Истихара дұғасы
Жәбир ибн Абдуллаһ (р.а.)былай дейді: Пайғамбарымыз (с.ғ.с.)бізге барлық істерде Құран сүрелерінің бірін мұқият үйреткеніндей (Алла тағаладан) истихара сұрауды үйретіп, былай дейтін еді: Егер сендерден біреуің қандайда бір істі бастамақ болса, парыз етілмеген екі ракат истихара намазын оқысын да, кейін былай десін:
«Аллаһумма инни астахи-рука биъилмика, уә астақди-рука биқудратика, уә әсәлукә мин фадликал ъазим, фә иннәкә тақдиру уә лә ақдиру, уә таъламу уә лә аъламу, уә әнта ъалламул ғуйуб. Аллаһумма ин кунта таъламу әннә һәзәл амра хайрун ли фи дини уә маъаши, уә ъақибати амри (ъажилиһи уә әәжилиһи) фақдурһу ли уә яссирһу ли суммә бәрик ли фиһи, уә ин кунтә таъламу әннә һәзәл амра шаррун ли фи дини уә маъаши уә ъақибати амри (ъажилиһи уә әәжилиһи) фасрифһу ъанни уасрифни ъанһу уақдур ли хайра хайсу кәнә суммә ардыйни биһ»
Жәбир ибн Абдуллаһ (р.а.)былай дейді: Пайғамбарымыз (с.ғ.с.)бізге барлық істерде Құран сүрелерінің бірін мұқият үйреткеніндей (Алла тағаладан) истихара сұрауды үйретіп, былай дейтін еді: Егер сендерден біреуің қандайда бір істі бастамақ болса, парыз етілмеген екі ракат истихара намазын оқысын да, кейін былай десін:
«
Ей,Аллам! Маған іліміңнен игілік бергейсің. Құдіретімен мені қуатты еткейсің. Кең пейіліңмен мені қуанышты еткейсің. Расында менің күш-құдіретім жетпейді. Мен еш нәрсені білмеймін. Ал Сен барлық нәрсені білесің. Әрі Сен көместі де толық көрушісің. Ей,Аллам! Егер бұл істің дінімде, тіршілігімде, істерімнің соңында, (немесе былай дейді: қазіргі өмір тіршілігім де келешекте) (бұл істің) мен үшін хайырлы екендігін білсең, оны маған нәсіп ете гөр. Әрі маған ол істі оңай етіп, кейін оны мен үшін берекелі ет! Ал егер бұл істің дінімде, тіршілігімде, істерімнің соңында (немесе былай дейді: қазіргі өмір тіршілігім де келешекте) (бұл істің) мен үшін жаман екендігін білсең, оны менен алыстата гөр. Әрі мені де одан аулақ ет. Қай жерде болса да мен үшін жақсылықты нәсіп ет, мені сол жақсылықпен разы ете гөр»