Намаз оқуды үйренейік


Kanal geosi va tili: Qozog‘iston, Qozoqcha
Toifa: Din


⚜️ НАМАЗ - ДІННІҢ ТІРЕГІ ⚜️
Admin: @namazoku_bot

Связанные каналы

Kanal geosi va tili
Qozog‘iston, Qozoqcha
Toifa
Din
Statistika
Postlar filtri


АЙТ ҚҰТТЫ БОЛСЫН🥳

Осы Рамазанды аман-есен өткізіп айтқа жеткізген Аллаға мақтаулар болсын!

Келіп жеткен Ораза айт баршамызға құтты болсын✨

Рамазанда тілеген дұғаларымыз, жасаған амалдарымыз қабыл болсын. Қате-кемшіліктерімізді Алла кешіріп, өзінің Жәннатын нәсіп етсін!

Елімізде болып жатқан барлық жағдайларға Алла жеңілдік пен есендік берсін!

Баршаңызға Алланың игілігі мен сәлемі болсын🙌🏻


ҚАДІР ТҮНГІ ДҰҒАЛАР.pdf
11.6Mb
🧡ҚАДІР ТҮНІНІҢ ДҰҒАЛАР ЖИНАҒЫ


ҚАДІР ТҮНІН ҚАЛАЙ ӨТКІЗЕМІЗ?

Мың айдан да қайырлы Қадір түні қабыл болсын!

Рамазан айының ең қасиетті түніне аман-есен жеткізген Аллаға шүкір!


Бұл түн - Алла үшін ғибадат ететін түн. Әркім шамасы келгенше намаз, Құран оқып, зікір, истиғфар айтумен бұл түнді өткізеді.

Мына зікірлерді айтсаңыз абзал⬇️

🔻Кешірім тілеп, тәубе ету

"Әстағфируллаһ уә әтубу иләйһ" деп айт
أسْتَغْفِرُ اللَّهَ وَأتُوبُ إلَيهِ

~Алладан кешірім тілеп, Оған тәубе етемін~

🔻Жәннатты сұрап, тозақтан сыйыну

"Аллаһумма инни әс-әлукәл жәннәтә уә а'узу бикә минән-нәр" деп айт

اللَّهمَّ إنِّي أسألُكَ الجنَّةَ، وأَعوذُ بِكَ منَ النَّارِ

~ Я, Алла! Сенен жәннатты сұраймын, әрі тозақ отынан Өзіңе сыйынамын ~

🔻Қадір түні оқитын дұға

«Аллаһуммә иннәкә Ъафуун, тухиббул-ъафуа фаъфу-ъанни»


«Я, Алла, расында, Сен – Кешірімдісің, кешіруді жақсы көресің. Мені кешіре гөр!»

Алла тілеген барлық дұға- тілектерімізді қабыл етсін!


✨Бүгін қасиетті "Қадір түні"

Сәуірдің 5-інен 6-сына қараған түн Рамазан айының 27-ші түні, Қадір түнінің ықтималдығы ең жоғары түн. Түннің берекелі де берекелі болуы өте маңызды


Өйткені бұл түнде жасалған әрбір амал 83 жылдық амалдың сауабын береді!


💛Сондықтан біз бұл түнде жасауға болатын сауапты амалдарды түннің уақытына қарай бөлдік.


🌙ҚАДІР ТҮНІ ОҚИТЫН ДҰҒА

🧕Айша анамыз (Алла оған разы болсын) Пайғамбарымыздан (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): «Уа, Алла Елшісі, егер мен Қадір түнінің басталғаны туралы білсем, не айтуым керек?» ‒ деп сұрайды. Бұған Пайғамбар (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын):

«Аллаһуммә иннәкә Ъафуун, тухиббул-ъафуа фаъфу-ъанни» деп айт деп үйретеді.

Мағынасы: «Я, Алла, расында, Сен – Кешірімдісің, кешіруді жақсы көресің. Мені кешіре гөр!»

اللَّهُمَّ إِنَّكَ عُفُوٌّ تُحِبُّ الْعَفْوَ فَاعْفُ عَنِّي

#eskertushii


Ауыз бекітерде оқылатын дұға📌

Алла ұстаған оразамызды қабыл етсін🙌🏻


Әпендінің әңгімелері | Посткүнем👳‍♂️ dan repost
☝️РАМАЗАНДА БОЛАТЫН “БОЛМАЙТЫН” БЕС НӘРСЕ

Көпшілікте, әсіресе, алғаш ораза тұтып жатқан жандарды мазалайтын мәселелер бар. Соның үздік бестігін ұсынамын.

1) ❌ Сәресін ішу керек. Ұйықтап қалсаң оразаң қаза болады
Жоқ, сәресіне тұрмауға, ішпесе БОЛАДЫ. Бірақ сәресіге тұрудың сауабы мол. Ұйықтап қалсаңыз, ештеңе ішіп жемей жалғастыра бересіз👌

2) ❌ Ауызды міндетті түрде дәретпен бекіту керек.
Жоқ, дәретсіз (ғұсылсыз) ауыз жауып-ашуға БОЛАДЫ. Әрине, әр амалды дәретпен атқарғанға не жетсін, бірақ шарт емес 😉

3) ❌ Түкірік, сілекей жұтуға болмайды, ораза бұзылады
Түкірік, сілекей жұтуға БОЛАДЫ. Бастысы өзіңіздікі болсын 😀

4) ❌ Рамазан айында әйеліңе жақындауға болмайды.
Әйеліңді (егер ұстамды болсаң) сүюге, құшақтауға, қосылуға БОЛАДЫ. #Соңғысы (!) тек күн батқаннан кейін ғана рұқсат. Ауыз ашпай-ақ та болады 😉.

5) ❌ Ауыз бекітер кезде су ішіп, дұға ету керек. Әйтпесе, дұрыс емес.
Дұға етпей, су ішпей-ақ ауыз бекітуге БОЛАДЫ. Хотя сүннетте арнайы ауыз бекітерде айтылатын дұға келмеген (біле жүріңіз 🙃)

@apendim


🇺🇿 Ташкент қаласы


Жезқазған қаласы


🟠Түркістан қаласы


Петропавл қаласы


🟠Павлодар қаласы


Ақтау қаласы


🟠Қызылорда қаласы


🟠Қостанай қаласы


🟠Қарағанды қаласы


🟠Орал қаласы


🟠Талдықорған қаласы


🟠Тараз қаласы


🟠Өскемен қаласы

20 ta oxirgi post ko‘rsatilgan.