🌙 Менің оразам


Kanal geosi va tili: Qozog‘iston, Qozoqcha
Toifa: Din


🌙 Бұл каналда ораза туралы қызықты мәліметтер жинақталған.
💡 @orazabot - ОРАЗА ЭНЦИКЛОПЕДИЯСЫ
👤 - @iamsyrym (админ)

Связанные каналы

Kanal geosi va tili
Qozog‘iston, Qozoqcha
Toifa
Din
Statistika
Postlar filtri


🔴 ФИҚҺУС-СИРА PDF КІТАБЫН САТЫП АЛ ДА, ЖАБЫҚ КАНАЛҒА ТЕГІН ТІРКЕЛ!

Пайғамбар ғұмыры туралы кітаптар өте көп. Солардың ішінде бірегейі - “ФИҚҺУ ӘС-СИРА” (Сира түсінігі) кітабы.

Жеті жүз беттен асатын еңбек “Мінбер шәһиді” марқұм шейх Рамазан әл-Бутидің есімін ислам әлеміне әуелеткен құнды туынды.

Бұл кітапта жай пайғамбар ғұмырын баяндап қоймайды, сираны тәпсірлейді.

Мысалы, ислам неге арабтарға түсті, неге пайғамбар жетім өсті, неге ислам Мекккеде емес, Мәдина қаласында өркендеді деген сынды сан сұраққа жауап береді әрі фиқһ үкімдеріне үңіледі.

Сіздер дәл осы кітапты сатып ала отыра біздің жабық каналымызға ТЕГІН тіркеле аласыздар.

Бұл каналда эксклюзивті діни кітаптар, бұрын еш жерде жоқ су жаңа еңбектер және канал мүшелері үшін арнайы сатып алған кітаптар болады. Әрі олар ашық каналға шықпайды.

Қазірдің өзінде отызға жуық кітап жабық канал оқырмандарына ұсынылды.

❗️ АЛДАҒЫ УАҚЫТТА БҰЛ КАНАЛҒА ТІРКЕЛУ АҚЫЛЫ БОЛАДЫ. ҚАЗІР 0 теңге!

🔺 Кітап + жабық канал бағасы: 3000 тг.

▪️Каспи Голд: +7705363-93-11

▪️Чек жіберу: @mustagan


📿 ТАРАУИХ ТАСБИХЫНЫҢ ТӘПСІРІ

https://www.instagram.com/p/CcLfZOUrLG9/?igsh=MTE3M2Zua2JkMGdrbw==


❓ Елімізде "Рамазан" және "Ораза" есімді қанша адам бар

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, елімізде "Рамазан" есімді 43 726 адам тұрады. Бұл есім 1 жастағы 1 353, 25 жастағы 271, 50 жастағы 58 адамға қойылған. Ал "Рамадан" есімді азаматтар саны – 232.

Сонымен қатар "Ораза" есімі 45 адамға берілген. Ал 380 қызға "Оразгүл" есімі қойылған. Ең қызығы, "Оразкүл" есімділер елімізде 716 екен. Бұдан бөлек "Ораз" есімді 1 351 адам тұрады.


🌙 АУЫЗ БЕКІТКЕНДЕ БІРІНШІ СУ ІШЕМІЗ БЕ ӘЛДЕ ДҰҒА ЖАСАЙМЫЗ БА?

https://www.instagram.com/reel/CqjWUkTATqE/?igsh=MjUyMG8yYnY0azZw


Рамазан – сабыр айы

Пайғамбар (с.а.с.) ораза ұстаушыға былайша өсиет еткен: «Ораза күні сендердің ешқайсыларың жаман сөз айтып, даусын көтермесін. Ал егер біреу оны балағаттаса: «Мен оразамын, мен оразамын», – десін». Яғни ораза ұстаушы қандай жағдайда болмасын
оразасын былапыт сөздермен, ұрыс-керіспен ластамай, сабырлылық танытып, ғибадатын мүлтіксіз түрде орындауы керек. Сонда ғана ғибадаты кәміл болып, Раббының дәргейінде қабыл болады. Өйткені ораза тек қана ішіп-жемнен тыйылу емес. Сондай-ақ жаман әдеттерден, дөрекі сөздерден, теріс мінез-құлықтардан арылуы. Ал күнделікті үйреніп қалған дағдылардан, мінез-құлық кемшіліктерінен бірден арылу оңай емес. Ол бірте-бірте орындалатын іс.

Термези таратқан хадисте Пайғамбар (с.а.с.): «Ораза – сабырдың жартысы», – дейді. Десе дегендей, күні бойы ашқұрсақ жүріп, кеңпейілділік қалпын сақтай алу нағыз бекзаттыққа апаратын рухани шынығу.

Жалпы сабыр атаулы шарғи мағынада үшке бөлінеді: Алла Тағаланың құлшылығын орындауда сабыр ету, Алла Тағала тыйым салған нәрселерден тартынуда сабыр ету және Жаратқанның жазмышына көркем түрде сабыр ету. Мұндағы құлшылық-тағатқа сабыр етудің мағынасы намаз, ораза, зекет, қажылық сияқты парыз амалдарды қандай да бір қиыншылыққа қарамастан, ауа-райының қолайсыздығына, ахуалдың қысылтаяңдығына қарамастан көркем сабырмен орындау дегенді білдіреді.

Хақ Тағала Зүмәр сүресінің 10-аятында сондай сабырлы құлдардың сауабын есепсіз беретіндігі жайлы былай дейді: «Расында, сабырлылар сауаптарын хисап-сыз түрде молынан алады». Алла Елшісі (с.а.с.): «Бұл ай – сабырлылық айы. Ал сабырдың сыйы – жәннат», – деп ораза айының қайырлы қорытындысымен сүйіншілеген.

📚 Ержан қажы Малғажыұлы “Мүбәрак Рамазан”


Қасиетті РАМАЗАН айы құтты болсын!

ҚМДБ 2025 жылғы діни күндер кестесін бекітті. Ораза 1 наурыздан басталады. Бүгін түнде – алғашқы сәресі.

Төмендегі сілтемеге өтіп, өз аймағыңыз бойынша Рамазан кестесін көруге болады 👇🏻

РАМАЗАН КЕСТЕСІ – 2025


https://www.muftyat.kz/kk/page/web/ramadan/




Оразаны не үшін ұстайды?

Ораза – балиғат жасына жеткен, ақыл-есі дұрыс мұсылманның ниет етіп, таң атқаннан күн батқанша ішіп-жеу, жыныстық қатынас тәрізді (оразаны бұзатын) істерден тыйылуы арқылы жасалатын құлшылық түрі.

Жаратушы Иеміз: «Ей, иман келтіргендер, ораза сендерден бұрынғыларға парыз болғаны сияқты сендерге де парыз етілді. Бәлкім сақтанарсыңдар» – дей келе оразаны біздерге парыз еткен.

Парыздығы дәлелі нақты (қатъийуд-дәләлә) Құран аяттары мен хадистер арқылы келгендіктен рамазан оразасын терістеп, жоққа шығару діннен шығуға (күпіршілікке) алып барады. Ал жай ғана орындамаған адам күнаһар болады.

Рамазан оразасы көштің екінші жылы бәдір соғысынан бұрын парыз етілді. Бұның алдында мұсылмандар әрбір айдың үш күні мен ашура (Мұхаррам айының тоғызыншы және оныншы немесе оныншы және он бірінші жұлдызы) күндерін оразамен өткізетін.

Ораза иманның төрттен бірі болып табылады. Себебі, Пайғамбарымыз (с.а.у.) бір хадисінде: «Ораза сабырдың жартысы» – десе, басқа бір сөзінде «Сабыр иманның жартысы», – деген.

Оразаның исламның бес шартының бірі болуының өзі оның дінімізде қандай орынға ие екендігін аңғартады. Ал оның сауабын өмірлік өлшемдермен таразылау мүмкін емес. Осы орайда Пайғамбарымыз былай дейді: «Жаным құдіретінде болған Аллаһқа серт, ораза ұстаған адамның аузының иісі Аллаһтың жанында мисктің аңқыған хош иісінен артығырақ. Ұлы мәртебелі Аллаһ былай дейді: (Менің бұл құлым) өзінің шахуатынан, асы мен сусынынан мен үшін бас тартты. Ораза мен үшін (ұсталады). Оның сауабын өзім беремін». Бұл құдси (Аллаһтың Құраннан өзге сөзі) хадистегі «Оның сауабын өзім беремін», – деген сөз бұл ақиқатты тайға таңба басқандай етіп көрсетіп тұр.

📚 Қанат Жұмағұл “Ораза кітапшасы”


Рамазан оразасы кімдерге парыз?

Оразаның парыз болуының шарттары мыналар:

1) Мұсылман болу.
2) Ақыл-есі дұрыс болу.
3) Балиғатқа жеткен болу.

Балиғат жасына жеткен, ақыл-есі дұрыс әрбір мұсылман ер-әйелге Рамазан айында ораза ұстау – парыз. Бұл Алла Тағаланың әмірі. Жас балаларға ораза ұстау парыз емес. Бірақ зиян келтірмейтіндей түрде балаларды да бірте-бірте оразаға үйреткен жақсы.

📚 ”Рамазан – рухани жаңғыру айы”






Денсаулыққа тигізетін пайдасын ойлап, «бір ай ауыз бекітсем, іш құрылысым тазарып, жақсы болады» деген оймен ауыз бекітуге бола ма?

Мұндай ниетпен ораза тұтқан адамның оразасы дұрыс емес. Ауыз бекітудегі басты мақсат Алланың разылығы. Әйтпесе, сауаптан құр қалады. Ауыз бекіту адамның іш құрылысына белгілі бір деңгейде пайдасын тигізетіні сөзсіз. Алайда арықтау, денсаулығын жақсарту үшін ораза ұстау құлшылық емес. Бұл адамның өзінің жеке пайдасы. Ниеті Алла разылығы үшін болса, сол ықыласына сай Алла Тағала оның дертіне шипа береді.

📚 “Оразаға қатысты 200 сұрақ”


Оразаның түрлері

Оразаның алты түрі бар: парыз, уәжіп, сүннет, мустахаб, мәкруһ және харам.

Парыз ораза – Рамазан айында ұсталатын ораза, Рамазан оразасының қазасы және кәффарат оразалар.

Уәжіп оразаға бір нәрсеге аталған оразалар мен бұзылған нәпіл оразалар жатқызылады.

Сүннет ораза – Мухаррам айының тоғызыншы және оныншы немесе оныншы және он бірінші күндері ұсталатын ораза.

Мустахаб оразаларға қамари (аймен есептелетін) айлардың он үш, он төрт
және он бесінші күндері, аптаның дүйсенбі және бейсенбі күндері және Рамазаннан кейін Шәууал айында алты күндік ораза кіреді.

Мәкруһ болып есептелетін оразалар мыналар: әр Мухаррам айының тек оныншы күні мен тек жұма немесе сенбі күндерінде ораза ұстау.

Харам болып есептелетін оразалар: Рамазан айтының бірінші күні мен Құрбан айтының төрт күнінде ораза ұстау – харам. Өйткені айт күндері Аллаһтың құлдарына деген сый-сияпат күндері. Аллаһтың сый-сияпатынан бас тартуға болмайды.

📚 Қанат Жұмағұл “Ораза кітапшасы”




Өткен жылдан қалған қаза оразасы бар адам биылғы Рамазан айы келіп қалғанда не істеуі керек?

Қаза оразаны кешіктірмей өтеу қажет. Себебі Рамазан оразасы парыз болғандықтан, оның қазасын өтеу де парыз. Сондықтан оразаның қазасын тезірек, арасын үзбей немесе бөліп-бөліп өтеуіне рұқсат. Алайда биылғы рамазанға дейін өтелмесе, әуелі кіріп келген рамазан оразасын ұстайды. Рамазан біткен соң өткен жылғы оразаның қазасын өтейді.

📚 “Оразаға қатысты 200 сұрақ”








Күнара ұсталатын ораза

Абдулла ибн Амру (Аллаһ оған разы болсын) Аллаһ елшісінің (с.ғ.с):

«Аллаһ Тағаланың алдындағы ең сүйікті ораза – Дәуіт пайғамбар ұстаған түрдегі ораза. Ол аузы бір күн берік, бір күн ашық болған. Сондай-ақ Аллаһ алдындағы ең сүйікті түнгі намаз да – Дәуд оқыған түрдегі намаз. Ол түннің әуелгі жарымын ұйықтап, сосын үштен бірін намазда тұрып, сосын алтыдан бірін ұйықтаған», – дегенін жеткізген.

📚 Ерлан Ақатаев “Ислам ғибадаты”



20 ta oxirgi post ko‘rsatilgan.