PARANOIA.KZ


Kanal geosi va tili: Qozog‘iston, Qozoqcha


Арнада саясат, экономика, соғыс, кризистер туралы талқы мен соңғы ақпараттар салынады.

Связанные каналы  |  Похожие каналы

Kanal geosi va tili
Qozog‘iston, Qozoqcha
Statistika
Postlar filtri


Video oldindan ko‘rish uchun mavjud emas
Telegram'da ko‘rish
Грузияда студенттер митингке шығып, билікке наразылық білдіруде. Олар ЕО-мен байланысты арттыруды талап етуде.

3k 0 1 81 183

Video oldindan ko‘rish uchun mavjud emas
Telegram'da ko‘rish
Ресей ТЖМ өкілдері мазут төгілген жағалаудың ұзындығы 49 шақырымнан 54 шақырымға дейін ұлғайғанын айтты. Қазіргі сәтте экологиялық апаттың салдарымен 6 мыңға жуық ерікті күресуде.

3.6k 0 0 21 109

Ongar_online dan repost
Украина майдан алаңына роботтарды шығарды!

Украина Қарулы Күштері алғаш рет жаяу әскерді қолданбай - жердегі роботтарды қолдана отырып шабуыл жасады - ISW

Харьков облысының Липцы ауданында пулеметтермен жабдықталған ондаған роботты жүйелер жұмыс істеді. Операция нәтижесінде басқыншылардың позициялары сәтті жойылды.

Адамзат тарихындағы роботтар қатысқан алғашқы шайқастардың бірі.

3.2k 0 2 16 246

Украина БАҚ-тары: Ресей бүгін Капустин Ярдан Украина жеріне соққы жасауы мүмкін. Баллистикалық зымыран қаупі бар.


Usbanov ARNASY dan repost
Бүгін ҚР Ұлттық экономика министрі ауысты. Премьер-Министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров қызметінен алынды. Бұл қызметке Серік Жұманғарин тағайындалды.

3.5k 0 0 27 135

БАҚ: Хуситтер Йемен жерінен Израильге баллистикалық зымыран атты. Зымыранның бірін әуе қорғаныс жүйесі қағып түсірсе, екінші зымыран Тель-Авив қаласына түсіп, 11 адам жарақат алды.

4k 0 3 121 150

Video oldindan ko‘rish uchun mavjud emas
Telegram'da ko‘rish
Ресейлік БАҚ: Татарстан басшысы Рустам Минниханов шабуыл болған ғимраттарды аралауда. Жалпы Қазан қаласында 8 дрон жарылған.

4k 0 4 9 130

РЭБ-пен дронды ұшып бара жатқанда өшіріп тастауға не бағытын өзгертуге болады. Кейбірін солай еткен сияқты ғой. Татарстанда “Алабұға” деген жабық әскери кешен бар. Онда Украина жерін үздіксіз шабуылдап келе жатқан шахедтер құрастырылады.

Одан бөлек Татарстанда зымыран құрастыратын екі кешен және Қазанда бронды техниканы модернизациялау ошақтары бар.


Қазан қаласы. Тағы бірнеше дронның ғимараттарға соғылған сәті.

4.1k 0 4 14 141

Татарстан, Қазан қаласы. Дрондар шабуыл жасауда. “Жақұт жағалауы” атты 37 қабатты тұрғын үй кешеніне 2 дрон соғылған.

4.1k 0 6 53 188

Германияның Магдебург қаласында теракт болды. Автокөлік жүргізушісі бір топ адамды қасақана қаққан. Оқиға салдарынан ондаған адам көз жұмып, жарақат алды. Ақпарат көздері 11 адамның көз жұмып, 60-тан астам адамның жараланғанын жазуда.

4.7k 0 4 62 146

Ирак жеріне қашып келген Асад сарбаздары қайтадан Сирия жеріне қайтарылды. Соңғы аптада ХТШ мен Ирак арасында осы мәселе бойынша келіссөз өткен еді. ХТШ сириялық сарбаздарға рақымшылық жасалатынын айтқан соң, Бағдад сириялық сарбаздарды кері қайтару процесін бастады. Жалпы 2500 сарбаз Сирияға қайтарылады.

4.8k 0 0 17 178

Ресей БАҚ-тары: “Ресейдің бірнеше қаласында полиция көліктері мен банкоматтарға шабуыл жасалды. Шабуыл жасаушылар көліктерге от қойып, банкоматтарды істен шығармақ болған. Қылмыстық әрекетті жасағандардың басым бөлігі жастар.”

4.7k 0 0 27 268

Video oldindan ko‘rish uchun mavjud emas
Telegram'da ko‘rish
Ресей әскері Сирияның әр аймағынан шығарылуда. Тартус және Хмеймим арқылы негізінен Ливияға кетуде.

Видеода Сириядағы Ресей әскері және сириялықтар.

4.8k 0 4 257 293


15 ta oxirgi post ko‘rsatilgan.