National payment corporation of Kazakhstan


Kanal geosi va tili: Qozog‘iston, Ruscha


Мы строим будущее платежной и финансовой инфраструктуры!
Наш сайт - npck.kz

Связанные каналы  |  Похожие каналы

Kanal geosi va tili
Qozog‘iston, Ruscha
Statistika
Postlar filtri


Ұлттық төлем корпорациясы Қытайдың мемлекеттік банкіне трансшекаралық QR-төлемдер мен Цифрлық теңге жобаларын ұсынды

Бұл бастамаларды ҰТК басқармасының төрағасы Жанар Самаева ҚР Ұлттық Банкі мен ҚХР Мемлекеттік банкі арасындағы Қазақстан-Қытай ынтымақтастығы кіші комитетінің XIII отырысы барысында серіктестеріне таныстырды.

Бас тақырыптар:

1. Қазақстан мен Қытай цифрлық валюталарды шекарааралық операцияларға енгізу тәжірибесін алмасу және ұлттық цифрлық валюталарды бизнес-сценарийлерде пайдалануды талқылауда.

2. Трансшекаралық QR-кодтарды пайдалану төлемдерді жеделдетуге және қаржы қызметтеріне қол жеткізуді жеңілдетуге мүмкіндік береді.

3. Қытайдың цифрлық төлемдер саласындағы тәжірибесі Қазақстанның банкаралық QR-төлемдер жүйесін одан әрі дамытуға пайдасы тиеді.

4. Ынтымақтастықтың тағы бір бағыты – орталық банктердің цифрлық валюталарын зерттеу: цифрлық юань мен цифрлық теңге.

Бұл жобалар екі ел арасындағы қаржылық операцияларды жеңілдетіп, бизнес пен азаматтар үшін жаңа мүмкіндіктер ашады.


Төлем карточкаларының банкаралық жүйесі: Қазақстанның қаржы жүйесінің цифрлық егемендігін нығайту

ТКБЖ — бұл Қазақстандағы барлық елішілік карточкалық операциялар бойынша маршруттау, өңдеу және есеп айырысуды қамтамасыз ететін ұлттық инфрақұрылымдық платформа.

Негізгі мақсаты — Қазақстанның қаржы жүйесінің егемендігін нығайту.

2024 жұмыс қорытындысы

1) Ішкі эмитенттік және эквайрингтік трафиктің ТКБЖ инфрақұрылымына көшіру жұмыстары аяқталды. Сөйтіп, ТКБЖ елдегі барлық карточкалық операцияларды өңдейтін бірегей ұлттық платформаға айналды.

2) Жүйені оңтайландыру, ХТЖ-мен интеграцияны күшейту және қатысушылармен өзара әрекеттесудің тиімділігін арттыру бойынша жұмыстар өтті. 2024 ж. осы жүйелер қосылды:

Visa ХТЖ
- 15 эмитент банк
- 12 эквайринг банк

Mastercard ХТЖ
- 13 эмитент банк
- 12 эквайринг банк

UPI ХТЖ
- 4 эмитент банк
- 5 эквайринг банк

3) Белгілі карточкалық операциялар бойынша тарифтер жаңартылды. Бұл қатысушылардың шығындарын оңтайландыруға және жүйені жақсартуға мүмкіндік берді.


FinID: қаржылық саласындағы қашықтан сәйкестендірудің әлеуетті стандарты

FinID — клиенттің жеке басын екі факторлы анықтап тану қызметі. Ол жеке API ретінде ұсынылады, оның қызметі — клиенттің жеке басын анықтап танудың толық циклін біртұтас қызмет (SAAS) ретінде қамтамасыз ету.

Басқаша айтқанда, бұл жеке басты растаудың, құпиялылықты қамтамасыз етудің және деректерді қорғаудың негізі болып табылады.

FinID жеке басты тексерудің толық циклін қамтиды:

• Суретті қауіпсіз иемдену
• Liveness-тексеру — фото, видео, 3D-маска немесе deepfake қолдануды болдырмау үшін тірі адамның бар екенін растау
• Liveness-тексеру арқылы алынған суретті мемлекеттік дереккөздерден алынған суретпен салыстыру
• Телефон нөміріне бір реттік кодты жіберу арқылы SMS-тексеру
• Мемлекеттік дерекқорлармен қауіпсіз деректер алмасу.

Жоспарлар

Қашықтан цифрлық сәйкестендірудің жаңа қызметтері мен бизнес-модельдерін дамыту жоспарда.
Қазіргі уақытта қаржы нарығының қатысушыларын FinID қызметтеріне қосу белсенді түрде жүргізілуде.


Ұлттық төлем корпорациясы Visa-мен бірлесіп Қазақстандағы финтех-қауымдастығын қалай дамытуда

Кристина Дорош — Visa компаниясының ТМД, Украина, Грузия және Шығыс Еуропа бойынша аға вице-президенті және аймақтық менеджері:

«2025 жылға қадам басып, біз Қазақстанның Ұлттық төлем корпорациясымен серіктестігімізді жалғастыруға қуаныштымыз. Өткен жылы бізде бізде берік әрі табысты әріптестік болды, оның шыңы нормативтік талаптарға сәйкес Банкаралық төлем карталары жүйесінің енгізілуі болды.

Сонымен қатар, біз көптеген бастамаларды қолдадық, оның ішінде 2024 жылғы Central Asia Fintech Summit-імен серіктестігіміз, бұл шара финтех саласындағы инновациялар мен өсуді ынталандыруда маңызды рөл атқарды. Қазақстан Ұлттық банкімен бірлесіп, біз Қазақстандағы цифрлық қоғамдық инфрақұрылымның (DPI) эволюциясын зерттеуге арналған ақ қағаз әзірледік.

Біздің бірлескен күш-жігеріміз цифрлық қаржылық ландшафтты одан әрі жақсартып, өсу мен даму үшін жаңа мүмкіндіктер туғызатынына сенімдіміз».


Антифрод-орталық — бұл алаяқтық операцияларды анықтау және алдын алу мақсатында құрылған орталықтандырылған деректер базасы. Орталық алаңшасы алаяқтыққа қарсы күресу үшін нарық қатысушыларын, қаржылық реттегіштерді және мемлекеттік құрылымдарды біріктірді. Бұл, негізінде, қаржы нарығының «коллективті иммунитет» жүйесі.

6 айда не жасалды?

1) Антифрод-орталық 23 мың инцидентті тіркеді.
2) 645 инцидент бойынша 1,3 миллиард теңге бұғатталды, бұл қаражат алаяқтардың қолына түсер еді.
3) 1340 инцидент бойынша 381,7 миллион теңге ақша алушылардың есепшоттарында бұғатталды.
4) 118,7 миллион теңге қаражат ақша алушылармен ерікті түрде қайтарылды.

2025 жылға жоспарлар

1. Жаңа алаяқтық паттерндерін автоматты түрде анықтау жүйесін енгізу.
2. Антифрод-орталық қатысушылары арасында ақпарат алмасу үшін «Білім базасын» енгізу.
3. Антифрод-орталық қатысушыларының тиімді шешім қабылдауы үшін аналитикалық элементтерді енгізу.


ҰТК және Axellect: Цифрлық теңгені дамыту және масштабтау үшін технологиялық қадамдар

Антон Мусин, Axellect IT-компаниясының басқарушы директоры:

«Цифрлық теңге» жобасы аясында 2024 жылы платформаның архитектурасын жетілдіру және жаңа пайдалану сценарийлерін іске асыруды қамтитын кешенді интеграциялық міндеттер шешілді. Axellect компаниясы — Ұлттық банкінің Ұлттық төлем корпорациясының технологиялық серіктесі. Біз Қазақстанның қаржы нарығының болашақтағы сын-қатерлеріне дайын Цифрлық теңгенің масштабталулығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін технологияларды оңтайландыруға бар күшімізді салдық.

Осы жылға жоспарлар: Цифрлық теңге платформасының трансшекаралық төлемдері үшін функционалды мүмкіндіктерді дамыту, қазір істеп жүрген сценарийлерді кеңейту және жаңа сценарийлерді іске қосу. Сондай-ақ платформаны жаңа қатысушылармен толықтыру. Бірлескен жұмысымыз Қазақстан экономикасына тек аймақтағы лидерлікті сақтап қана қоймай, сонымен қатар әлемдік аренада да топта болуға көмектесетініне күмәніміз жоқ».


Open API: бірыңғай төлем экожүйесіне қадамдар

2024 жылдың негізгі жетістіктері және 2025 даму векторы


Open API — бұл 24/7 режимінде банкаралық төлемдер мен аударымдарды дереу өңдеуге арналған IT-платформа.

Өнімнің мақсаты — ел ішіндегі жеке және заңды тұлғалар үшін қаржылық операциялардың жылдамдығын, ыңғайлылығын және қолжетімділігін қамтамасыз ету.

2024 жылдың жетістіктері

1) Банкаралық QR-төлемдер мен аударымдар үшін функционал әзірленіп, іске қосылды.
2) Екінші деңгейдегі банктер мен ҚР Ұлттық банкінің қатысуымен консультативтік тарифтік кеңес құрылды.
3) 7 қатысушы банк телефон нөмірі бойынша аударым қызметін тестілеуді бастады. Тағы 7 банк бизнес-процестерді талдау кезеңінде.
4) 2 банк QR-төлемдер сценарийін іске асырды. Тағы 2 банк тестілеу кезеңінде, қалғандары — бизнес-процестерді талдау кезеңінде.

2025 жылға жоспарлар

• C2C-аударымдар мен QR-төлемдер қызметтерін масштабтау
• Open API шеңберінде диспут жағдайларды шешу жүйесін әзірлеу және енгізу
• B2B-аударымдар қызметін әзірлеу және енгізу.


Ұлттық төлем корпорациясы MasterCard-пен бірлесіп Қазақстандағы финтехті қалай жетілдіруде

Санжар Жамалов — Mastercard компаниясының Қазақстан мен Орталық Азиядағы бас директоры:

«Ұлттық төлем корпорациясы (ҰТК) — бұл Қазақстандағы заманауи, қауіпсіз және инновациялық цифрлық төлем жүйесін дамытудағы трендтерді орнататын сенімді серіктесіміз.

2024 жылы біз көптеген жобаларды бірге сәтті жүзеге асырдық, олар қаржылық операциялардың қауіпсіздігін және ыңғайлылығын арттыруға бағытталған. Олардың қатарында Банкаралық төлем карталары жүйесінің іске қосуы, Еуразиялық банкінің Цифрлық тенгеде бірінші картасы. Және де жылдам төлемдер Жүйесі мен Ашық банкинг жобасына қатысты сараптамалық қолдау көрсету. Және де Қазақстандағы ең үлкен финтех саммиті Central Asia Fintech Summit-те бас демеуші ретінде қатыстық — бұл шарада 4 000-нан астам қатысушы болды.

Аймақтағы финтех және цифрлық активтер нарықтарының дамуы туралы есептер жарияладық. Серіктестігіміз ел экономикасына елеулі пайда әкелуді жалғастырады деп сенеміз».


Создание национальной финансовой экосистемы: возможности и вызовы для финтеха в эпоху AI

31 января 2025 года, 13:30–14:50, Атакент, Hall 4, Павильон 11

Искусственный интеллект меняет финансовую индустрию, открывая новые горизонты для финтеха, платежных систем и банковского сектора. Как регулирование адаптируется к этим изменениям? Какие технологии AI уже внедряются в Казахстане и регионе? Какие риски и перспективы ожидают рынок?

На эти вопросы ответят ведущие эксперты: представители Национального Банка, Агентства по регулированию финрынка, крупнейших банков и финтех-компаний.

Будьте в центре дискуссии о будущем финансовых технологий!

@npckkz



10 ta oxirgi post ko‘rsatilgan.