Біздің мақсаттарымыз неге орындалмайды? Мақсат ол -бомба. Яғни ол адамның өміріне кірген кезде барлығын күл талқан етеді. Бұрынғы өміріміз мақсат қойған сәттен бастап, басқаша бола бастайды. Мақсатқа жету жолында міндетті түрде шығын болады. Достарымызбен ойын сауыққа, отбасымызға уақыт табу қиындыққа соға бастайды. Шығын дегеніміз осы. Шығынға түспей мақсатқа жеткісі келетіндер ешқашан мақсатына жетпейді. Міндетті түрде белгілі бір ресурстарды құрбан етуге тура келеді. Бұрынғыдай ойнап-күліп, тойға да, достарына да, қонаққа да, отбасымызға да уақыт жеткізіп жүргіміз келсе, мақсатымызға жетуге уақыт қайдан табылсын? Күнде бір іс әрекетті жасап, әр түрлі нәтиже күту - ақымақтық. Мақсат - бомба. Және сол мақсатқа жету үшін сол бомбаны өмірімізге тастау керекпіз. Ал егер тастағыңыз келмесе, онда мақсаттарым орындалмайды деп қапаланбаңыз.