ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТТІ МЕҢГЕРУ - ЗАМАН ТАЛАБЫ
«Қаражанбасмұнай» АҚ (ҚБМ) қызметкерлері жасанды интеллектті қолданудың қыр-сырымен танысты. Екі күндік оффлайн интерактивті воркшопта жұмысшылар трендтегі жасанды интеллект түрлері, олардың жалпы қызметі, пайдалану ережелерін меңгерді.
Оқу бағдарламасына сәйкес қаражанбастықтар алдымен теориялық дәріс тыңдады. Ал тәжірибе кезінде олар түрлі кескіндер, өз дауысының клоны мен мәтін бойынша музыка жасауды үйренді. Сондай-ақ тренерлер жұмысшыларға картиналарды анимациялап, ерін қозғалысын синхрондай отырып, видеоны кез келген тілге аудару сынды бірнеше әдіс-тәсілдерді көрсетті.
ҚБМ жұмысшылардың бәсекеге қабілетті болуы үшін біліктілігін арттыруға ерекше мән береді. Себебі уақыт өткен сайын жасанды интеллектке қызығушылық пен сұраныс артып келеді. Мамандар да компьютерлік жүйе арқылы ғылым мен технология ұштасқан сала адамдардың жұмысын жеңілдетуге айтарлықтай әсер ететінін алға тартып отыр.