🌙 Рамазанға 3️⃣ күн қалды
Сұрақ: Жүкті және емізулі баласы бар әйел оразада не істейді?
Жауап: Жүкті әрі емізулі баласы бар әйелдер ораза ұстау өзіне не баласына зиян беруден қорықса, ораза тұтпауға рұқсат етіледі. Кейін оразаның қазасын өтейді. Үзір себепті ауыздарын ашқандықтан кәффарат міндеттелмейді. Оған қоса підияны да бермейді. Өйткені құрсақтағы немесе омырауындағы балаға қауіптенгені үшін ауыз ашқаны қарт кісінің мәселесіне ұқсамайды. Әнас ибн Мәлік (Алла оған разы болсын): «Алла Елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) өзі үшін қауіптенетін жүкті әйелге және сәбиіне зиян жетуінен қорыққан емізуші әйелге ауыз ашуға рұқсат етті», – дейді.
Егер емізулі әйел баласын өзінің сүтінен басқасымен (жаңа туылған нәрестелерге арналған қоспалар) емізуге шамасы келсе, аузын ашпайды. Ал оған жағдайы болмаса немесе нәрестесі оны қабылдамаса, онда емізулі әйел өзіне не баласына зиян жетуіне қауіптеніп, аузын ашады.
🌐 Толығырақ осы сілтемеден оқи аласыз.
#СағындырғанРамазан