Баршаңызға сәлем!
Бүгін біз жасанды тілдер сияқты қызықты құбылыс туралы айтқымыз келеді. Біз сіздермен сөйлесетін қазақ және орыс тілдері ұзақ жылдар бойы қалыптасып, бізге таныс түрге келген табиғи тілдер. Жасанды тілдерге адамдар әр түрлі мақсатта жасаған тілдер жатады.
Бұл топтың ең танымал мысалы ретінде эсперанто тілін атауға болады. Оны XIX ғасырдың аяғында Лазарь Заменгоф өзінің «Халықаралық тіл. Алғы сөз және толық оқулық» кітабында ұсынған. Тіл өз атауын лингвисттің өз лақап атынан алды — «доктор Эсперанто», аударғанда «доктор Үміттенуші». Автордың идеясы — кез келген адам сөйлесе алатын қарапайым әрі әмбебап тіл жасау болды.
Аты аңызға айналған жазушы және лингвист — Дж. Р. Р. Толкиенді айтпай кету мүмкін емес. Балалық шағында ол достарымен бірге бір-бірімен сөйлесу үшін тілдер ойлап табумен айналысатын, ал уақыт өте келе оған деген құштарлығы күшейе түсті. «Сақиналар әміршісі» трилогиясында Толкиен квенья және синдарин — эльф тілдерін көрсетті. Бұл тілдер олардың дүниетанымын көрсетіп, кітап оқу барысында ерекше ахуал тудырады.
Поп-мәдениеттегі ең жетілдірілген жасанды тіл клингон тілі екені сөзсіз. Бұл «Жұлдызды жол» ғылыми-фантастикалық хикаясының әлемінде клингон нәсілі сөйлейтін тіл. Ол Марк Окрандтың тапсырысы бойынша жасалған және осы күнге дейін өмір сүріп келеді. АҚШ-та «Клингон тілі институты» бар, ал Интернетте тіпті клингон тілінде жазылған Уикипедия мақалалары да бар.
Ал сіздер қандай жасанды тілдер туралы білесіздер?