KITAPAL


Kanal geosi va tili: Qozog‘iston, Qozoqcha


Қазақстанды кітап оқитын елге айналдыру үшін!
Kitapal дүкені ресми парақшасы
📚Кітапқа тапсырыс беру үшін:
@kitapal_bot арқылы телеграмнан шықпай тапсырыс беру
🔸сайт www.kitapal.kz
🔹уатсап 8-777-572-22-33

Связанные каналы  |  Похожие каналы

Kanal geosi va tili
Qozog‘iston, Qozoqcha
Statistika
Postlar filtri


Video oldindan ko‘rish uchun mavjud emas
Telegram'da ko‘rish
ҚУЫСКЕУДЕ ЖӘНЕ КЕМЕЛ АДАМ: қайсысы боласыз?

Ішің бос болса, сырттан әсер етуші нәрселердің бұзып жаруы оңай. Мейлі ол негативті ой, біреудің ауыр сөзбен жүрегіңді жаралауы, тағдырдың сынағы, жазым, өзгеріс болсын.

Ал ішіңде берік іргетас болса, онда қиындық пен кедергілер сені тұқыртуы былай тұрсын, керісінше шыдамды, мықты, тәжірибелі қылады.

Ал енді сол ішкі әлемімізді немен толтырамыз? Әрине, бұған ең жақсы жауап – кітап. Пайдалы кітаптар, рухани кітаптар, Құран, әдеби кітаптар, өзіңді дамытатын кітаптар... Бізге дейін өткен мың жылдықтар бойы әлем есігін ашқан данышпан кісілердің ойлары бәрі кітапта жазулы. Ал да, ішіңді толтыра бер.

Кітаптарға тапсырыс беру үшін сілтемені басыңыз: https://clck.ru/3B7ie3
@kitapal_bot арқылы телеграмнан шықпай тапсырыс беру
сайт www.kitapal.kz
уатсап 8-777-572-22-33


ҚАДІР ТҮНІ жайлы Имам Ғазалидің жазбасы

Бүгін Рамазан айының 27- түні, яғни Қадір түні. Оның қадір-қасиеті жайлы “Жүрек сырлары” кітабынан үзінді береміз.

🟢Әнәс ибн Мәлик (р.а.) риуаят етеді: Алла Елшісі (с.а.с.): «Қадір түні Жәбірейіл бірнеше періштемен жерге түседі. Олар тік тұрып, отырып Алланы зікір қылып жатқан барлық пенделерге сәлем беріп, олар үшін Алладан кешірім тілейді», - деді.

🟢Әбу Һурайра айтады: «Қадір түні көп сандағы періштелер жер жүзіне түседі. Олардың түсуі үшін аспанның есіктері ашылады. Нұр төгіледі. Періштелер шартарапқа жайылады. Бұл сәтте адамдардың жағдайы әртүрлі болады. Біреуге аспан-жердің сырлары ашылады, аспандағы перделер алынып тасталады. Біреулер аспанда періштелерді тік тұрған жағдайда, отырған, рүкуғ, сәжде жасап жатқан, Алланы зікір қылып, оған шүкіршілік келтірген, тасбих айтып, оның ұлылығын мадақтап жатқан жағдайда көреді. Басқа біреу пейішті, пейіштегі сарайларды, хор қыздарды, дарияларды, ағаштарды, жемістерді көреді. Ол Алланың Аршын, пайғамбарлардың, әулиелердің, шейіттердің және тақуа пенделердің дәрежелеріне куә болады. Сол түні мүминдердің бір тобы Алланың Нұр Жамалын көреді. Перде көтеріледі. Сол мүминдер ғана Алланың Жамалын көре алады».

🟢Әзірет Омардың риуаяты бойынша, Алла Елшісі (с.а.с.) былай дейді: «Кім рамазанның жиырма жетінші түнін таң атқанша ғибадатпен өткізсе, оның бұл ісі Мен үшін рамазан бойы барлық түні жасалған ғибадаттардан да жақсырақ».

🟢Әзірет Фатима (р.а.) «Әке, түнді ғибадатпен өткізуге әлі келмеген әйел, еркектер не істесін?” деп сұрағанда, Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Олар бұл түннің қайсыбір уақытын жастықтарын тік қойып, оған жастанып отырып Аллаға дұға қылуы, Мен үшін үмбетімнің баршасы рамазан түндерінің бәрін ғибадатпен өткізгенінен тағы жақсырақ», — деп жауап берген.

🟢Айша анамыздың (р.а.) риуаятында Пайғамбарымыз (с.а.с.) «Кім Қадір түнін жандандырып, түнде екі рәкат намаз оқыса және тәубе келтіріп, истиғфар айтса, Алла оны кешіреді. Алланың мейіріміне ие болады. Жәбірейіл оны қанатымен сипайды. Жәбірейіл қанатымен сипаған барлық кісілер пейішке
кіреді» - деген.

“Жүрек сырлары” кітабынан.
тапсырыс беру үшін сілтемені басыңыз: https://clck.ru/3B7ie3
@kitapal_bot арқылы телеграмнан шықпай тапсырыс беру
сайт
www.kitapal.kz
уатсап
8-777-572-22-33


Отпен ойнама күйіп қаласың,
Қызбен ойнама сүйіп қаласың.


Үнемі шекер жеген адамға тұздың дәмін түсіндіру қиын.


Бүгін - Қадір түні болуы ықтимал, яғни тақ күн

Қадір түнінде мұсылман адам мынадай істерге ерекше көңіл бөлуі керек:

1. Намаз оқу
• Тахажжуд намазы — түннің соңғы үштен бірінде оқылатын қосымша намаз.
• Қосымша нәпіл намаздар, сүннеттер, екі рәкағат болса да ықыласпен оқу.

2. Құран оқу
• Құран — осы түнде түсе бастаған қасиетті кітап.
• Мүмкіндігінше көбірек оқу, мағынасына терең үңілу.
• Түсінбейтіндер мағынасына қарап оқып, ой жүгірткен жөн.

3. Дұға жасау
• Бұл түн — дұға қабыл болатын ерекше түн.
• Пайғамбарымыз (с.ғ.с) Айша анамызға үйреткен дұға:
«Аллаһумма иннәкә афуун, тухиббул-‘аффа, фа’фу ’аннӣ»
«Уа, Алла! Сен – Кешірушісің, кешіруді жақсы көресің, мені де кешір!»
• Ата-анаға, бала-шағаға, бүкіл үмбетке кешірім мен береке тілеу.

4. Тәубе және истиғфар
• Күнәларды мойындап, Алладан кешірім сұрау:
«Астагфируллаһ»
«Раббым, мені кешір, мені өзіңе жақын ете гөр»

5. Садақа беру
• Бұл түндегі сауап 83 жылға тең (1000 айдан артық). Сол себепті, тіпті аз болса да садақа беру — үлкен сауап.

6. Жалғыздықта дұға ету
• Алламен жалғыз қалу, ойланып, шын ықыласпен тілегін айту.

Кітаптарға тапсырыс беру үшін сілтемені басыңыз: https://clck.ru/3B7ie3
@kitapal_bot арқылы телеграмнан шықпай тапсырыс беру
сайт
www.kitapal.kz
уатсап
8-777-572-22-33


Имам Шафиғи: Кімде-кім киімін ұқыпты әрі жарасымды кисе, уайымы азаяды. Ал кімде-кім әрдайым әтірленіп жүрсе, ақылы артады.


ОТАР ЕЛДЕРДІҢ ТАРИХЫН ОТАРШЫЛДАР ЖАЗЫП БЕРЕДІ

(с) Үнді халқының белгілі қайраткері Джавахарлал Неру

Мектепте оқыған тарихқа жүз пайыз сенбе! Себебі бізде тарих әлі шынайы жазылмаған. Себебі көршіміздің ықпалы әлі жүріп тұр. Ашаршылық, репрессия жайлы ашықтан ашық айта алмаймыз. Бүлікке сылтау іздеп жүргендер оны ілік көріп, екі ел арасында араздық тудыруға дайын тұрады. Түрлі тарихи кітаптарды өз бетіңше оқып, туған еліңнің өткен жолын біле аласың.

Тарихи кітаптарға тапсырыс беру үшін сілтемені басыңыз: https://clck.ru/3B7ie3
@kitapal_bot арқылы телеграмнан шықпай тапсырыс беру
сайт
www.kitapal.kz
уатсап
8-777-572-22-33


Always leave space for wonder, the wonder gives creativity. Having wonder, will make you have joy.

Қызығушылығыңды жоғалтпа. Адам қызығушылық танытып, шығармашылық қабілетін дамытады. Таңғажайыпқа құмарлығын жоғалтпаған адам ұсақ нәрсенің өзінен шаттанады.


БІР КІТАПТЫ ЕКІ РЕТ ОҚУ, ЕКІ КІТАПТЫ БІР РЕТ ОҚУДАН ПАЙДАЛЫ

Егер кітап күрделі болса, онда бір рет оқып қоя салу жеткіліксіз. Оны екеу түгіл бірнеше рет оқыған абзал. Бір кітаптан бірнеше кеңесті өміріңізге енгізе алсаңыз, бұл үлкен жеңіс. Тілі жеңіл кітаптарды, детектив, романдарды бір рет оқысаңыз, рақаттанасыз. Ал адамды терең ойландыратын, өмірге деген көзқарасын өзгертетін кітаптарды әр оқығанда өзгеше сезім сыйлайды.

Тапсырыс беру үшін сілтемені басыңыз: https://clck.ru/3B7ie3
@kitapal_bot арқылы телеграмнан шықпай тапсырыс беру
сайт
www.kitapal.kz
уатсап
8-777-572-22-33


ҚАЙТСЕ ЖАЗУШЫ БОЛАДЫ?

Жазушы болудың қандай шарттары бар?
Ежелден мәлім, бізден бұрынғылар айтқан, айтпаса да анық – бірінші шарт – дарын, – Тәңірінің сыйы, тумыс. Дарын – әуелгі шарт қана емес, басты шарт, керек десеңіз, барлық шарттың оннан тоғыз салмағы осы, туа біткен дарынның үлесінде.

Бидайдың дәнінен бидай өнеді, бұршақтың дәнінен бұршақ өнеді, түйір тасты, тіпті ол асыл тас болса да, қанша еккеніңізбен бір тал өскін шықпайды, жамандығынан емес, тастың, оның ішінде асыл тастың да өз орны, басқаша бітісі бар.

Ұлы физик роман жаза алмайды, оның дарыны – нақты ғылымда. Болашақ жазушының дарын күші де сол сияқты – сөз өнерінде ғана.

Мұхтар Мағауиннің кітаптарына тапсырыс беру үшін сілтемені басыңыз.

https://clck.ru/3B7ie3
@kitapal_bot арқылы телеграмнан шықпай тапсырыс беру
сайт
www.kitapal.kz
уатсап
8-777-572-22-33


💵БИЛЛ ГЕЙТС: ҚЫЗЫМДЫ КЕДЕЙ ЖІГІТКЕ ТҰРМЫСҚА БЕРМЕЙМІН

Неге?

Әлемдегі ең бай адам былай деп сөзін негіздейді:

– Ең алдымен, байлық дегеніміз – тек банктегі ақша көлемі емес. Байлық – оны таба білу, жасау, құрай білу қабілеті.

Мысал келтірейін: Егер біреу лотереядан 100 миллион ұтып алса, ол бай емес. Ол – тек ақшасы көп кедей адам. Сондықтан лотереядан миллионер атанғандардың 90%-ы бес жылдың ішінде қайтадан кедейге айналады.

Ал кейбір адамдардың қазір ақшасы жоқ болса да, бай дер едім. Себебі дүние табудың жолын біледі, іздейді. Олар қаржылық интеллектін дамытып жатыр, ал бұл – нағыз байлық."

Бай мен кедейдің айырмашылығы неде? Егер жігіт білім алуға талпынса, жаңа нәрселерді үйренуге ұмтылса, өз-өзін үнемі жетілдіріп отырса – ол бай адам.

Ал егер бір жас жігіт өз сәтсіздігіне мемлекетті кінәлап, байлардың бәрін ұры деп санап, оларды үнемі сынап жүрсе – нағыз кедей адам деуге болады.

Байлар: "Табысқа жету үшін білім мен ақпарат қажет" – деп біледі.

Кедейлер: "Біреу маған ақша берсе, байып кетемін", – деп ойлайды.

Сондықтан қызым кедей жігітке тұрмысқа шықпайды дегенде, ақша туралы айтып тұрған жоқпын. Керісінше байлық құра білу қабілетін меңзеймін.

Қаржы қағидалары, жинау жолы, көбейту әдістері туралы білу үшін кітапқа тапсырыс беріңіз. Мүмкін Билл Гейтстің қызы болмаса да, немере қыздарына қолыңыз жетіп қалар)

Тапсырыс беру үшін сілтемені басыңыз: https://clck.ru/3B7ie3
@kitapal_bot арқылы телеграмнан шықпай тапсырыс беру
сайт
www.kitapal.kz
уатсап
8-777-572-22-33


ҚИЫНДЫҚТЫ СҰЛУЛЫҚҚА АЙНАЛДЫРУ

Жапондық "Кинцуги" өнері туралы естуіңіз бар ма? Бұл – сынған керамиканы алтынмен немесе күміспен жамап, одан жаңа, бұрынғыдан да құнды зат жасау тәсілі. Бұл философия "жараларымыз – біздің күшіміз" деген идеяны білдіреді.

Мағынасы:
• Өмірде басыңа келген қиындықтар, өзің жасаған қателіктер – сені құртып біту үшін емес, қайта күшеюге мүмкіндік сыйлайды.
• Бейімделіп, жаңару арқылы бұрынғыдан да ерекше бола аламыз.
• Әрбір шынайы нәрсе өзінше әдемі. Сол әдеміліктің бір шетін өткен өміріміз құрайды.

Жалпы медицинада сүйектің сынған жері сау сүйектен гөрі мықтырақ бекиді. Енді ол сол жерден қайта сынбайды. Яғни, өмірде де бір қателікті қайта жасамау дегенге саяды. Бір інге қолыңды сұғып, ішінен жылан шағып алса, сол інге қайтадан тықпайсың ғой?

Әрбір қиындық, сынақтың соңынан Раббыңның жоспарын, тәрбиесін көре алу үшін пайдалы кітаптар оқуға кеңес береміз.

Kitapal дүкенінен кітаптарға тапсырыс беру үшін сілтемені басыңыз: https://clck.ru/3B7ie3
@kitapal_bot арқылы телеграмнан шықпай тапсырыс беру
сайт
www.kitapal.kz
уатсап
8-777-572-22-33


Video oldindan ko‘rish uchun mavjud emas
Telegram'da ko‘rish
Азамат Скаков: ерекше бай болу, миы өзгерген еркек, күнделік жүргізудің сыры| Kitapal podcast #38

Бүгінгі подкастта кітап авторлары: Данияр Жігітбек, Мирас Кесебаев, Шразаддин Каниязов коуч, полиглот Азамат Скаков мырзамен сұхбаттасады. Сұхбат барысында тұлға боп қалыптасу үшін оқыған кітаптары, бай болу, кітап жазудағы қиындықтар мен қызықтар, әдеби кітаптың әсері, т.б. тақырыптарға әңгіме өрбітеді.

https://youtu.be/v8RQ2ayfYno


17-МАРТ

Өткен аптада Мүсіреповте (үйінде) болдым. Бұл адаммен жақын келіп сұхбаттасқаным осы. Үйінде өзі жалғыз екен. Жылы қарсы алды. Екі сағаттай әңгімелестік. Мен Ғабеңді бойындағы дарынның барын беріп болған адам деп айта алмаймын. Ал бойында жасырынып жатқан жанар тауы бар екеніне күмәнім жоқ. Уақыт-ай!.. Әдебиет, жалпы искусство жөнінде болар-болмас шолу жасап, пікірлестік. Қарт әріден ойлайды. Қазіргі қазақ поэзиясы қатты толғандырып жүрген көрінеді. Бірдеме десем бе дейді.

"Аққулар ұйықтағандаға" тебіреніп пікір айтты, сүйсініп қалды. Мен ыңғайсыздандым, онымды түйе қойды да, қоя қойды. Өлеңдер оқыдым. Кетерде маған қалам сыйлады (алтын қалам).

Қарт қартайған екен. Бүкіл үйде жалғыз өзі отырғаны қатты әсер етті маған... Кабинет! Жұпыны, жазу столы тіпті жұпыны, басы артық дүниелер, әлеміш-жәлеміштер жоқ. Ұзынды-қысқалы, бір түстес, үшкір ұшталған қара қарындаштар. Тілдей параққа арапша жазып тастапты, жаңадан жазылған, сірә. Қорапқа салған екі мылтығы тұр. Кіреберісте саятшының сауыт-саймандары... Ретін тауып, өзімен ұзағырақ сөйлесер ме еді, біраз бірге болып, достасар ма еді. Тәңірім-ай, бұлар деген аяғын үзеңгіге салып тұрған адамдар ғой...

Енді өзім туралы. Жыр түсінер қауым өлеңдерің жақсы дейді, әр тұстан қолпаштаған хаттар да алып жүрмін, бірақ сенуім қиын. Жаман жыр жазу қиынға түсіп барады. Жақсы жыр басылмаса, жарық көрмесе, қайтем?! Білмеймін... Тәңірім әзірге шешемді тірі қоя тұрса екен. Өстіп, тұралап жүрген кезімде қисая қалса, ел-жұртқа масқара болам ба деп қорқам...

Kitapal дүкенінен Мұқағалидің кітаптарына тапсырыс беру үшін сілтемені басыңыз: https://clck.ru/3B7ie3
@kitapal_bot арқылы телеграмнан шықпай тапсырыс беру
сайт
www.kitapal.kz
уатсап
8-777-572-22-33


РАМАЗАН АЙЫНДАҒЫ ИТТІК

Осы Рамазан айында өзіңізді зерттеп көріңіз. Қазір шайтан байлаулы. Өзіңізбен өзіңіз қалдыңыз. Яғни, иттігіңіз, ластығыңыз қазір көрінеді. Оны түлен түртті деп, әзәзілден көре алмайсыз. Тап-таза өзіңіздің таңып алғаныңыз. Сол бір күнәларыңызды қаншалықты жиі жасайсыз, мәселе осыдан туындайды. Себебі Имам Ғазалидің баяндауы бойынша көбіне үлкен күнәлардың жолы кіші күнәлардан басталады.

Мысалы, көру, сөйлесу және сипалау секілді әрекеттер жасалмай, зина болмайды. Өсек, төбелес, ұрыс және дұшпандық болмай, адам өлтіру де орын алмайтыны секілді. Демек, әрбір үлкен күнәнің бастамасында және соңында кіші күнәлар болады.

Кіші күнәнің үлкен күнәларға айналуының себептерінің бірі – күнәні кіші санап, менсінбеу. Өйткені адам баласы жасаған бір кемшілігін үлкен деп көрсе, Алла Тағала оны кішірейтеді. Ал ұсақ деп көрсе, Алла Тағала оны үлкейтеді. Себебі адамның ол күнәні үлкен деп көруі – оны жек көріп, ұнатпауы себепті. Бұл тұрғыда ол күнә ендігәрі оған әсер ете алмайды.

Бірақ оны кіші санаса, оған әдеттеніп, осылайша жүрегіне көбірек әсер береді. Мұсылманға керегі – құлшылықпен жүректің нұрлануы. Ал аулақ болуы керек нәрсесі – күнәмен жүректі қарайту. Сол себепті ғапылдықпен жасалған күнә үшін жауапкершілік арқаламайды. Себебі бұндай күнәдан жүрегі әсерленбейді.

Осыған қатысты хабарда «Мүмін күнәсін басының үстіндегі бір тау секілді көреді және үстіне жығылайын деп тұр ма деп қорқады. Ал мұнафық күнәсін бірден ұшырып жібере алатындай мұрнына қонған бір шыбын секілді көреді» деп келеді.

Ихия-улумиддин, авторы Имам Ғазали.

Kitapal дүкенінен кітаптарға тапсырыс беру үшін сілтемені басыңыз: https://clck.ru/3B7ie3
@kitapal_bot арқылы телеграмнан шықпай тапсырыс беру
сайт
www.kitapal.kz
уатсап
8-777-572-22-33


— Сүйегіне барғанда алдым жаңағы суретті, — деді аздан соң Зия тыныштықты бұзғысы келмегендей, сыбырға жақын үнмен. — Төс қалтасынан шығыпты. Сірә, кезінде біздің қыздардың бірінен қалып кетсе керек. Өзім жат біреудің құшағында жатқан кездерімнің бәрінде де суретім Төлегеннің төсінде тыныстапты. Мен арам денемді сатып, алдамшы сезімге елітіп жүргенімде оның осы жансыз суреттен басқа сүйеніш ештеңесі болмаған… Ал менде қазір көңіл жұбатуға оның суреті жоқ. Тек бір жапырақ қағазға жазған хаты мен әні…

— Әні… — деді Бәтима сұрауға да қорыққандай, тұтығыңқырап. — Ол қандай ән?..

Зия сағат тықылына құлағын тігіп сәл отырды да, Бәтимаға студент кезінен бері жақсы таныс бір әнді нәзік дауыспен жайлап бастап, қайырмасына келгенде ары қарай соза алмай өксіп жылап жіберді.

«Әйел махаббаты», Мұхтар Мағауин.

Бұл кітапқа Kitapal дүкенінен тапсырыс беру үшін сілтемені басыңыз: https://clck.ru/3B7ie3
@kitapal_bot арқылы телеграмнан шықпай тапсырыс беру
сайт
www.kitapal.kz
уатсап 8-777-572-22-33


👀АДАМДАР НЕГЕ КЕДЕЙ БОЛАДЫ?

Шынымен, адамның кедей болуына не себеп? Біреу тағдырыма жазылған дейді. Енді бірі дым бітірмейтін жатыпішер жалқау болғандықтан. Тағы біреуі «енді қайтеміз, жемқорлық бар жерде қалай байисың?» дейді. Кімдікі дұрыс?

---
Алдымен, адамның жеке басына қатысты тұсын айтайық. Адам білім алмаса, бір дағды үйренбесе, бір мамандық игермесе, өзін дамытпаса, әрине, кедей болмай қайтсін!

Әбден жалқау, дым күн тәртібі жоқ адам да байымайды.

Қаржысын дұрыс басқара алмайтын, оңды-солды шашып жібергенін байқамай қалатын адам да соның кебін киеді.

---
Енді адамның айналасына қатысты жайттар бар. Мысалы, әлеуметтік теңсіздіктен байлар байи түсіп, кедейлер кедейлене береді.

Бұған әділетсіздікті қосыңыз. Кейбір адамдар қанша еңбек етсе де, жалақысы өте төмен. Сосын жемқорлық мен бюрократия бар жерде еңбекқор адамның адал жолмен жоғары көтерілуі қиын.

---
Адамның тағдырына қатысты қашып құтылу қиын жағдайлар бар. Мысалы, кедей отбасында туған адамның жақсы білім алу, мұраға байлық алу, әкесінің бизнесін жүргізіп кету мүмкіндігі жоқ.

Ауыр сырқаттар немесе мүгедектік кедейлікке алып келетіні бар.

Экономикалық дағдарыс, соғыс, табиғи апаттар адамның бар еңбегін жоқ қылады.

---
Енді психологиялық факторларды айтайық. Кейбір адамдар ақшаға деген негативті көзқарасын өзгерте алмайды. Өзін әрдайым кедей сезінетін адам ешқашан байлыққа ұмтылмайды. Енді біреулер қорқыныш пен сенімсіздіктен жаңа мүмкіндіктерден қорқады, тәуекелге бара алмайды.

---
Бұның ішінен біз өзгерте алатындар мыналар:
1. Білім алу, қаржы қағидаларын, жаңа қабілеттер үйрену.
2. Еңбек ету.
3. Ақшаны дұрыс басқару, жинау, инвестиция жасау.
4. Ортаны өзгертіп, жақсы әсер ететін адамдармен араласу.
5. “Мен ешқашан бай болмаймын” деген ойдан арылу.

❗️‼️🔺
Мұның бәріне кітап оқу жақсы көмектеседі.


Kitapal дүкенінен кітаптарға тапсырыс беру үшін сілтемені басыңыз: https://clck.ru/3B7ie3
@kitapal_bot арқылы телеграмнан шықпай тапсырыс беру
сайт
www.kitapal.kz
уатсап
8-777-572-22-33


ТАРИХТЫҢ ШЫНЖЫРЫН ҮЗУ ҮШІН НЕ ІСТЕЙМІЗ?

Қиын кезеңдерде мықты адамдар пайда болады. Мықты адамдар жайлы қоғам құрады. Жайлы қоғамда әлсіз адамдар қалыптасады, ал әлсіз адамдардың тірлігі қайтадан қиын кезеңге алып келеді.
— Г. Майкл Хопф

Тарих қайталанады. Өткенге көз жүгіртсек, өркениеттердің, мемлекеттердің, әулеттердің, тұтас дәуірлердің бір сценарий бойынша өзгеретінін байқаймыз.

Қиын кезеңдерде тек ең мықтылар ғана аман қалады. Олар қиын жағдайға бейімделеді, қиындыққа төзімді бола түседі, өмірдің сынақтарын бел шешіп қабылдайды. Өздерін де, айналасын да өзгертеді, өйткені басқа таңдауы жоқ. Соғыс, дағдарыс, зұлматтар осындай көшбасшыларды, бірегей тұлғаларды қалыптастырады.

Мықты адамдардың жанкештілігі арқасында жанға жайлы кезең туады. Олар қала тұрғызады, жаңа технологиялар ойлап табады. Соның арқасында елге молшылық, тұрақтылық әкеледі. Өмір сүру жеңіл бола түседі.

Алайда мұндай кезеңдер адамды босаңсытады. Өмір үшін күрес жоғалған кезде, жоқшылықты білмейтін жаңа ұрпақ дүниеге келеді. Олар біреу түгіл, өзімен де күреспейді. Ауырдың үстімен, жеңілдің астымен жүреді. Іздегендері – рақат, ләззат. Бірдеңе ойлап табудан гөрі көбірек тұтынсам деген қалауы болады.

Нәтижесінде әлсіз адамдар әлемді қайтадан ауыр кезеңдерге апарып тірейді. Олар күрделі шешімдер қабылдауға қорқады. Жауапкершіліктен қашады. Өзінен мықты шықса, бас амандығы үшін елін де, жерін де, арын да беруге даяр. Содан қоғамда дүмпулер бас көтеріп, соғыстар басталып, экономика дағдарысты бастан кешеді. Тарих шеңбері тағы бір айналады.

Бұл шексіз циклді қалай бұзу керек?

Біз қазір жайлы өмір сүріп, әлсіреп жатқан жұртпыз. Демек біз құлдырамас үшін жауапкершілікті сезінетін, өмірдің қиындықтарымен күресетін, елдің рухын көтеретін тұлғалар өсіруіміз керек. Керек десең сол тұлғаның өзі болуға тиіспіз.

Мәселе мынада: ал сен қайсысын таңдайсың: жайлы қоғамның әлсіз тұтынушысы әлде елді құтқаратын тұлға?

Kitapal дүкенінен кітаптарға тапсырыс беру үшін сілтемені басыңыз: https://clck.ru/3B7ie3
@kitapal_bot арқылы телеграмнан шықпай тапсырыс беру
сайт www.kitapal.kz
уатсап 8-777-572-22-33


Video oldindan ko‘rish uchun mavjud emas
Telegram'da ko‘rish
Жалғас Қазыбек: мектеп бітіргенше 300 кітап оқыдым | Kitapal Talks #8

Бұл шығарылымда жас жазушы Жалғас кітап жазудың алғышарттары, сын мен мінге дайын болу, көп кітап оқу, өзіңнің дара жолыңды табу, кітапты басу туралы ойын бөліседі. Блокнот пен қаламыңызды дайындаңыз. Бұл видеодан түртіп алар түйіндер көп болмақ.

Kitapal дүкенінен кітаптарға тапсырыс беру үшін сілтемені басыңыз: https://clck.ru/3B7ie3

Жалғас Қазыбек: @zhalgastyr

https://youtu.be/qeGY1BYb2AA толық шығарылым


ТӨБЕГЕ ТҮКІРУ ҮШІН ҮШ ЖҮЗ СОМ ЖЕТЕ МЕ?

Куба революциясының көшбасшысы Фидель Кастро:

- Момышұлының еңбектері біздің әскери училищелерде оқытылады. Мысалы, қоршауды бұзып шығу тактикасына байланысты «Бауыржан спиралі» деген бар, - деген «Знамя» журналына берген сұқбатында.

«Бостандық аралының» серкесі Бауыржан Момышұлы туралы «Волоколам тас жолы» кітабын қайталап оқып, тамсанады екен. Батырды жауынгерліктің идеалы санап, аталған шығарманы Куба сарбаздарының ең қажетті әскери жабдықтары қатарына кіргізу жөнінде бұйрық шығарыпты. Қысқасы, тірі адам екенін білген соң, жаны қалмай, Бауыржанды мәртебелі мейман ретінде дереу Кубаға қонаққа шақырады. Бұл – 1963 жылдың қыркүйек айында болған оқиға.

Бауыржан Момышұлы:
– Көрдің бе, мені өз Отаным керек қылмайды. Бас штаб маманы, Әскери Академияның орденді профессоры, гвардия полковнигі Бауыржан Момышұлын алады да саптан лақтырып тастайды. Мен – жоғары білімді әскери адаммын. Әлі де, кемі, он бес жылдай қызмет ете алар едім. Иә, тәуір зейнетақы берді. Үш жүз сом тақияға тар келмейді. Бірақ ең топас түрде бұйырды: көйкеңе жайғас та, дыбыр етпей, төбеге түкіріп жата бер деді. Қалай ойлайсың, төбеге түкіру үшін үш жүз сом жете ме? Білікті офицер үшін жаман ермек емес қой, ә! СССР азаматы және адал офицер ретінде бұл жағдай арыма қатты тиеді, намысым тапталады. Осылай, бауырым. Ал айдаладағы кубалықтар мені пір тұтып, аспанға шығарады, – депті Олжас Сүлейменовқа.

Батыр Кубаға жалғыз аттанды... Бостандық аралының жетекшілері қазақ сарбазын хан көтере құрметтейді. Оны Куба дивизиясы 51-ші полкінің құрметті командирі етіп тағайындайды. «Кубаның революциялық Үкіметі мен Әскери күштерінің атынан зор ризашылықпен әйгілі совет полковнигі Бауыржан Момышұлына!» деп Рауль Кастро қол қойып, Куба көсемі, ұлттық қаһарман Хосе Мартидің портретін сыйлайды.

Кейін Олжас ақын Куба газеттерінің бірінші бетіндегі Бауыржан ағасының: «Кубаға Қазақ елінен жалынды сәлем!» деп саңқылдап, ұшақ трапынан түсіп келе жатқан немесе оның әскери парадты қабылдаған кезі бейнеленген көптеген суреттерді көріп, батыр туралы испан тілінде жазылған мақалаларды оқи отырып:
– Әттең, Қазақ халқының шырқау биікке көтерілген осы бір керемет сәттеріне куә бола алмағаным-ай! – деп қатты өкінгенін айтады.

Kitapal дүкенінен кітаптарға тапсырыс беру үшін сілтемені басыңыз: https://clck.ru/3B7ie3
@kitapal_bot арқылы телеграмнан шықпай тапсырыс беру
сайт
www.kitapal.kz
уатсап
8-777-572-22-33

20 ta oxirgi post ko‘rsatilgan.