KAZ.NUR.KZ - Қазақстан және әлем жаңалықтары


Kanal geosi va tili: Qozog‘iston, Qozoqcha


KAZ.NUR.KZ-тің ресми арнасы
Қазақстанның басты жаңалықтарын біздің арнадан оқыңыз.
Біз:
🏆11 рет "Медиатордан" “Ең қызықты БАҚ” атағын иелендік;
🥇"№1 жаңалық порталы" номинациясы бойынша 5 рет "Жыл таңдауы" атандық (2015, 2017, 2019, 2020, 2021).


Kanal geosi va tili
Qozog‘iston, Qozoqcha
Statistika
Postlar filtri


"Бір жастықта қартайыңдар": тігінші әжей жас жұбайларға айтылатын тілектің мағынасын түсіндірді

Ақтөбелік зейнеткер Күләш Құлекенова тігіншілікпен айналысады. Қызымен бірге қыз жасауын дайындап, құрақ құрап отырған әжей өз қолымен кестелеген оюлардың мағынасын да түсіндіріп беруімен ерекше. Осы ретте, зейнеткер жаңадан үйленген жастарға айтылатын "бір жастықта қартайыңдар" деген тілектің мән-мағынасын ашып берді.

Толығырақ KAZ.NUR.KZ материалынан оқи аласыздар.

t.me/kaznurkz


Мемлекет басшысы Астанада Наурыз мерекесіне арналған мерекелік іс-шарада тазы иттердің көрмесін тамашалады.

Көрме барысында асыл тұқымды тазы өсіруші Анна Захарова президентке тазының күшігін сыйға тартты.

Күшіктің аты – Наурыз, 1,5 айлық.

t.me/kaznurkz


Сондай-ақ мерекелік іс-шарада Қасым-Жомарт Тоқаев жақында ғана мансабындағы кезекті жеңісіне қол жеткізген белгілі спортшы Шавкат Рахмоновпен әңгімелесен.

t.me/kaznurkz


Астанада мемлекет басшысының қатысуымен өткен Наурыз мейрамына арналған мерекелік іс-шарадан кадарлар пайда болды.

Қасым-Жомарт Тоқаев тұрғындармен әңгімелесіп, естелік суретке түскен.

Мерекелік шарадан фото-видеоны Қазақстан президентінің баспасөз қызметі жариялады.

t.me/kaznurkz


Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Наурыз мерекесімен құттықтады.

"Наурыз – жыл басы, халқымыз ежелден тойлаған көктем мерекесі. Бұл – халық асыға күтетін аса ерекше мейрам, қыстың ызғары қайтатын, көктем шуағын төгетін сәт. Табиғат түлеп, тіршілік қайта жаңаратын мезгіл.

Еліміз Әз-Наурызды әрдайым ырысты ынтымақтың бастауына балаған. Алыстаған ағайын Ұлыс күні татуласып, қайта қауышқан. Жұрт бір-біріне ақжарма тілектерін айтқан. Көпшілік ортақ дастарханнан дәм татып, қариялар жастарға батасын берген.

Бабаларымыз Наурыз тойын жасампаз еңбектің мейрамы санаған. Бұлақтың көзін ашып, ағаш отырғызған. Елге пайдасы тиетін игі істер атқарған. Бір сөзбен айтсақ, Ұлыстың ұлы күні – жаңа өмірдің жаршысы.

Биыл қасиетті Рамазан айы Ұлыстың ұлы күнімен қатар келді. Ораза ұстайтын жамағаттың ниеті қабыл болсын! Әр шаңыраққа қыдыр қонып, бақ дарысын! Жаңа жыл құт-береке әкелсін!

Ұлыс оң болсын! Ақ мол болсын!", - дейді Қасым-Жомарт Тоқаев.

t.me/kaznurkz


Қайырлы таң! Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесі құтты болсын!

Синоптиктердің болжамынша, бүгін Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашынсыз күн ашық болады.

Шымкентте +20 градусқа дейін жылы.

Сондай-ақ бүгін республика бойынша тұман сақталып, батыста, оңтүстікте жел күшейіп, күндіз батыста шаңды дауыл, оңтүстікте найзағай күтіледі.

t.me/kaznurkz


Қазақстанда 19 наурызда өткен парламент мәжілісі депутаттарын сайлаудың алдын ала қорытындысы бойынша, саяси науқанға түскен жеті партияның алтауы мәжіліске өтті.

t.me/kaznurkz


Наурыз мерекесінде қазақстандықтарды қандай ауа райы күтіп тұр

⛅️Астанада
21 наурыз күні ауа райы көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз болады. Түнде -16-18 °C, күндіз -1-3 °C болмақ. 22 наурызда да ауа райы көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз болып, түнде -10-12 °C, ал күндіз +1+3 °C-қа жетеді.

⛅️Алматыда 21 наурыз күні ауа райы көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз болады. Түнде -1-3 °C, күндіз +9+11 °C болмақ. 22 наурызда да ауа райы көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз болып, түнде -1+1 °C, ал күндіз +12+14 °C-қа жетеді.

⛅️Түркістанда 21 наурыз күні ауа райы көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз болады. Түнде +5+7 °C, күндіз +18+20 °C болмақ. 22 наурызда да ауа райы көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз болып, түнде +4+6 °C, ал күндіз +18+20 °C-қа жетеді.

🌦Шымкентте 21 наурыз күні ауа райы көшпелі бұлтты болып, түнде жаңбыр, найзағай күтіледі. Түнде +6+8 °C, күндіз +18+20 °C болмақ. 22 наурызда да ауа райы бұлтты болып, күндіз жауын-шашын мен найзағай күтіледі. Түнде +6+8 °C, ал күндіз +18+20 °C-қа жетеді.

t.me/kaznurkz


Тоқаев "Салық кодексіне" өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заңға қол қойды

Мемлекет басшысы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) және "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.

t.me/kaznurkz


Анкарада Қасым-Жомарт Тоқаев пен Түркия президенті Режеп Тайип Ердоғанның не туралы сөйлескені белгілі болды

Бұл туралы Қазақстанның Түркиядағы бас консулы Әлім Байел айтып берді.

"Әзіл-қалжың, жылы атмосфера болды. Ал Түркия президенті Тоқаевтың Түркиядағы жағдай туралы хабардар екеніне, тіпті спорт, оның ішінде футбол туралы жақсы білетініне таңғалды.

Біздің президенттердің кездесулері әрқашан өте жылы атмосферада өтеді. Әңгіме арасында әртүрлі әзіл, нақыл сөздер мен мақал-мәтелдер жиі кездеседі. Кездесуде Режеп Тайип Ердоған біздің президентке шай немесе кофе ішуді ұсынғанда, президентіміз оған қазақ тілінде: "Қонақ қойдан жуас. Сіз не айтсаңыз, соны ішем" деп жауап берді", - деді Байел.

t.me/kaznurkz


Қайырлы таң! Бүгінгі күнге арналған ауа райы болжамы:

⛅️Алматыда ауа райы көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз болады. Түнде -1-3 °C болса, күндіз +8+10 °C-қа дейін жылынады;

⛅️Астанада бүгін ауа райы көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз болады. Түнде -17-19 °C, күндіз -4-6 °C болады;

🌤Шымкентте ауа райы көшпелі бұлтты, жаңбыр мен найзағай күтіледі. Түнде +5+7 °C болса, күндіз күн +17+19 °C-қа дейін жылынады;

🌤Түркістанда ауа райы көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз болады. Түнде +5+7 °C болса, күндіз +17+19 °C-қа дейін жылынады.

t.me/kaznurkz


Қазақстанда мәжіліс пен мәслихат депутаттарын сайлау басталды.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Әл-Фараби атындағы Оқушылар сарайында орналасқан сайлау учаскесіне барып, дауыс берді.

t.me/kaznurkz


Синоптиктер 2023 жылғы 18-24 наурызға арналған апталық синоптикалық болжам жасады. 19 наурызға қараған түні Алматы облысы мен Жетісу облысының таулы аудандарында қатты жауын-шашын күтіледі. Осыған байланысты жоғарыда аталған өңірлерде беткейлік ағынның қалыптасуы күтілуде.

22-24 наурызда жауын-шашын күтілетін Солтүстік циклон шұңқыры солтүстік аймақтардың аумағына ауысады.

21 наурыздан бастап Ұлытау, Павлодар, 22 наурыздан бастап Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, Абай және Шығыс Қазақстан облыстарында күндізгі ауа температурасы біртіндеп 3-13 градусқа дейін көтеріледі.

t.me/kaznurkz


Ішкі істер министрлігі елімізде жиі ұрланатын көлік маркасын және автокөлік ұрлауға себеп болатын жағдайларды мәлім етті.

Ішкі істер министрлігінің соңғы бес жылға жасаған талдауы бойынша жиі ұрланатын көлік маркалары:

* Барлық маркалы ресейлік автомобильдер – 73 пайыз;
* Toyota – 13 пайыз;
* MAZDA – 5 пайыз,
* Nissan – 3 пайыз;
* Audi, Hyundai және Lexus – 2 пайызды құраған.

t.me/kaznurkz


Мемлекет басшысы БҰҰ-ның Адам құқықтары жөніндегі жоғарғы комиссары Фолькер Тюркпен кездесті.

Қасым-Жомарт Тоқаев Фолькер Тюркке ілтипат білдіре отырып, Қазақстан адам құқықтарын қорғау мәселесі бойынша тығыз қарым-қатынас орнатуға және ақпарат алмасуға дайын екенін мәлімдеді.

Жоғарғы комиссар президенттің бастамасымен еліміздің қоғамдық-саяси өмірінде жүргізіліп жатқан өзгерістердің уақтылы қолға алынғанын атап өтті.

"Мен соңғы жылдары сіздің еліңізде болып жатқан оқиғаларды бақыладым.

Біз үшін азаматтардың құқықтарын қорғау мәселесі реформалардың ажырамас бөлігі болғаны өте маңызды. Өйткені елдің болашағы осыған байланысты.

Әрбір елдің келешегі Біріккен Ұлттар Ұйымы мен бүкіл әлем сүйенетін іргелі қағидаттарға негізделуге тиіс деп ойлаймыз", - дейді Фолькер Тюрк.

t.me/kaznurkz


Синоптиктер алдағы демалыс күндері Қазақстанда ауа райы қандай болатынын болжады.

Метеорологтардың мәліметінше, 18-20 наурыз аралығында еліміздің кей өңірлерінде 20 градусқа дейін аяз, республиканың басым бөлігінде жауын-шашын күтіледі.

Толығырақ сілтеме арқылы өтіп оқи аласыз.

t.me/kaznurkz


Президент азаптау мен басқа да қатыгез, адамгершілікке жатпайтын немесе қадір-қасиетті қорлайтын қарым-қатынас түрлерінің алдын алу және сотталған адамдардың құқығын кеңейту туралы заңға қол қойды

Бұл заң – елімізде жүргізіліп жатқан саяси және құқықтық реформалар аясында Қазақстанның азаптау мен қорлаудың басқа да түрлерін жоюға, осы мәселе бойынша халықаралық нормаларды ұлттық заңнамаға енгізуге, сондай-ақ сотталғандардың құқығын кеңейтіп, түрмедегі теріс субмәдениеттің қалыптасуына жол бермеуге бағытталған жүйелі қадамдардың жалғасы.

Атап айтқанда, құжатта мынадай нормалар қарастырылған:

▪️қатыгез немесе адамның қадір-қасиетін қорлайтын қарым-қатынас үшін жауапкершілік қарастырылады;
▪️азаптау үшін қылмыстық жауапкершілікке тарту шаралары қатаңдатылады;
▪️заңсыз әрекеттердің алдын алу үшін тергеу амалдары кезінде аудио және бейне таспалау жүйесін қолдану мүмкіндіктері кеңейтіледі.

Сонымен қатар Заң сотталған адамдарға бірқатар қосымша құқық береді:

✔️Ауыр сырқатқа шалдыққан жағдайда оларға жазаны өтеу мерзімін кейінгі қалдыру құқығы беріледі, яғни сотталған адамға медициналық мекемеде шұғыл ем алуға мүмкіндік туады;
✔️Сотталған адамды ауыр дертке шалдығуына байланысты жазасын өтеуден босату туралы сот шешімі дереу орындалады (бұрын сотталғандар соттың шешімі заңдық күшіне енгеннен кейін ғана босатылатын);
✔️Сотталған әйелдер мен олардың балалары арасындағы әлеуметтік байланысты сақтау үшін оларға өз балаларын колонияда қалдыруға рұқсат ету мерзімі 3 жылдан 4 жылға ұзартылды;
✔️Бұрын сотталған адамдардың бірінші рет істі болған азаматтарға теріс ықпал етуіне жол бермеу үшін сотталғандарды қылмыстық-атқару жүйесіндегі мекемелерге бөлу тәсілдері өзгереді. Енді бірінші рет сотталғандар бас бостандығынан айыру жазасын бұрын сотталғандардан бөлек жерде өтейді. Бұл заңға бағынушылық мінез-құлық қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Жалпы заңнамалық актілерге енгізілген өзгерістер адам құқықтарын сақтауға берілетін кепілдіктерді арттырады. Сонымен қатар қауіпсіздік шараларын күшейту, олардың түзелуіне және қоғамға бейімделуіне мүмкіндік жасау арқылы сотталған адамдардың түрмедегі жағдайын жақсартуды көздейді.

t.me/kaznurkz


Елена Рыбакина тарихи нәтижеге қол жеткізді.

Қазақстанның бірінші ракеткасы мансабында алғаш рет Индиан-Уэллс WTA 1000 турнирінің жартылай финалына шығып отыр.

Отандық теннисші турнирдің ширек финалында әлемнің 76-ракеткасы, чехиялық Каролина Муховамен шеберлік байқасты.

Үш сетке жалғасқан ойында Елена Рыбакина қарсыласын 7:6(7:4), 2:6, 6:4 есебімен ұтты.
Енді Елена Рыбакина финалға шығу үшін әлемнің 1-ракеткасы, Польша өкілі Ига Швентекпен кездеседі.

Матч 18 наурыз күні болады деп жоспарлануда.

t.me/kaznurkz


Қайырлы таң! Бүгінгі күнге арналған ауа райы болжамы:

⛅️Алматыда
ауа райы көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз болады, тұман күтіледі. Түнде 0,+2 °C болса, күндіз +7+9 °C-қа дейін жылынады;

⛅️Астанада бүгін ауа райы көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз болады, көктайғақ күтіледі. Түнде -7-9 °C, күндіз -1+1 °C болады;

🌤Шымкентте ауа райы көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз болады. Түнде +3+5 °C болса, күндіз күн +18+20 °C-қа дейін жылынады;

🌤Түркістанда ауа райы көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз болады. Түнде +1+3 °C болса, күндіз +16+18 °C-қа дейін жылынады.

t.me/kaznurkz



20 ta oxirgi post ko‘rsatilgan.