Ежелгі сақ тайпаларында кездесетін салтқа сай қызға үйленбес бұрын жігіт өзінің шабандоздығын және ат үстінде отыра алатындығын дәлелдеуі керек болған. Қалыптасқан салт бойынша жігіт атпен шауып бара жатқан қалындығын қуып жетуі қажет. Үлкен жиын тойларда сол себепті қыз қуу ойыны ұйымдастырылатын болған. Жігіт пен қалындық жарыс жолына шығып, қалындық 12-15 метр қашықтықта ілгері тұрады. Төрешінің белгісінен кейін қыз шаба жөнеледі, жігіт болса, қалындығы 100 метр асқанда ғана шаба жөнеледі. Қызды қуып жеткен атпен шауып бара жатқан қызды қуып жетіп, оның бетінен сүюге тиісті. Қуып жете алмаса, қайыра шапқанда қыз жігітті қамшысының астына алады. Бұл – қыздың жеңгені. Қыз қуу тамашалаушылар үшін үлкен қызық орны болған.