Өмірдің тұтқасы осы ұлы махаббат сезімінде. Ғашық болсаң саған күнде, гүлде, жан – жағындағы адамдар да күліп, қызыға қарап тұрған секілді. Махаббат бар, ол адаммен бірге жүреді. Тек оны аялай білу керек. Әрбір адам өз махаббатының бағбаны. Солып қалмау үшін қай гүлге қанша су құю керек екендігін бұлжытпай білетін бағбан тәрізді, адам да өз махаббатының үнемі жайқалып тұруына тыңбастан жағдай жасап отыру тиіс. «Махаббат – дүниедегі барлық күштің, барлық қуаттың бастауы. Онсыз еш жерде жеңіс жоқ» – деп, Әзілхан ағамыз айтқандай. Өмірдің өзі осы кіршіксіз таза сезімде тұр. Оны жоқ деу, өмірді жоқ деумен тең. Махаббат болған жерде бақыт көз жасы да бірге жүреді. Азапсыз махаббат арзан махаббат деп бекерге айтпаған. Адамның өмірі қысқа болғанымен, махаббаты ұзақ өмір сүреді.
«махаббат – жаңбырдан соңғы күн нұрындай» – деп, Шекспир,
«Махаббаттан – өмір туады» – деп, Хорезми айтса, ал Мұхтар Шаханов:
“Ғашық жүрек сүйгені үшін бола алмайды жазалы,
Адам азса махаббаттың жоқтығынан азады”…..