Алматының әкімі Бауыржан Байбек мырзаның 500 теңгеге Алматыда тамақтануға болады деген сөзін барлығыңыз естіген шығарсыздар. Соған орай, бүгін «Мәдени» мейрамханасында 500 теңгеге «Я от Байбека» деген сөз бойынша бургер сатылып жатыр екен. Меніңше, трендте болу деп осыны айтады. Қоғамда үлкен танымалдылыққа ие болып жатқан құбылыстарды бизнесте пайдалану өте керемет маркетингтік қадам болып табылады. Себебі ол адамдарға қызық. Мысалы, сіз де осы постты оқығанға дейін бұл жаңалық жайлы ештеңе білмеуіңіз мүмкін. Біз де осы жағдайды өз пайдамызға пайдаланып жатқан жайымыз осы. Сіз де бір жағдай қоғамда үлкен резонансқа ие болып жатса, соны қалай пайдалана алатыныңызды ойланып көріңіз.
#кәсіпкерлертобы #кәсіпбастау #кәсіп #табыс #бизнес #кәсіпкер #бизнесблог #қазақшаблог #бизнесбастау #қазақ #алматы
#кәсіпкерлертобы #кәсіпбастау #кәсіп #табыс #бизнес #кәсіпкер #бизнесблог #қазақшаблог #бизнесбастау #қазақ #алматы