MY USTAZ ✨


Kanal geosi va tili: Qozog‘iston, Qozoqcha
Toifa: Din


қыздардың рухани дамуына арналған канал 💌

Связанные каналы  |  Похожие каналы

Kanal geosi va tili
Qozog‘iston, Qozoqcha
Toifa
Din
Statistika
Postlar filtri


ОРАЗА АЙТ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!🤍🌙

Дәл осы қасиетті мейрамда қандай амалдарды орындаған жөн?👇🏻

1. Айт намазына барыңыз.

Таңда бүкіл мешітте айт намазы оқылады. Намаз уақыты әр қалада әртүрлі. Сондықтан нақты кестені нақтылап алғаныңыз жөн. Айт намазын күн шыққан соң, жамағатпен оқиды. Сүннет бойынша мешітке шығардан бұрын жеңіл-желпі тамақтанып алған жөн. Бұл күні ауыз бекітпейтіндіктен, құрма жеп шықсаңыз болады.

2. Пітір садақа беріңіз.

Айт намазы басталмай жатып әр мұсылман міндетті түрде пітір садақа беруі керек. Мұндағы мақсат — мұқтаж адамдарға көмектесіп, олардың да осы мерекені қуанышты өткізуіне сеп болу. Пітір садақа мөлшерін жергілікті мұсылмандар діни басқармасы бекітеді. Қазақстанда 2025 жылы пітір садақасы адам басына 655 теңге болып белгіленді.

3. Таза әрі сәнді киім киіп барыңыз.

Айт намазына барарда алдымен толықтай жуынып, ғұсыл алған жөн. Одан соң иіссу сеуіп, таза киім киіп барыңыз. Бұл ұлық мерекеге деген құрметті білдіреді.

4. Жақындарыңызды құттықтап, жүздесіңіз.

Намаздан шыққан соң, бәрі бір-бірін құттықтап, «Ораза айт құтты болсын!», «Айттан айтқа жете берейік!» деп жылы сөз айтады. Туыстардың үйіне айттап барып, сәлем беріп шығады.

5. Дастарқан басында бас қосыңыздар.

Айтты мұсылман қауымы ерекше күтеді. Сондықтан отбасылық дәстүр ретінде бұл күні үйді де сәндеп, бар дәмдісін пісіріп, дастарқан жаяды. Өздері де ауыз тиюге басқалардың үйіне барады.

📌 Айт күні не істеуге болмайды?

• Пітір садақаны ұмытып кетпеңіз.
• Ашуланып, өсек сөз, ғайбат айтпаңыз.
• Үлкендер мен туыстардың көңілін қалдыруға болмайды. Бұл — жақындармен байланысты нығайтатын, татуластыратын мереке.
• Ауыз бекітуге болмайды. Рамазанда қаза қылған күндеріңізді айттан кейін бастап кетсеңіз болады. Бірақ дәл айт күні ауыз бекітуге тыйым салынған.

«Отыз күн оразаның бір айты бар, әр қылған жақсылықтың бір қайтымы бар» деп атамыз қазақ айтқан, осындай ұлы күндерімізді ұлықтайық, шынайы мұсылман болайық!✨



3.7k 1 286 5 71

Рамазан қалай өтуде? 🌴


Байқадыңыз ба? Шүкір еткен сайын шүкір етуді қажет ететін дүниелердің саны арта түседі ✨


«Шеше алмайтын проблемаларыңды, шеше алатын Раббыңа қалдыр».


Video oldindan ko‘rish uchun mavjud emas
Telegram'da ko‘rish


Намазыңды тірлікке байласаң, екеуі де қаза болады.

Тірлігіңді намазға байласаң, екеуіде таза болады.




Намазға асық, бірақ намазда асықпа! ✨


1. Дұға – ризықтың үлкен кілті

Ризықтың артуын қалайтын адам Аллаға шынайы түрде дұға етуі қажет. Арнайы дұғалар:

• Раббана атина фи-ддунья хасана, уә фи-л-ахирати хасана, уә қина азаба-ннар
(Ей, Раббымыз! Бізге бұл дүниеде де жақсылық, ақыретте де жақсылық нәсіп ете гөр. Бізді тозақ азабынан сақтай гөр.)
• Аллаһумма икфини бихалялик ани харамик, уә ағнини бифадлика амман сиуак
(Уа Алла, маған адал рызық беріп, харамнан сақта және Өз мейіріміңмен Өзгеге мұқтаж етпе!)


Жұма күні Кәһф сүресін оқуды ұмытпаңыз🙌🏻

Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) жұма күні Кәһф сүресін оқудың артықшылығы жайында былай деген:

"Кім жұма күні Кәһф сүресін оқыса, ол оны келесі жұмаға дейін нұрландырып тұрады".


Жұмада мына сүннеттерді орындауды ұмытпаңыз📌

• Жақсылық жасау✨
• Салауат айту✨
• Садақа беру✨
• Ғұсыл алу✨
• Кәһф сүресін оқу/ тыңдау✨
• Жақындарыңызға хабарласу✨


«Джәзаллаһу 'аннә Мухаммадан бимә һуә әһлуһ»

{Алла Тағала Мұхаммедті біздің атымыздан сый құрметке бөлесін, өйткені Ол онсыз да бұған әбден лайық}

جَزَى الله عَنَّا محمدًا بِما هُوَ اهْلُهُ


"Бисмилләһир-рохманиир-рохиим" деп айт

بِسْمِ اللَّهِ الْرَّحْمَنِ الْرَّحِيم

~Аса Рақымды, Аса Мейірімді Алланың атымен~


Ұйықтар алдында кәлима айтып жатыңыз

أَشْهَدُ أَنْ لَا إلَهَ إِلَّا اللَّهُ وأَشْهَدُ أَنَّ مُحَمَّدًا عَبْدُهُ وَرَسُو لُهُ

«Әшһәду әллә илләһә иллаллаһу уә әшһәду әннә Мухаммәдән абдуһу уа расулуһ»


бүгінгі күнім үшін әлхамдулилләһ✨


"Аллаһумма инни әс-әлукәл жәннәтә уә а'узу бикә минән-нәр" деп айтыңыз

اللَّهمَّ إنِّي أسألُكَ الجنَّةَ، وأَعوذُ بِكَ منَ النَّارِ

~ Я, Алла! Сенен жәннатты сұраймын, әрі тозақ отынан Өзіңе сыйынамын ~


"Бисмилләһир-рохманиир-рохиим" деп айтыңыз

بِسْمِ اللَّهِ الْرَّحْمَنِ الْرَّحِيم

~Аса Рақымды, Аса Мейірімді Алланың атымен~


Басқаға үлкен нығмет берілгенін көрсең: “Уа, Аллаһым! Оған нығметіңді арттыра бер” – деп дұға қыл.

Періштелер сен үшін де соны тілейді. Алланың нығмет үлестірудегі даналығына қарсы шықпа.


«Әлхәмду лилләһил-ләзи ахйәәнә бәъдә мә әмәәтәнә уә иләйһин - нушур» деп айт

الحَمْدُ لِلَّهِ الَّذِي أحْيَانَا بَعْدَ مَا أمَاتَنَا وإلَيْهِ النَشُور

~Бізді жан тапсырған соң қайта тірілткен Аллаға шүкір! Әрі біз Оған қайтушымыз~

20 ta oxirgi post ko‘rsatilgan.