Көп балалы бір үй өртеніп жатыпты. Әлгі өрттің үстінен ұшқан қарақұс: — «Ертеңгі күні балалары аман қалса, маған маза бермес. Ұямды бұзып, тұқымымды құртар, одан да тамтығы қатмай жанып кетсін», — деп тұмсығына қысқан бір тал шөпті әлгі өрттің үстіне тастайды.
Қарақұстың соңынан айыр құйрық қарлығаш ұшып келе жатады. Лаулап жанған үйді көріп: — «Алла, айналайындар—ай, менің балапандарым секілді сары үрпек балалары шырылдап қалған екен. Балапандарым қанаттанып ұшқанша үйін жықпай, көшпей отыратын мейірімді жандар еді. Отты сөндірейін», — деп аузындағы бір тамшы суды тамызады.
Қарақұстың тастаған бір тат шөбiнен ол үй одан әрі өртене түскен жоқ, қарлығаш тамызған бір тамшы судан əрине өше қалған жоқ. Әңгіме көңілде, пейілде, ниетте ғой...
Матайқызы Ділдә Тасмағамбеткеліні
"Айналайындарым менің..."
https://t.me/kitap_uzindisi