейді. Кеше New York Community Bancorp акциялары қайтадан төмендеді!
• Сарапшылар Қытай экономикасына әлі де күмәнмен қарап отыр. Аспан асты елінің осы жылғы жалпы ішкі өнімнің орташа өсімі болжамға сәйкес 4,6%-ды құрайды, бұл үкімет үмітті 5% болжамынан төмен.

🟢Инвеcторлар үшін бүгінгі күннің ең маңызды оқиғалары:
🚨ФРЖ басшысының АҚШ Конгрессінде үндеу жасайтын екінші күні;
Америкалықтардың жұмыссыздық бойынша жәрдемақы алу өтініштері туралы есебі
;
ЕОБ отырысының нәтижелері.

Қор нарығына қатысты бүгінгі инвест идеялар және өзге де мәліметтерді осы посттың астына коммент ретінде жариялап отырамыз

Бүгін осы посттың алдағы уақытта дивиденд төлейтін компаниялар күнтізбесін жариялаймыз⬇️
#таңғышолу

Jusan Invest


💐Халықаралық әйелдер күні құтты болсын!💐

Құрметті клиенттер, компаниямыздың атынан сіздерді көктемнің ең керемет мерекесі - Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтағымыз келеді!

Сіздерге позитив эмоция және әр күніңізден ләззат алуыңызға тілектеспіз. Жүзіңізден күлкі, жүрегіңізден жылулық кетпесін.

Ізгі ниетпен,
Jusan Invest🧡


🇰🇿ҚАЗАҚСТАНДА ҚАЙДА ИНВЕСТИЦИЯЛАУҒА БОЛАДЫ?

💡Қазақстандықтар үшін жергілікті компанияларға инвестиция жасап, ақша тапқан тиімді. Біріншіден, салық төлемейсіз, екіншіден ол компаниялардың бәрін жақсы танисыз. Ал Уоррен Баффетт үнемі айтып жүрген "тек өзің қызметін тұтынатын компания акциясын ал" дейтін пікіріне құлақ ассақ, кем болмайсыз деп үміттенеміз.

🔘Kaspi – «$85,7 / 38600 тг / Бейтарап».Kaspi.kz 2023 жылдың 4-тоқсаны және жалпы 2023 жылдың операциялық және қаржы нәтижелерінің есебі дәстүрлі түрде біз болжағаннан да мықты көрсеткішпен шықты. "Енді не істейік? Kaspi акциясын сатып алайық па?" деген көптеген оқырмандарымызға "Бейтарап" позицияын сақтауды ұсынамыз.

ҚазМұнайГаз – «12747 тг / Бейтарап».
ҚазМұнайГаз-дың 28 ақпанда жариялаған операциялық есебі аралас шықты. Соның ішінде 2023 жылы мұнай мен газ конденсатының өндірісі өскенімен, өңдеу көлемі төмендеді. Мұның да рейтингін "Бейтарап" күйінде қалдырдық.

👍ҚазАтомӨнеркәсіп – «$62,4 / 28706 тг / Сатып алу».ҚазАтомӨнеркәсіп 2 ақпанда жариялаған соңғы қаржы есебін ең алдымен өндірістегі тәуекелдерге байланысты фундаментал түрде негативті деп бағаладық. Бірақ біздің сарапшылар бұл компанияға "Сатып алу" рейтингісін берді.

🔟Halyk Bank – «$26,0 / 293 тг / Сатып алу».
Халық Банктің 2023 жылдың 9 айына қатысты қаржы есебі аралас шықты. Дегенмен акциялар бойынша "Сатып алу" рейтингі сақталды. Сондай-ақ, компания 2023 жылдың толық қаржылық есебін 15 наурызда жариялайтынын хабарлады. Қалай шығатынын Наурыз мерекесін күткендей асыға күтеміз.

👌KEGOC – «1845 тг / Сатып алу».«KEGOC»-тың 2023 жылдық кейбір операция және қаржы нәтижелері көрсетілген соңғы пресс-релизі таза пайданың болжамдардан жоғары шыққанын көрсетті. Нәтижесінде компания 2023 жыл үшін төлейтін дивиденд көлемін көбейтуді қарастыратынын айтты.

👍Қазақтелеком – «92750 тг / Сатып алу».
Қазақтелекомның соңғы жарияланған есебін зерттеп шығып, біз оған бейтарап деп баға бердік. Акциялар бойынша ұзақ мерзімді рейтингі сақталады. Ал толық 2023 жылдың қаржы есебі наурыздың 18-де шығады деген ақпарат бар. Әрі қарай шешімді содан кейін қабылдауға болады.

🕐ҚазТрансОйл – «905 тг / Бейтарап».ҚазТрансОйл-дың 23 қаңтарда жариялаған операциялық есебі жалпы айтқанда позитивті шықты. Толық 2023 жылдың қаржы есебі ертең шығып қалуы мүмкін. Ал акциялар бойынша рейтингісі "Бейтарап" күйінде қалды.

💸Jusan Invest арқылы қазақстандық компанияларға инвестицияла!

❗️Дисклеймер: Бұл инвестициялық идея емес, тек ақпарат тарту үшін ғана жазылған пост.

#QAZакциялары

Jusan Invest


🚘TESLA КӨЛІКТЕРІ ҚЫТАЙЛЫҚТАРҒА КЕРЕК ЕМЕС

🇺🇸 Кеше S&P500 және NASDAQ индекстері негатив динамика көрсетіп, 1,0 және 1,7%-ға құлдырады. Биткоиннан қалмайын деп алтын да $2150-ға дейін өсті.

😬Нарықтың төмендеуіне себеп факторлар:
• Инвесторлардың арасында нарық тым қымбаттап бара жатыр деген спекуляциялар қайтадан көбейгеніне байланысты акциялар бағасы арзандай түсті. Оның үстіне бүгін-ертең үндеу жариялайтын ФРЖ басшысы да нарықты алаңдатып отыр.
• Apple және Tesla компаниялары Қытайда сатылым көлемі төмендегенін хабарлады. Осыған байланысты кеше акциялардың құны 2,8 және 3,9%-ға төмендеді.
• Қытайда өтіп жатқан саяси сессиялар инвесторлардың назарын өзіне аударды. Бірақ Қытай билігінің экономиканы ынталандыру жоспарына қуанып отырған инвестор таппайсыз.

☺️Нарықтың өсуіне себеп факторлар:
• Еуроаймақтан басқа дамыған елдердің сервистік PMI көрсеткіштері аздап төмендеді. Айта кетсек, АҚШ бойынша мәліметтер аралас шықты: жалпы көрсеткіші төмендегенімен, есептің жаңа тапсырыстарға байланысты базалық компоненті негатив күйінде қалды.

🟢Инвесторлар үшін бүгінгі күннің ең маңызды оқиғалары:
🔔ФРЖ басшысы Джером Пауэллдың сөзі
📌АҚШ-тың еібек нар
ығы бойынша жаңа мәліметтер, ФРЖ-ның "Beige Book" кітабы, Канада Банкі отырысының нәтижелері.

🔘Қысқасы, нарық құбылу алдында тұр.

✅Қор нарығына қа
тысты бүгінгі инвест идеялар және өзге де мәліметтерді осы посттың астына коммент ретінде жариялап отырамыз
#таңғышолу

Jusan Invest


💎ИНВЕСТ ИДЕЯ: Newmont Corp +13,5%
#инвестидея

❗️Ол қандай компания?
Алтын өндіретін америкалық компания. Сонымен қатар мыс, күміс, мырыш, қорғасын өндірумен де айналысады.

🔖Инвест идея параметрлері:
Сатып алуға болатын баға: нарық бағасы бойынша (пре-маркетте $33,7)
Көзделген деңгей: $38 (табыс болжамы (+13,5%)
Стоп-лосс: $29 (баға осы деңгейге түссе, акцияларды сатқан дұрыс)
Қанша уақытта өсуі мүмкін: 3-4 ай
Тәуекел деңгейі: орташа

🔥Не үшін акция бағасы өсуі мүмкін?
- Алтын нарығындағы көшбасшы
- Қаржы көрсеткіштерінің айтарлықтай өсті
- Техникалық анализға сәйкес, акциялар көп жылдық қолдау деңгейінен жоғары секірді. Әрі қарай өсу ықтималы бар.

🚫Дисклеймер: Бұл спекулятив инвест идея екенін есте сақтаңыз және жеке ұсыныс ретінде емес, тек ақпарат беру мақсатында жариялап отырмыз. Инвестор барлық шешімді өзі қабылдауы тиіс.

Jusan Invest арқылы ірі компанияға инвестиция құй!

Jusan Invest


🔘НАРЫҚ ДҮЙСЕНБІ КҮНІ ТЫНЫҚ МҰХИТЫ СИЯҚТЫ ТЫНЫШ БОЛДЫ

📢 Кеше S&P500 0,1%-ға, NASDAQ индексі 0,4%-ға төмендеді.

☺️Нарықтың өсуіне себеп факторлар:
• Goldman Sachs сарапшысы Костин позитив көңіл-күй сақталатынын қолдады. Костиннің айтуы бойынша, ірі технологиялық компаниялар акциясының қымбаттауы фундаменталды көрсеткіштерімен расталады.

😬Нарықтың төмендеуіне себеп факторлар:
• JPMorgan сарапшысы Коланович АҚШ акциялары мен биткоиннің күрт өсуіне алаңдаушылық білдірді.
• Қытайда саяси сессиялар басталғанымен, Премьер-министр дәстүрлі баспасөз брифинг өткізбеуі нарықта алаңдаушылық тудырды. Бұл Қытай үкіметінің біртіндеп бұлыңғыр болып бара жатқанының тағы бір белгісі деуге болады.
• Жапонияның инфляция туралы жаңа деректерін нарық жақтырмады: жалпы және базалық көрсеткіштері ақпан айында өсті.

🔴Инвесторлар үшін бүгінгі күннің ең маңызды оқиғалары:
🌍Дамыған елдердің қызмет көрсету PMI индекстері, соның ішінде АҚШ-тың ISM мәліметтері.

✅Қо
р нарығына қатысты бүгінгі инвест идеялар және өзге де мәліметтерді осы посттың астына коммент ретінде жариялап отырамыз
#таңғышолу

Jusan Invest


🟠ОСЫ АПТА НАРЫҚҚА ӘСЕР ЕТЕТІН КӨП СТАТИСТИКА ДЕРЕКТЕРІ ШЫҒАДЫ

🙏Алматыдағы клиенттеріміз бен оқырмандарымыз жер сілкісінен қатты қорықпады деп үміттенеміз және бәрі жақсы болады деген тілек білдіре отырып, бүгінгі шолуды бастаймыз.

🇺🇸 Жұма күні америкалық S&P500 және NASDAQ индекстері бір ғана есептің буымен 0,8 және 1,1%-ға көтерілді!

☺️Нарықтың өсуіне себеп факторлар:
• АҚШ-тың өндіріс PMI индексі сарапшылардың өседі деген болжамына қарамастан төменеді. Бұл
есеп инфляция тұрғысынан жағымды деуге болады.
• АҚШ демократтары мен республика
шылар келісімге келіп, үкіметті 2024 жылдың 30 қыркүйегіне дейін қаржыландыру туралы заң жобасын ұсынды. Ықтимал шатдаун туралы ұмыта берсек болады.

😬Нарықтың төмендеуіне себеп факторлар:
• Мичиган университетінің бір жылда күтетін ықтимал инфляция көрсеткіші 2,9%-дан 3%-ға дейін өсті. Сондай-ақ, есепке сүйенсек, тұтынушылардың көңіл-күй индексі де бәсеңдеді.
• Нарық инфляция турғысынан негатив болып саналатын Еуроаймақ, Британия және Канаданың PMI индекстері, Британиядағы үй бағасы және Еуроаймақтың инфляция туралы статистикасын елемеді.
• OPEC+ мұнай өндіру көлемін 2 млн баррельге азайту жоспарын осы жылдың ортасына дейін ұзартты.

❗️АҚШ демократтары мен республикашылар келісімге келіп, үкіметті 2024 жылдың 30 қыркүйегіне дейін қаржыландыру туралы заң жобасын ұсынды.

🟠Инвесторлар үшін осы аптаның ең маңызды оқиғалары: 🌍Англия Банкі және ЕОБ отырысының нәтижелері, ФРЖ басшысы Пауэллдың және басқа монетарлық шенеуніктердің сөзі;
🇨🇳 Халықтық саяси консультатив конференциясы (бүгін басталады) және Бүкілқытайлық халық өкілдері нің жиналысы (ертең)🇺🇸АКШ-тың еңбек нарығы бойынша жаңа мәліметтер, сервистік PMI индекстері.

✅Қор
нарығына қатысты бүгінгі инвест идеялар және өзге де мәліметтерді осы посттың астына коммент ретінде жариялаймыз
#таңғышолу

Jusan Invest


КӨПТЕН КҮТКЕН СТАТИСТИКАЛАР НАШАР ШЫҚТЫ

🇺🇸 Кеше америкалық басты индекстердің бірі S&P500 0,5%-ға өссе, ал екіншісі NASDAQ Nvidia акцияларының қолдауымен 0,9%-ға жоғарылады.

☺️Нарықтың өсуіне себеп факторлар:
• АҚШ-тың жұмыссыздық бойынша жәрдемақы алу үшін келіп түскен өтініштері бір апта ішінде өсті. Әдетте өтініштердің өсуі еңбек нарығының әлсірей бастағанын көрсетеді.
• Германияның инфляция туралы есебін әккі инвесторлар жылы шыраймен қабылдады. Айта кетсек, жылдық көрсеткіші 3,1 ден 2,7%-ға түсті.
• Жапония Банкі басшысы Уэда негізгі мөлшерлеме жуық арада өспейтінін айтты.

🫣Нарықтың төмендеуіне себеп факторлар:
• Жеке тұтыну шығындарының негізгі баға индексі қаңтар айында 0,4%-ға өсті. Бұл көрсеткіш өскен сайын, инфляция қауіпі күшейе түседі.

🇮🇳Үндістан экономикасы 2023 жылдың 4-тоқсанында 8,4%-ға өсті!

🟠Инвесторлар үшін бүгінгі күннің ең маңызды оқиғалары:
🇺🇸 Мичиган университетінің тұтынушылар арасындағы көңіл-күй индексі шығады;
🌎 Дамыған елдердің өндіріс PMI индексі және Еуроаймақтың инфляция туралы есебін жариялайды.

✅Қо
р нарығына қатысты бүгінгі инвест идеялар және өзге де мәліметтерді осы посттың астына коммент ретінде жариялап отырамыз
#таңғышолу

Jusan Invest

558 0 0 10 10

❗️Құрметті оқырмандар, 29 ақпаннан 1 наурызға ауған түні Қазақстан біріңғай сағат белдеуіне (UTC+5) көшеді. Осыған байланысты, Қазақстан қаржы сервистерінде уақытша техникалық ақау болуы мүмкін. Әсіресе, сағат 00:00-04:00 аралығында KASE биржасының сайты жұмыс істемейді. Ал AIX биржасы үзіліссіз жұмысын жалғастыра береді. Бағалы қағаздарға қатысты мәміле жасайтын кезде осы жағдайды ескеруіңізді сұраймыз.

#маңызды

Jusan Invest

20 ta oxirgi post ko‘rsatilgan.