Hi, there! 😊
Қай тілді алсақ та Етістік - ең маңызды құрал. Өйткені ол нақты іс-әрекетті, қимылды білдіреді, ал қимыл - өмір, тіршілік🏃🏻♂. Ағылшын тілі қиын тілдер қатарына жатпайды, әсіресе грамматика жағынан🙌. Маған сенсеңіз, қазақ немесе орыс тілінің грамматикасы әлдеқайда күрделі 😕.
Ағылшынша сөйлем құрау үшін "Мен", "сен" не "ол" сөздеріне етістік қоссаңыз жеткілікті.
| I study economics - мен экономиканы оқимын.
| You dance break - сен брейк билейсің.
| They speak Chinese - олар қытайша сөйлейді.
Ағылшын тіліндегі сын есім, үстеу, предлогтар өзгермейді, зат есімнің тек жекеше/көпше түрлері бар (мыс. cat = cats)😼😼.
Бірақ, етістіктер жіктеледі. Мысалы "work" (жұмыс істеу) етістігінің 4 формасы бар: work, works, worked, working. Қазақ тілінде 1 етістік әр есімдік үшін жеке-жеке өзгереді, «мен жұмыс істеймін, сен істейсің, ол істейді, біз істейміз, сендер істейсіңдер....» Арасына сыпайы (сіз, сіздер) формасын қосыңыздар 🙈.
🤠❤️🇰🇿Қазақ тілін оқимын дейтін шетелдіктердің тілдері сынатыны сөзсіз😅. Венгр тілінде бір етістік 30 түрлі формада септеледі 😳. Фин тілі де ең қиындардың бірі, бұл тілде 15 септік бар, етістіктер жүздеген формада септеледі👀. Бұндай "қорқынышты" фактілерді сендерге шамалы мотивация берейін деп айтып жатырмын✋. Ағылшын тілін үйреніп алу оп-оңай (қазақтарға тіптен, 2+2 қосқандай😏).
Келесі сабақта ең негізгі 100 етістікке тоқталамыз. See you!!
#кеңес #мотивация #English_is_simple