Спикер сөзінше Түркияда телехикаялар өндірісіне мемлекет пен жеке сектор бірігіп қаржы құяды және түрік сериалының бір бөлімінің құны шамамен 80-120 мың АҚШ доллары айналасында. Соңғы кездері хронометражы 45 минут, әрбір серияның бюджеті 300 - 450 мың долларға жететін сериалдар да түсіріліп жатқанын айтты.
«Соған қарамастан отандық телехикаяларға сұраныс бар, өз аудиториямыз қалыптасты. Мысалы, «Хабар» агенттігінің YouTube арнасындағы ең танымал сериал «Келінжан» екенін айта кету керек. Аталған телехикая 5 маусымда 323,7 миллион қаралым жинады. Бұл көрермендердің сапалы отандық бағдарламаларға деген қызығушылығы зор екенін көрсетеді»,- деді Д. Меңілбеков.