Білім мен байлықтың қайсысын таңдарын білмей жол айрығында тұрған жасөспірім бір ғұламаға келіп, ақыл сұраған екен. Сонда ғұлама білімнің артықтығын он түрлі дәлелмен бейнелепті. Құлақ түрші, балаларым.
Біріншіден, білім бұл пайғамбардан қалған мирас, ал байлық бақылдардан қалған мұра.
Екіншіден, білім сені бағады, ал байлықты сен бағасың.
Үшіншіден, білім досыңды көбейтеді, ал байлық дұшпаныңды арттырады.
Төртіншіден, білім іздеген сайын көбейе, молая береді, жұмсағанмен азаймайды, ал байлық жұмсасаң азаяды, кемиді, жойылады.
Бесіншіден, білімді ұрыдан қорғаудың қажеті жоқ, ал мал—мүлікті, дүниені, жиған—терген байлықты ұрылардан күнде қорғайсың.
Алтыншыдан, білімің көп болса, ел сені құрмет тұтады, ал байлығың мол болса қызғанады.
Жетіншіден, білімге есеп—қисап жүргізбейсің, ал байлығыңды күнде есептеп отыруың кажет.
Сегізіншіден, білім қаншама көп болғанымен іріп—шіріп бүлінбейді, ал байлық бір жұттық — өледі, жоғалады.
Тоғызыншыдан, бiлiм жан дүниеңді байытады, ал байлық қиялыңды, көзқарасыңды шектейді, тура жолдан тайдырады.
Оныншыдан, білімді адам мәдениетті, әдепті, адамгершілікті болады, ал байлығы мол адам мақтанады, әркімге астамшылық көрсетеді.
Таразының қай басы ауыр тартқанын өздерің бағамдай жатарсыңдар...
Матайқызы Ділдә Тасмағамбеткеліні
"Айналайындарым менің..."
Бір баласы бардың шығар—шықпас жаны бар.
Екі баласы бардың болар—болмас халі бар,
Үш баласы бардың үш рулы елде малы бар,
Төрт баласы бардың төрт құбыласы тең болар.
Бес баласы бардың ешкімге дес бермейтін жөні бар, — деген.
Матайқызы Ділдә Тасмағамбеткеліні
"Айналайындарым менің..."
«Артына ала шаң еріткен ұлы бәйгелерде бас жүлдені бермейтін бір тұлпар батпаққа батып жатыр екен», — дейді халық даналығы.
Жанына дүйім халық жиналыпты. Шу—шулейдi, сауырға ұрады, бастан сүйрейді. Дәрмен жоқ. Керісінше, қайран тұлпар суырма батпаққа одан әрмен бата түседі. Сәске болды, қызыл бояуын ертіп іңір жақындады. Ел дағдарып, ақылман бір қарияға осылай да осылай деп ат шаптырады. Сонда жеделдетіп жеткен ақылман айтты дейді:
— Ей, халқым, тұлпарды қамшылап сендерге не болған? Ол оған намыс емес пе? Қайта одан сайын батпаққа бата түседі. Мұны құтқарудың жалғыз—ақ жолы қалды. Қазір үйір—үйір жылқыны қиқу сап жанынан қуып өтіңдер. Бұл деген аруақты ат қой. Сонда ғана өзін—өзі шығарар, — депті. Өңшең қыл құйрықты қасынан даланы дүбірге бөлеп шапқанда әлгі тұлпар шыңғырып кісінеп қап, басын ғана қылтитып қойған батпақтан атып шықты, — дейді.
Кейде замананың батпағына батып қалатын даламның арыс ұлдары—ай, бір—біріңді қиқу сап осылай демеп жүрсеңдерші...