Ұзынаяқ (орысша прокатта - Собиратель душ)
1 сериядан тұратын "Х файлдар" дейміз бе?
Себебі, басты кейіпкер — ФБР агенті. Сюжетте мистика бар.
Кейбір сыншылар жылдың үздік хорроры деп айдар тағыпты. Қояғойыңдар дедім. Күмән келтіргеннен емес, жай, биыл ешқандай хоррор көрген жоқпын, сондықтан салыстыратындай багажым жоқ, хе-хе :)
"Бөөө" деп кенеттен атып шығатын қорқынышты құбыжықтары жоқ хоррор. Негізгі желісі тылсымға толы өлімдерді тергеген агент төңірегінде өрбиді. Қанды оқиғаларға басты кейіпкердің (Майка Монро) де қатысы бар, сондықтан бұл істі соңына дейін жеткізу оған да керек.
Операторлық жұмыс — шик. Көп жерде кең бұрышты объектив қолданыпты, кей мизансценаларға бұл психикалық ауытқушылық атмосферасын бергендей ме, бірдеңе (ұқсас тәсіл Содерберг айфонмен түсірген Unsane картинасында қолданылды). Жарық пен түс өңдеген мамандарға да респект.
Сюжеті біраз адамға іш пыстырарлық көрінуі мүмкін. Сондықтан моралдық тұрғыдан дайындықпен кірісіп көруге кеңес беремін.
P.S. Зұлым рөлде Николас Кейдж