меніңше соғыс туралы, не соғыс қатысқан адам туралы шығарма осындай сұмдыққа толы болуы керек. оқығанда кемі бір апта ес жыя алмауың керек. соғыс енді болмасын деп тілеуің керек. жапондардың соғысқа қатысқан өз әскери адамын да «солдаттың киімін киген көрінбейтін адам» дейтін мысқылы біздің әдебиетке әлі де келмеді. адам өлтіргеннің бәрін залым көретін сол жапон жазушыларына тән идея Әкім Таразидің осы қысқа романында қалпын бұзбай берілген. тек роман соғыстың өзі жайлы емес. одан да зорғысы – оның салдары жайлы. жайлы да емес, соның турасындағы дүние. жасырын, я болмаса аутыр жасыруға тырысқан детальдар бар. оқуға тұрарлық.