ҚҰРАН КӘРІМ (ҚАЗАҚША ТҮСІНДІРМЕЛІ АУДАРМА)


Kanal geosi va tili: Qozog‘iston, Qozoqcha


📗ҚҰРАН КӘРІМ ҚАЗАҚША ТҮСІНДІРМЕЛІ АУДАРМАСЫ
✍️АВТОР: ӘКІМХАНОВ АСҚАР БОЛАТБЕКҰЛЫ, АНАРБАЕВ НҰРЛАН САЙЛАУҰЛЫ

Связанные каналы  |  Похожие каналы

Kanal geosi va tili
Qozog‘iston, Qozoqcha
Statistika
Postlar filtri




115. Шығыстың да, батыстың да иесі бір Алла. Жүздеріңді қай жаққа қаратсаңдар да, Аллаға бет бұрған боласыңдар. Шүбәсіз, (күллі жаратылысты мейіріміне бөлеген) Алла өте кең, бәрін білетін шексіз ілім иесі.

2:115

https://t.me/kuran_karim_kz


114. Алланың мешіттерінде Оның есімін еске алуға (құлшылық етуге) тыйым салып, оларды қаңыратып қою әрі қирату үшін жанын салып, дамыл таппай шапқылап жүргеннен асқан залым бар ма?! Олар мешіттерге қорыққан күйде ғана кіруге лайық. Олар үшін бұл дүниеде қорлық, ал ақиретте алапат азап бар.

2:114

https://t.me/kuran_karim_kz


113. Яһудилер: «Христиандардың ұстанған діні негізсіз», – десе, христиандар: «Яһудилердің ұстанған діні негізсіз», – деп айтты. Олар Кітапты (Тәурат пен Інжілді) оқып тұрып осылай дейді. Сондай-ақ діннен, ілімнен бейхабар надандар да (яғни араб мүшріктері) солардың айтқанындай («Мұхаммедтің діні негізсіз», – деп) орынсыз уәж айтады. Алла қиямет күні араларындағы талас-тартыстарға қатысты кесімді үкімді Өзі айтады.

2:113

https://t.me/kuran_karim_kz


112. Жоқ, олай емес! Кімде-кім Алланы көріп тұрғандай, ең болмағанда Алланың өзін көріп, бақылап тұрғанын жадында ұстап ізгі істер атқаратын игілікке жаны құштар ізгі жан ретінде жан-тәнімен бір Аллаға бойсұнса, оның Раббысының дәргейінде алар сыйы бар. Ондай жандар үшін (Алланың Өзі жар болатындықтан әсіресе ақиретте) ешқандай қорқыныш жоқ һәм олар әсте жабықпайды.

2:112

https://t.me/kuran_karim_kz


111. Кітап иелері: «Яһудиден немесе христианнан басқа ешкім жұмаққа кірмейді (яғни яһудилер «біз ғана жұмаққа кіреміз», христиандар да «біз ғана жұмаққа кіреміз»)», – деді. Бұл олардың құр қиялы ғана. Оларға: «Егер айтқан сөздерің рас болса, қане, дәлелдеріңді келтіріңдер», – деп айт.

2:111

htt rel='nofollow'>ps://t.me/kuran_karim_kz


110. Намазды кемеліне жеткізіп, үзбей әрі уақытылы оқыңдар және зекетті толық беріңдер. (Алланың разылығына бөлену мақсатында) дүниеде өздерің үшін қандай да бір жақсылық жасап, (ақиретке) жолдасаңдар, соны міндетті түрде Алланың дәргейінен табасыңдар. Шүбәсіз, Алла сендердің не істеп, не қойып жүргендеріңнің бәрін көруде!

2:110

https: rel='nofollow'>//t.me/kuran_karim_kz


109. Кітап иелерінің көпшілігі өздеріне («Құран – Алланың сөзі, Мұхаммед – ақырғы пайғамбар» деген) ақиқат анық белгілі болғаннан кейін, нәпсілерінен туындаған қызғаныш, көреалмаушылық себепті, сендерді иманнан бездіріп, қайтадан кәпір қылуды көксейді. Ендеше, Алла оларға қатысты өз үкімін шығарып, оны жүзеге асырғанға дейін, оларға кешіріммен қараңдар, сөздері мен қылықтарын көңілдеріңе алмаңдар. (Сезімге беріліп, олармен жаға жыртыспаңдар.) Шүбәсіз, Алла барлық нәрсеге толық құдіретті!

2:109

https: rel='nofollow'>//t.me/kuran_karim_kz


108. (Уа, Мұхаммедтің үмбеті!) Кезінде кітап иелерінің (өз араларындағы бірқатар кәпірлердің азғыруымен һәм Алланың кейбір аяттар мен үкімдерге өзгерістер енгізгенін түсіне алмай) Мұсаға («Алланы өз көзімізбен көргіміз келеді» дегені сияқты) орынсыз талаптар қойғанындай, сендер де пайғамбарларыңа орынсыз һәм қисынсыз талаптар қойғыларың келе ме?! Кімде-кім иманын күпірлікке айырбастаса, онда оның, шүбәсіз, тура жолдан адасқаны.

2:108

https://t.me/kuran_karim_kz


107. Жеті қат көк пен жердегі бар биліктің бір Аллаға тиесілі екенін білеп пе едің?! Сендердің Алладан басқа қамқор достарың да, шын жанашыр медеткерлерің де жоқ.

2:107

https://t.me/kuran_karim_kz


106. Біз (дінді кемеліне жеткізу һәм нығметтерімізді толықтыру үшін) қандай да бір аяттың үкімін (толық яки жартылай) жоятын немесе ұмыттыратын болсақ, орнына одан да абзалын, яки соған ұқсасын түсіреміз. Алланың құдіретінің барлық нәрсеге толық жететінін білмеп пе едің?!

2:106

https: rel='nofollow'>//t.me/kuran_karim_kz


105. Күпірлік қылған кітап иелері де, мүшріктер де сендерге Раббыларыңнан қандай да бір жақсылық түскенін қаламайды. Алайда (олар қанша жерден қаламаса да) Алла қалаған құлын рақымымен таңдаулы қылады һәм оған маңызды міндет жүктейді (яғни, пайғамбарлық міндет жүктейді немесе дін жолында қызмет етуді нәсіп етеді). Алла – зор игілік, шексіз шарапат егесі.

2:105

https: rel='nofollow'>//t.me/kuran_karim_kz


104. Уа, иман келтіргендер! (Алла елшісімен тілдескенде, бірқатар (арам пиғыл) яһудилер сияқты («бізге де көңіл бөлесің бе?» және «әй, біздің бақташы, бізге бас-көз бол» деген мағынаға саятын) «рағина» деген екі ұшты сөзді айтпаңдар, оның орнына «унзурна» (яғни «өтінеміз, бізге назар салыңыз») деп айтыңдар, сондай-ақ айтқанына құлақ асып, (оған толық мойынсұныңдар). (Біліп қойыңдар, Алла елшісіне сенбейтін, мойынсұнбайтын һәм лайықты құрмет көрсетпейтін) кәпірлер үшін жан төзгісіз азап бар.

2:104

https://t.me/kuran_karim_kz


103. Егер олар тиісінше иман келтіріп, Аллаға шын жүректен тағзым етіп, (сиқыр сынды) харам нәрселерден бойларын аулақ ұстағанда ғой (әлі де болса солай істесе ғой)! Онда Алланың оларға берер сауабы бәрінен де қайырлы болар еді. Әттең, олар соны білсе ғой!

2:103

https: rel='nofollow'>//t.me/kuran_karim_kz


102. Олар Сүлейменнің патшалығына қарсы шыққан шайтандардың (Сүлеймен пайғамбардың жын-шайтандарды, құстарды көптеген істерде қолдануын сиқырға балаған) сөзіне ерді. Негізі, (сиқырдың үлкен күнә екенін білетін) Сүлеймен (сиқырмен айналысып) күпірлік еткен жоқ, керісінше, шайтандар күпірлік қылды, өйткені олар адамдарға сиқыршылықты және Бабылдағы Һарут пен Мәрут атты екі періштеге түсірілгендерді (яғни, тылсым ілімді) үйрететін еді. Ол екеуі: «Біз тек сынақ ретінде жіберілдік, ендеше (бұл тылсым ілімді теріс пиғылмен қолданып) кәпір болып кетпе», – деп ескертпейінше, ешкімге (тылсым ілімді) үйретпейтін. Алайда шайтандарға ергендер екі періштеден ерлі-зайыптыларды бір-бірінен айырып, ажырататын нәрселерді үйренетін еді. Ақиқатында, олар Алланың қалауынсыз (сиқыр арқылы) бірде-бір жанға зиян келтіре алмайды. Сөйтіп, олар өздеріне пайда бермейтін, керісінше, зиян келтіретін нәрселерді үйренумен болды. Олар сиқырды (Алланың кітабына) айырбастап алғандардың ақиретте (Алланың мейірімінен) нәсіпсіз болатынын жақсы білетін. Олар өздерін қандай жаман нәрсеге сатып жібергенін білсе ғой!

2:102

https://t.me/kuran_karim_kz href='' rel='nofollow'>


101. Оларға Алланың құзырынан қолдарындағы Тәуратты растаушы Пайғамбар келгенде, кітап иелерінің бір тобы (кітаптың Алла тарапынан түсірілгенін әрі оны жеткізуші пайғамбардың өздері күтіп жүрген ақырғы елші екенін) білмейтіндей сыңай танытып, Алланың кітабын кері лақтырып тастады.

2:101

htt rel='nofollow'>ps://t.me/kuran_karim_kz


100. Сонда келісім жасасқан сайын, әлгі азғындардың бір тобы келісімді бұзып, кері лақтырып тастай ма?! (Иә, олар үнемі солай істейді һәм олардың бір тобы ғана емес) көпшілігі уәдеде тұру дегенді білмейді, иман да келтірмейді.

2:100

htt rel='nofollow'>ps://t.me/kuran_karim_kz


99. (Уа, Мұхаммед!) Біз саған анық аяттар түсірдік. Ол аяттарды Аллаға қарсы келіп, асы болған күнәһарлар ғана жоққа шығарады.

2:99

ht rel=/i/b'nofollow'>/b>tps://t.me/kuran_karim_kz


98. Кімде-кім Алланы, періштелерін, елшілерін, соның ішінде, Жәбірейіл мен Микайылды өзіне дұшпан санаса, біліп қойсын, шүбәсіз, Алла да кәпірлердің
дұшпаны.

2:98

https://t.me/kuran_karim_kz


97. Оларға айт: «Кімде-кім Жәбірейіл періштеге дұшпан болса, біліп қойсын! Бұл Құранды бұрынғы иләһи кітаптарды растаушы және мүміндерді тура жолға бастаушы һәм сүйіншілеуші етіп, Алланың қалауымен сенің жүрегіңе сол түсірді.

2:97

ht rel=/i/b'nofollow'>/b>tps://t.me/kuran_karim_kz

20 ta oxirgi post ko‘rsatilgan.