MunaiFieldService


Kanal geosi va tili: Qozog‘iston, Qozoqcha



Kanal geosi va tili
Qozog‘iston, Qozoqcha
Statistika
Postlar filtri


«MunaiFieldService» ЖШС футзалдан құрама командасы үздіктер қатарында 1 орынға ие болды

Маңғыстау облысының күзгі біріншілігіне мекеме атынан қатысқан команда 10 турдан кейінгі турнирлік ойындардың нәтижесінде 25 ұпаймен бірінші орынға шықты.

«В» лигасынында өнер көрсеткен аяқдопшылар 10 ойында – 8 ұтыс, 1 тең ойын көрсетті. Сонымен қатар, құрама команда мүшесі Әбу Құдайберген 18 гол соғып, үздік сұрмергендер кестесінде бірінші орында тұр.

Ойынға қатысқан барлық қызметкерімізгі керемет нәтижемен құттықтай отырып, алдағы уақытта жаңа жетістіктер тілейміз!


#құттықтаймыз

Бүгінгі 22 қарашадағы туған күнімен
қызметкерлеріміз:

🔹Бұрғышы көмекшісі - Сапаргалиев Полатбай Жаумытбайұлы;

🔹Бұрғышы - Кенжебеков Аманғалы Сынабайұлын;

🔹Бұрғышы көмекшісі - Убадуллаев Ердаулет Салимовичті құттықтаймыз.

Денсаулық, амандық, толағай табыс тілейміз!


«MUNAIFIELDSERVICE» ЖШС ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ОБЛЫСТЫҚ ЖАС ЖҰМЫСШЫ МАМАНДАР ЖИЫНЫНА ҚАТЫСТЫ

Жиында облыс көлеміндегі өндірістік мекемелерден жас мамандар келіп, оқушылар мен студенттерге еңбек тәжірибесімен бөлісті. Жастарға жұмысшы мамандықтары туралы бағыт-бағдар беріліп, өзара пікір алмасу болды.

Маңғыстау облысының әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан үлесі үшін бұрғышы көмекшісі Нұркен Бердихановқа облыс әкімі Нұрдәулет Қилыбайдың атынан "Алғыс хаты" берілді.


«MUNAIFIELDSERVICE» ЖШС ТЕҢГЕ КЕНОРЫНДА 16 СКВАЖИНАҒА ЖЕР АСТЫ ҚАБАТЫН СҰЙЫҚТЫҚПЕН ЖАРУ ЖҰМЫСТАРЫН ЖҮРГІЗДІ.

Тапсырыс беруші «Tenge Oil&Gas» мекемесі тарапынан алынған қосымша жұмыс көлемінің сәтті жүзеге асуына үлес қосқан - Жер асты қабатын сұйықтықпен жару цехының барлық қызметкерлерінің еңбегін атап өту қажет.

Келесі жылдары осы бағыттағы жұмыстар Теңге кенорнында жоспарланып отыр.


«MUNAIFIELDSERVICE» ЖШС ӨЗЕН КЕНОРНЫНДА РАДИАЛДЫ БҰРҒЫЛАУ ЖҰМЫСТАРЫН СӘТТІ ӨТКІЗДІ

Радиалды бұрғылау – иілгіш үздіксіз құбырларды қолдану арқылы мұнай және газ ұңғымаларының өндірістік жағдайын қалпына келтіру және жақсарту технологиясы. Бұл жұмыс бағыты біздің мекеме тарапынан алғаш рет жүзеге асып отыр.

Ағымдағы жылдың сәуір айынан басталған жұмыс нәтижесінде Өзен, Қарамандыбас кенорнындағы 6 скважинаға радиалды бұрғылау жұмыстары жүргізіліп, жақсы нәтиже көрсетті.

Бұл жобаның сәтті жүзеге асуына - Өндірістік-технологиялық бөлім бастығы Жарасхан Куанов, №9 бригада қызметкерлері мен шебері Бекқожа Махамбетовтің ерекше үлес қосқанын атап өту қажет.


#құттықтаймыз

Бүгінгі 21 қарашадағы туған күнімен
қызметкеріміз бұрғышы көмекшісі - Ахытов Ғабит Аубакировичті құттықтаймыз.

Денсаулық, амандық, толағай табыс тілейміз!












«MUNAIFIELDSERVICE» ЖШС ТЕХНИКАЛЫҚ БАЗАСЫНЫҢ ҚАТАРЫ ЖАҢА ЖҮК ТИЕГІШ КӨЛІКПЕН ТОЛЫҚТЫ

Жаңа техниканың кілтін табыстау рәсіміне қатысқан бас директор Нұрлан Белшер жүк тиегіш көліктің кілтін автокөлік жүргізуші Қоблан Бағытовқа табыстады. Автокөлік цехының қызметкерлері, автокөлік жүргізушілері аталған шараға қатысып, игі тілектерін білдірді.

2022 жылдан бастап мекеменің техникалық базасын жаңарту жұмыстары қолға алынып, бұл шара кезең-кезеңімен жалғасып келеді.












Бүгін мұнай-газ саласына қосқан елеулі үлесі, кәсіби қызметте жеткен жоғары нәтижелері үшін бірқатар қызметкерге марапат табысталды.

Сорғы қондырғысының операторы Алпысбай Давленбаевқа Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің «Алғыс хаты» табысталды. Бюджеттеу және экономикалық талдау бөлім бастығы Арап Кенджебаев, диспетчер Мереке Кощанова, бұрғышы Берік Аленов, бұрғышы Мәлік Жайтуғановқа мерейлі 50 жасқа толуына байланысты директор атынан арнайы құттықтау адресаты берілді.

Мекемеде 19 жылдан аса уақыт әртүрлі қызмет атқарған Ұңғыманы күрделі жөндеу цех бастығының орынбасары Хасен Ерлепесовке зейнет жасына толуына байланысты марапат берілді.

Бас директор Нұрлан Белшер арнайы «Алғыс хат», естелік сый табыстап, ұрпақтар сабақтастығын үзбеу қажеттігін айтты.


Video oldindan ko‘rish uchun mavjud emas
Telegram'da ko‘rish


Video oldindan ko‘rish uchun mavjud emas
Telegram'da ko‘rish

20 ta oxirgi post ko‘rsatilgan.