TGStat
TGStat
Qidiruv uchun matnni kiriting
Ilg‘or kanal qidiruvi
  • flag Uzbek
    Sayt tili
    flag Russian flag English flag Uzbek
  • Saytga kirish
  • Katalog
    Kanal va guruhlar katalogi Kanallar qidiruvi
    Kanal/guruh qo‘shish
  • Reytinglar
    Kanallar reytingi Guruhlar reytingi Postlar reytingi
    Brendlar va shaxslar reytingi
  • Analitika
  • Postlarda qidiruv
  • Telegram'ni kuzatish
Орал қаласының әкімдігі

7 May 2018, 10:36

Telegram'da ochish Ulashish Shikoyat qilish

Қымбатты ардагерлер мен тыл еңбеккерлері, Отан қорғаушылар жəне Орал қаласының тұрғындары! Сіздерді 7 мамыр – Отан қорғаушылар күнімен және 9 мамыр – Жеңіс күнімен құттықтаймын! Жеңіс күні – бұл естелікке толы мереке және өскелең ұрпаққа бейбіт өмірдің қадір-қасиеті туралы өсиет айтатын айрықша күн. Бұл мереке сұрапыл соғысқа қатысып, фашизмді тізе бүктірген аталарымыз бен әкелеріміздің қаһармандық ерліктері мен жанқиярлық қайсарлығын еске түсіреді. Олардың бірқатары Жеңіс күніне жете алмады, көбісі өмірден өтті. Дегенмен, олардың ерліктері туралы естелік ұрпақ жадында Жеңіс күні – бұл бойымызды мақтаныш сезімі кернеп, ерлікке толы оқиғаларға тәнті болатын мереке. Біздер Отан үшін жанын құрбан еткен аға ұрпақтың, Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің ерліктері мен Жеңіс жолындағы шыдамдылығын әлі талай мақтана айтатын боламыз. Сіздер өзге халық өкілдерімен иық теңестіре отырып, Отанымызды және бүкіл әлемді фашизмнен қорғай алдыңыздар. Брест қамалын қорғаудағы, Мәскеу, Ленинград, Сталинград түбіндегі, Берлинді алу кезіндегі жанкештілік пен борышқа деген адалдықтың жарқын үлгілері бізді әлі күнге дейін таңғалдырады. Бұл – патриотизм мен Отанға деген риясыз махаббаттың белгісі. Тыл еңбеккерлеріне де айрықша алғыс білдіргім келеді. Сіздер соғыс жылдарындағы қиындықтарға қарамастан, күнделікті ауыр еңбекті еңсеріп, Жеңісті барынша жақындаттыңыздар. Сіздер майданға кеткен азаматтардың орнын басып, Қазақстанға көшірілген жүздеген зауыттың өндірісін іске қостыңыздар. Сіздер майданға танктер, ұшақтар, оқ дәрілер мен азық- түлік өнімдерін жөнелтіп, Жеңіске жетуге сүбелі үлес қостыңыздар. Республикамызда Жеңіс күні қарсаңында Отан қорғаушылар күнін атап өтудің мәні зор. Бұл – ұрпақтар сабақтастығы мен әскери дәстүрді жалғастырудың айшықты көрсеткіші. Бүгінде тәуелсіз Қазақстанның Қарулы Күштері әскери дайындықтың жоғары деңгейін көрсетуде, заманауи техниканы басқарып, елімізді қорғау бойынша барлық міндеттерді орындауға дайын. Айтулы мерекелер қарсаңында баршаңызға зор денсаулық, құт-береке, толайым табыстар, ең бастысы, ашық аспан тілеймін! Құрметпен, Орал қаласының әкімі Мұрат Мұқаев
Просмотреть в Instagram https://ift.tt/2Ikqqe8
Орал қаласының әкімдігі
Қымбатты ардагерлер мен тыл еңбеккерлері, Отан қорғаушылар жəне Орал қаласының тұрғындары! Сіздерді 7 мамыр – Отан қорғаушылар күнімен және 9 мамыр – Жеңіс күнімен құттықтаймын! Жеңіс күні – бұл естелікке толы мереке және өскелең ұрпаққа бейбіт өмірдің қадір-қасиеті туралы өсиет айтатын айрықша күн....

104 0 0
Katalog
Kanal va guruhlar katalogi Kanallar to‘plamlari Kanallar qidiruvi Kanal/guruh qo‘shish
Reytinglar
Telegram-kanallar reytingi Telegram-guruhlar reytingi Postlar reytingi Brendlar va shaxslar reytingi
API
Statistika API'si Postlar qidiruvi API'si API Callback
Kanallarimiz
@TGStat @TGStat_Chat @telepulse @TGStatAPI
O‘qish
Академия TGStat Telegram tadqiqoti 2019 Telegram tadqiqoti 2021 Telegram tadqiqoti 2023
Kontaktlar
Справочный центр Qo‘llab-quvvatlash Email Vakansiyalar
Har xil narsalar
Foydalanuvchi shartnomasi Maxfiylik siyosati Ommaviy oferta
Botlarimiz
@TGStat_Bot @SearcheeBot @TGAlertsBot @tg_analytics_bot @TGStatChatBot