📍
Аты әлемге Әйгілі физик Ньютонның басынан кешірген бір жайты
—
Ғалым Күн жүйесіне ұқсас бір бөлмелік аппарат жасаған. Бұл аппараттың ерекшелігі сол – тетігін басқанда бөлмедегі күллі планета атаулы есепті жылдамдықпен өз осі мен Күнді айнала бастайды.
👨🦱 Бірде Аллаһ тағала туралы түсінігі жоқ жақын досы үйіне келіп, таңданысын жасыра алмай:
– Неткен керемет! Бұл аппаратты жасаған кім? − деп сұрайды.
—
Ньютон сыр алдырмай:– «Өздігінен пайда болған да, Ейтпесе ешкім де жасаған жоқ,» деп жауап береді.
– Әсте сен менің не дегенімді түсінбеген боларсың, – деп досы сұрағын қайта қояды.
Сонда оған титімдей ой салмақ болған Ньютон:
– Әрине, түсіндім. Дегенмен, бұл өзінен кенеттен пайда болып, эволюция жолымен осындай дәрежеге жетті, – деп жауап береді әлі де сыр алдырмаған қалпы.
– Мұндай сандыраққа сенетін мені кім деп ойлап тұрсың? – деп, әлгі ашуға мінеді. Сонда дәл осы сәтті күтіп тұрған Ньютон досының иығына қолын салып:
– Көз алдыңдағы бұл аппарат – заңдылықтары өзіңе де таныс теңдессіз күн жүйесінің қарапайым ғана макеті.
📌 Сен енді көз алдымыздағы бұл макеттің де әйтеуір бір жасаушысы болуы қажет екенін талассыз қабылдап тұрсың.
📌 Ендеше, бұдан сан есе үлкен ғажайып күн жүйесінің де бір жаратушысы бар екенін қалайша түсінбейсің? – деп, досына үлкен ғибрат ұқтырумен қатар, көкірегіне иман ұшқынын да ұялатқан екен.
📔 «Кемелдік кілті» кітабынанhttps://t.me/maktubatkz