Мұнайшылар мерекесі – ерекше сән-салтанатпен
2025 жылдың қыркүйек айының 12-сі күні “МұнайФилдСервис” ЖШС ұжымы бас директор Белшер Нұрлан Тукмағанбетұлының басшылығымен Қазақстан Республикасының мұнай-газ кешені қызметкерлері күнін жоғары деңгейде атап өтті.
Мерекелік жиын мекеме базасында ұйымдастырылып, арнайы сахна құрылды. Қазақы дәстүрдің айшықты үлгісі ретінде қос киіз үй тігіліп, қонақтарға дастарқан жайылды. Дәл сол күні жаңбыр себелеп тұрса да, бұл табиғаттың нышаны мерекенің мәнін арттыра түсті. Жаңбыр – берекенің, молшылықтың, ырыс-дәулеттің белгісі. Көктен жауған нұр тамшылары мұнайшылардың еңбегіне деген шынайы құрметпен астасып, шараға өзіндік ажар қосты. Салтанатты шараға қала басшылығы, ауыл әкімдері, сала жетекшілері мен ардагер мұнайшылар қатысты.