Tolib's Notes


Kanal geosi va tili: Qozog‘iston, Qozoqcha


Өзіңе пайдалы болған нәрсеге ұмтыл!
Анонимді (жасырын) сұрақ қою:
t.me/anonaskbot?start=notesoftolib
Араб тілінде осында жазамын: https://t.me/raudattullab

Связанные каналы  |  Похожие каналы

Kanal geosi va tili
Qozog‘iston, Qozoqcha
Statistika
Postlar filtri


Рамазанға 60 күн қалды.


Оқымысты dan repost
اللهم بارك لنا في رجب وشعبان وبلّغنا رمضان

«Аллаһумма бәрик ләнә фи раджаб уә шағбан уә бәллиғнәә Рамадан»

Уа, Раббым! Ережеп пен шағбан айларын бізге берекелі қыла гөр. Әрі бізді Рамазан айына аман есен жеткізе гөр 🤲🏻

🖇️Алла Елшісінің ﷺ дұғасы


Құран жаттауда қиналып жүрсің бе?

وَلَقَدۡ يَسَّرۡنَا ٱلۡقُرۡءَانَ لِلذِّكۡرِ

«Расында, Біз Құранды (адамдар) оған ой жүгіртсін һәм ғибрат алсын деп (адам баласының тілінде түсіру арқылы) жеңілдеттік».

Осы аятты кей тәпсірші ғалымдар "жаттауға жеңіл еттік" деп түсіндірген.

Құран – өмір деп алатын болсақ, сен сол өмірге алғаш келген сәби секілдісің. Алғаш әріп танып, ежелеп оқып бастаған кезің сәбидің еңбектеп бастаған сәтіне ұқсайды. Құранға түсіп, жаттап бастаған кезіңде енді-енді тәй-тәй басып келе жатқан бала секілді боласың. Кішкентай сәби бастапқы уақытта жүруді үйренгенімен, он шақты қадам жасап, қайта отырып қалады. Сен де сол сәби секілді, бастапқыда 3-4 қатар жаттап, одан арғысына шамаң келмей қалуы мүмкін. Алайда "мен жаттай алмаймын, менің зейінім нашар" деп тоқтап қалмау керек. Кішкентай сәби қанша рет тырысып, үлкен нәтижеге бір сәтте жете алмаса да, уақыт өте келе тұрақты әрекетінің арқасында ұзақ жүруді, тезірек жүруді, тіпті жүгіруді үйреніп алады. Сен де, егер жаттауды тоқтатпайтын болсаң, зейінің ашылып, бір күнде жарты бет, одан соң бір бет, кейін екі бет, т.с.с. үлкен нәтижеге жететін боласың. Бірақ та сенен талап етілетін нәрсе – сол кішкентай сәбидің бойындағы тұрақтылық пен шыдамдылық.

Сондықтан қазіргі әрекетіңді тоқтатпа. Қазір 2-3 қатар жаттау сен үшін үлкен нәтиже болып көрінбеуі мүмкін. Алайда сен күніге 2-3 қатар жаттауды тоқтатпасаң, 1 айда 6 бет, 1 жылда 2 пара жаттап тастайсың. Әрине, бұл тек біздің есеппен. Алланың ﷻ есебі мүлде басқа. Ол ﷻ біздің ақылымызға сыймайтын нәрселерді жасаушы.

Тәуекел ет те, тоқтама! Сенің қолыңнан келеді.


Кім сенің ақыретіңе уайымдамаса, ол сен үшін мүлде уайымдамайды.

Егер досыңның күнә істеп жатқанын көріп, оған насихат жасамасаң, біліп қой, сенің оған деген махаббатыңда ақау бар. Оның көңіліне тиіп кетуден қорқасың да, алайда оның тозаққа түсуінен қорықпайсың ба?

Жақсы көретін адамдарыңның қолынан ұстап, оларды жәннатқа қарай сүйре!

📚«Расәил минәл-қуран»


قَالَ إِنَّمَآ أَشۡكُواْ بَثِّى وَحُزۡنِىٓ إِلَى ٱللَّهِ

«Мен шерімді, қайғы-мұңымды бір Аллаға ғана шағамын».

Бұл дұғаны Яғқуб (аләйһис-сәләм) ұлын жоғалтқанда, қос жанарынан айырылғанда айтты.
Алла Тағала оған ұлын да, қос жанарын да қайтарып берді.

Кім шағымданғысы келсе, Аллаға шағымдансын.

📚«Расәил минәл-қуран»


Имам Қуртуби өзінің "әл-жәмиғ ли әхкәм әл-қуран" кітабында былай дейді:

«Пайғамбарымыз ﷺ хош иісті, денесі таза етін. Адамдар жиіркенетін нәрсенің ешбірі оның бойынан табылмайтын».

Сахабалардың (оларға Алла разы болсын) пайғамбарымызға ﷺ деген махаббаты соншалық, оның ﷺ түкірігінің өзін шипа, дауа деп білетін. Олардың ардақты пайғамбарымызға ﷺ деген махаббаты әдеттегі жиіркеніш не сол секілді сезімдерден асып түсіп, олардың руханияты мен имандары адам бойындағы табиғи сезімдерінен басым түсті.

Бізде бұл нәрсеге құраннан мысал бар. Әйелдер Юсуф пайғамбарды (Алланың оған сәлемі болсын) көрген сәтте, оның сұлулығына қайран қалып, өздерінің қолын кесіп жатқандарын да сезбей қалды.
Юсуф пайғамбардың сұлулығы әйелдерді ақылынан адастырған болса, күллі жаратылыстың мырзасы болған, тіпті түкірігінің өзі сахабалар үшін жақсылық пен берекет болған пайғамбарымыз ﷺ жайында не айтуға болады?

©Шейх Ибраһим Шағбан (хафизаһуллаһ)

🔗الفوائد المرشدية


Сағид ибн Жубәйр (Алла оған разы болсын) айтады:

Жақсы өмір дегеніміз – Алла сені адамдарға мұқтаж қылмауы.

📚«Расәил минәл-қуран»


Olzhas Hanafin dan repost
Олжас ұстазымыздың (рахимаһулла) ақылы Құран курсын тегін таратып жатырмыз. Алда Құран түскен Рамазан айы келе жатыр. Құранға түсуге мүмкін осы дәрістер себеп болуы мүмкін.

Олжас ұстазымыздың амалдары тоқтады. Алайда артынан қалдырған ілімдерінен басқа. Барынша таратып жіберсеңіздер.




Алла Тағаланың ﷻ кітабын үйрету пайғамбарымыздың ﷺ атқарған қызметі. Пайғамбарымыздан ﷺ кейін бұл іспен айналысып жүргендердің баршасы оның ﷺ ізін жалғастырушы орынбасары болып есептеледі.

©Шейх Айман Суейд (хафизаһуллаһ)


Құран жаттау қиындап барады ма?
Ілім жолындағы қиындықтардан сағың сынып жатыр ма?

Біліп қой, жәннат нәпсіге ұнамсыз нәрселермен қоршалған!
Тоқтама, тауфиқ Алладан!


Шайтан жақсы нәрсемен де азғырады дегенді күнде көзіммен көріп жүрмін. Шәкірттерім кейде сабаққа дұрыс дайындалмай келеді. Сонда әдейі кешегі дәрістен кейін, бүгінгі дәріс басталғанша не істегенінің бәрін сұраймын, минут-сағатымен қоса. Сонда көбісінің айтатыны "құран оқыдым" деген сөз. Сосын біраз ұрсып аламын. Ұрсып жатқанда құранды жақтырмайтын адам секілді де көрінетін шығармын кейде. Бірақ әр нәрсенің өз орны бар дегендей.

Шейх Али Тантауидің оқиғасы ғой деймін қателеспесем, бір шәкірт сабақта мисуак қолданып отырған екен. Шейх: "неге мисуак қоданып отырсың" десе, шәкірт: "сүннет қой" депті. Сонда шейх: "истинжа да сүннет қой" деп жауап берген екен. Сол секілді әңгіме ғой мұнда да.

Ілім жолына келген шәкірттердің көбі осы нәрсемен алданып қалады. Құран жаттаймын деп араб тілін, шариғат пәндерін тастап қояды да, ақыр соңында не құран жаттап шықпайды, не шариғат ілімдерін меңгеріп шықпайды.


أخبار الكازاخي dan repost
Кітаптің іші түрлі пайдалы мағлұматтар мен түсіндірмелермен қараймайынша нұрға толмайды.

[Тазкира ас-самиғ уа ал-мутакаллим, 225 б., дарул фатх, сәл өзгеріс енгізілген]

Кітапты шимақтаудың ләззәті бөлек қой. Бірақ, шимақтаудағы мақсат керекті әрі маңызды мағлұматтарды сақтау ғана. Кітапқа қатысы жоқ басқа мәселелер я болмаса өтірік шимақтай беру - қате әрі әдепсіздік.


Бүгін спортшылардың жеңісіне емес, мұсылмандардың жеңісіне қуанған болсаң, сен неткен бақытты жан едің!


Адамға ұнайтын нәрсенің барлығы бірдей әдепке сай келе бермейді. Олай "ұнату" деген нәрсені өлшем бірлік қылып алу еш қисынсыз.


Спроси анонимно 🎭 | Анонимный Валентин 💕 dan repost
У тебя новое анонимное сообщение!

Мүмкін солай бояйтындарға солай оқыған ұнайтын шығар?

↩️ Свайпни для ответа.


Бояушы, боушы дегенге сақалын бояпты дегендей, оқымысты, оқымысты деген сайын кітаптың бетін беталды шимайлап, берекетін кетіріп сыза беру кітапқа деген құрметсіздік болмақ. Кей толибтар статусқа не телеграм арналарына оқып жатқан кітаптарының суретін салып қояды кейде. Кітабына не жазған екен деп қарасаң (Құдай сақтасын) еш керегі жоқ сызықтар, мәтіннің аудармалары, тағысын-тағы сондай мән-мағынасыз жазулар. Кітапқа жазуға болады екен деп олай бейберекет жаза бермей, білетіндерден қалай, қай кезде, не жазу керегін сұрап алған әбден дұрыс-ақ іс болмақ.


Қыс мезгілі басталуына әлі 1 сағаттан көп уақыт бар екен. Оған дейін мына кітапты оқып шығыңыздар, пайдалы болары сөзсіз💯✅🫂


«Расында қыс – мүміннің көктемі. Себебі ол құлшылық бақшасында емін-еркін кезіп, ғибадат алаңында мейлінше өрістейді. Әрі өзіне жеңіл келген амалдар бағында жүрегі тазарады. Жан-жануарлардың көктемгі бақта жайылып, денесіне ет пен күш жинайтыны секілді мүмін де қыста Алла жеңіл еткен ғибадаттармен өз дінін дұрыстай алады». (Ибн Ражаб әл-Ханбали)

📚"Қыс – мұсылманның көктемі"


Телеграмда мудәллистер қаптап кеткен. Әсіресе діни контент салатындардың ішінде. Бір-бірінікін алғанды айтпай-ақ қояйын, бірақ шейхтардың, үлкен ұстаздардың жазбаларын еш дереккөзсіз өз арнасына салып қойған кезінде "эххх" деп қаласың. Олай өтірік ақылды боп көрінудің не керегі бар.

20 ta oxirgi post ko‘rsatilgan.