Қазақтың балалары мықты болуы үшін не қажет?
Қазақтың балаларының мықты болуы үшін ең алдымен қазақтың тілін, дінін, дәстүрін, әдеп-ғұрпын білуіміз керек. Сонымен қоса заманауи білімдерді толық меңгеріп, алған білімді халықтың арасына жаю қажет. Шәкәрім Құдайбердіұлы айтқандай:
Қай ғылымды білсеңізде
Қазір оны елге жай.
Құр ішіңде кеткенінше
Пайдалансын өзгелер.
Алған қандайда білімді халыққа пайдалы болса, оны тез арада халықтын арасына жаю керекпіз.
Әлемде білімімен озып тұрған Финляндия мен Сингапур елдері сияқты білімді боламыз деп алдымызға мақсат қоюымыз қажет. Алға қойған мақсатты орындалуы үшін күні-түні жұмыс жасауымыз қажет.
Қазаққа қазір жетіспей жүргені де осы - БІЛІМ! Әлі қараңғыда жүрміз. Балаларымыздың білім алуын қадағаламаймыз. Мектептен келген баламызға "БҮГІН ҚАНДАЙ ТАҚЫРЫПТА САБАҚ ӨТТІҢДЕР" - деп сұраудың орнына "БҮГІН ҚАНША АЛДЫҢ" - ДЕП СҰРАЙМЫЗ. Балаларымыздың 5 деген баға алғанына мәзбіз. Баламыздың алған білімін ӨМІРДЕ қолданама, қолданбайма оған ЖҰМЫСЫМЫЗ жоқ. Күні өтсе болғаны. Жастайына осылай тәрбиеленген баланың қанына сіңіп қалады. Сосын балаларымыз Базарда, құрылыста білімсіз аз айлыққа жұмыс жасайды. Болмаса ішімдікке, темекіге әуес болады. Егер балаларымыздың БІЛІМІНЕ кішкентайынан көңіл бөлсек, бала өскенсоң ҚОЙ бақсада білім-ғылыммен бағатын болады. 1000 қой баққанша 100 қой бағып 1000 қойдың өнімін алады деп ойлаймын. МЕНІҢ ОЙЫМ, ҚАЗАҚТЫҢ БАЛАСЫНА ЕҢ АЛДЫМЕН БІЛІМ ҚАЖЕТ. Ал сіз қалай ойлайсыз?