kerim eken


Kanal geosi va tili: Qozog‘iston, Qozoqcha


Визуал сұлулық, музыка және басқа да керім дүниелер

spoti.fi/3j5EABS
@kuiarna
@alibekart

Связанные каналы

Kanal geosi va tili
Qozog‘iston, Qozoqcha
Statistika
Postlar filtri


Көктім Аймақ

@qyzyllzhebe


Меңге арналған керім мұқаба екен

🔗 Spotify


"Үрпегім" деген үзіліп түскелі тұрғандай шығарма екен

🔗 Spotify


Үйдің жарығын өшірген сайын папамның домбыра тартқанын тыңдап өскен соң күй өнерін ерекше қадірлеймін. Бірақ "Сарыарқадан" "Әлқиссаға" дейінгі бірсыпыра күйге қанық болсам да, олардың шығу тарихын, аңызын көп біле бермейді білмейді екем.

Сондықтан танымал, маңызды күйлердің тарихына арнап КҮЙ деген телеграм-канал аштым.

Қазақтың болмысына, табиғатына күй арқылы тереңдегіңіз келсе, қосылыңыз.

https://t.me/kuiarna


Мына ғажап әнді бұған дейін тыңдамағаныма таңмын

Әнін жазған Қайрат Баекенов, сөзі Мұса Тілеуовтікі


оқитын не бар? dan repost
Қабдеш Жұмаділовтің «Қылкөпір» романы мен «Мәңгілік майдан» повесі жайында 🫧


"Ет кесіп өз етімнен берсем-дағы
Жөніңе жіберейін емдеп қана".

Неткен гуманизм! Неткен рақым!


Бүгін осы екі шығарманы қатар тыңдап, Нарында ақсап қалған киік Бетпаққа барып жан сақтаған-ау деп мистикалық тәпсір жасадым да, көңілде баланс орнағандай болды)


Ал мынау Кәкімбек Салық пен Жақсыкелді Сейіл шығарған "Жез киіктен" үзінді:

"...Жез киік, біздің жаққа қалай келдің?
Жолымды тіке кесіп, жанай бердің.
Адамның көздеріндей екі көзің
Япырмай, дәтім шыдап қалай көрдім?

Асықпа, көрейінші жөндеп қана,
Кетпесін жаңа тиген меңдеп жара.
Ет кесіп өз етімнен берсем-дағы
Жөніңе жіберейін емдеп қана".




Құрманғазының "Ақсақ киігі" былай шыққан екен.

Төремұрат, Нарынбай ауылында жүріп киік атуға шыққанда үшінші киікке оқталарда Құрманғазы:
«Киіктің қай жерінен тигізейін?» – деп сұрапты дейді.

Сонда батырдың жолдастарының біреуі осы тигізе қояр деймісің дегендей:
– «Аяғынан» дей салыпты.

Сонда Құрманғазы киіктің артқы аяғынан тигізіп, киік үш аяқтап ақсаңдап, қаша жөнелсе керек. Қожаңдап «қуамын» деген жігіттерге Құрманғазы ұлықсат етпейді. Өзі домбырасын алып сол арада бір күй шертеді. Құрманғазының сырына әбден қанған Төремұрат күйшінің қасына ешкімді жібермей, әбден домбырасын аяқтап болғанда ғана өзі барып:

– «Жиенжан, бұл арада тағы бір нәрсе туып қалды білем, атын қойдың ба?» – деп сұрайды. Сонда Құрманғазы біраз кідіріп, қуанған емес, күйінгендей келбетпен:

– Нағашыеке, жаралының бәрі жаралы, жанның бәрі бірдей, өмір үшін күресте кімге оқ дарымайды? Біздің тұсымызда жаралы жан жалғыз киік пе? Атпайын-ақ деп едім, сіздің мына бір жігіттеріңіздің қыздырма сөзімен аттым. Анау ақсап кеткен киіктей жаралыларға арнадым бұл күйімді. Аты – «Ақсақ киік» депті дейді.




kgd.gov.kz/ru/content/vseobshchee-deklarirovanie-1-2

Білдей бір комитет 2,2 миллион қазақстандықтың ЖСН-ын жариялай салған. Әлі тұр сайтында. Куәлік нөмірі мен телефон нөмірін қоспағанына таңым бар.

Мына постта ЖСН арқылы білуге болатын ақпарат жазылыпты. Бұл бер жағы ғана(

https://t.me/thehodlio/149


Болат Омарәлиев:

Атақты композитор Нұрғиса Тілендиевтің сан қырлы суреттері менде жетеді. Мына суретте Нұрғиса "Әлқисса" күйін тартып отыр.

🔗 Facebook


Video oldindan ko‘rish uchun mavjud emas
Telegram'da ko‘rish
Осы туы жақсы еді

🔗 Instagram




Калькасыз қазақ тілі. Назгүл Қожабек dan repost
❌ сөз бостандығы

⁉️ свобода слова

✅ сөз еркіндігі

Адамның сөзі, ойы, әрекеттері еркін болады.




Өз бағасын алмаған, тыңдалым саны 100 мыңға да жетпеген, әйбат қазақша әндерді жинап қойдым

https://open.spotify.com/playlist/3jW3WOgS6ZHWEZVxd3FK04?si=65358502eea14eb9


2000-шы жылдары Bangor деген бэнд болған.

Әндерінің өңдеуіне мән берсең, сол уақыт үшін сұмдық деңгей.

Бізге R&B мен арт-рок жанрларын әкелген Орда сосын осы топ болар.

20 ta oxirgi post ko‘rsatilgan.