🌱Президенттік олимпиадада Зияткерлік мектептердің 10 оқушысы жеңіске жетті
Елордада 11-12 сынып оқушылары арасында жаратылыстану-математика бағытындағы пәндер бойынша XVII Президенттік олимпиада аяқталды. Республикалық деңгейдегі бұл сайыс еліміздің ең үздік оқушыларын жинап, олардың нақты ғылымдар саласындағы білімдері мен дағдыларын сынады.
Алтын медальді қатысушылар арасында ең жоғары ұпай жинаған Көкшетау қаласындағы NIS оқушысы Әмір Тюряев жеңіп алды. Сонымен қатар алтын медальге Шымкент қаласындағы физика-математика бағытындағы NIS оқушылары Әли Пердехан мен Мәншүк Әлиақбар және Астанадағы физика-математика бағытындағы NIS оқушысы Мирас Әбдіман ие болды.
Ал Астана қаласындағы физика-математика бағытындағы NIS оқушысы Альберт Ким, Шымкент қаласындағы физика-математика бағытындағы NIS оқушысы Айсүндет Жақып және Ақтөбе қаласындағы NIS оқушысы Әміржан Жылқайдаров күміс медаль иегерлері атанды.
Қола медальге Ақтөбе қаласындағы NIS оқушысы Даниял Баширов, Қарағанды қаласындағы NIS оқушысы Дінмұхамед Ақмолдаев және Шымкент қаласындағы физика-математика бағытындағы NIS оқушысы Жұмағали Өмірзақов ие болды.
Айта кетейік, екі кезеңнен тұратын іріктеу нәтижесінде республикалық деңгейге еліміздің түкпір-түкпірінен 190 оқушы өтті.
Білім бәйгесінің қазылар алқасы құрамына халықаралық олимпиадалардың жеңімпаздары мен жүлдегерлері, сондай-ақ отандық және шетелдік университеттердің белгілі ғалымдары, магистрлері және PhD докторлары кірді.
Еске салсақ, жаратылыстану-математика бағытындағы пәндер бойынша Президенттік олимпиада 2008 жылдан бері өткізіліп келеді.