💬 Онлайн күйде нәзік жандыларға Араб тілі ілімдерін оқытатын «Грамматика Жатақханасы» оқу ордамызға екі жыл толды. Осы уақытқа дейін арамыздағы озық шәкірттердің бірі 62 жастағы апамыз. Бүгінге дейін Сарф ілімі бойынша: «Әмсилә, Бинә, Мақсуд» еңбектерін, Нах’у ілімі бойынша «ән-Нах’у әл-Уәдих» еңбегін аяқтап, «әт-Тухфәт әс-Сәнииә» еңбегін оқу үстінде. Кеше ғана Сарф ілімі бойынша «Бинә» еңбегін жатқа тапсырып аяқтады. Аллаһ Тағала іліміне берекет берсін деймін. Ия расымен ілім тұрақтылықты және сабырлықты қажет етеді. Осы уақытқа дейін арамыздан 200-ден астам адам шығып кетті, олардың арасында небір зерек жандар оқыды. Бірақ бұл зеректіктері пайда бермеді өкінішке орай.