Бүгін әлемдегі ең қымбат инвестиция туралы айтпақпыз. Ол - білім. Ең тиімді жасалған инвестиция, ол білімге жасалған инвестиция. Егер интернеттен кәсіпкерлік немесе жеке даму саласына қатысты видеоларды көріп, кітаптарды оқып жүрсеңіз, білімнің маңыздылығы туралы естігеніңіз анық. Бизнес бастауда болсын, басқа курстарда болсын бизнесте ең маңыздысы білім екендігін айтып жүр. Ол рас. Білімің болмаса, қанша ақша салсаң да кәсібің өрге қарай домаламайды. Бірақ жеме-жемге келгенде, көп адам қолында ақшасы болса, оны білімге салайын деп ойламайды. Біреу артық ақша тапса, жақсы киім алады, қыдырады, кейбіреулер желге шашып жатады. Бәріміз білім алу керек екенін білеміз, бірақ шынымен жақсы курсқа қатысып, жақсы кітап сатып алып жатқанымыз кемде-кем. Кітап қымбат болса, оның орнына кафеге барып қарнымды тойдырмаймын ба деп ойлайды. Кафедегі тамақ бір күнге де жетпейді, ал жақсы білім өмір бойы өзіңде қалып, жақсы табыс табуыңа мүмкіндік береді. Қазіргі адамдар оқығанда ар санайды. Себебі, көзін шел басқан достары «оқымысты болып кеттің ба» деп мазақтайды. Тағы да сол баяғы «ел не дейді?» деген ой. Біздің тағы бір кемшілігіміз, барлығы тегін болса дейміз. Көпке топырақ шашпаймын, бірақ курстың немесе тренингтің бағасы қымбат болса, «ой, мынауың ақша сорғанды ғана білетін алаяқ секілді ғой» дейтіндер бар. Жақсы білім үшін ақша төлеу керек екенін біреу түсінсе, біреу түсінбейді. Ал сіз осы айтылған әңгіме жайлы не ойлайсыз? Біліміңізге қанша ақша салуға дайынсыз? Қандай білім алып жатырсыз? Жақсы кәсіп жасау үшін білім керек пе, әлде жақсы таныс пен ақша болса жетеді ме?
#кәсіпкерлертобы #кәсіпбастау #кәсіп #табыс #бизнес #кәсіпкер #бизнесблог #қазақшаблог #бизнесбастау #қазақ #қазақшабизнес
#кәсіпкерлертобы #кәсіпбастау #кәсіп #табыс #бизнес #кәсіпкер #бизнесблог #қазақшаблог #бизнесбастау #қазақ #қазақшабизнес