Өткен уикендте "Неделимое" қылмыстық комедиясы ТВ-дан көрсетілді. Бұндай мүмкіндікті жіберіп алмай, қарайын деп шештім. Фильм прокат кезінде жақсы жарнамаланды, маркетингі дұрыс жүргізілген отандық жобалардың бірі еді.
Алайда маркетинг сапа мен мазмұнды шешпейді ғой. Қазақстан киносындағы "қаймақ" актерлер жиналды дегенмен, олар да фильмді құтқара алмады.
Кейіпкерлері бір үйдің ішінде қамалып отырған, локациясы шектеулі кинода диалог басты рөл ойнауы керек еді (мысалы "Омерзительная восьмерка
"). Алайда диалог, адамдардың арасында байланыс тым бос, еркін. Яғни кейіпкерлердің сөздері сюжетке дым әсер етпейді. Оларды бір бөлмеде қамап ұстауға да мотивация сезілмейді. Кейбір актерлер тым асыра ойнайды.
Қылмыстық комедияға пародия көріп отырғандай болдым.
5/10.