👨🏫 👨🏫👨🏫👨🏫👨🏫
Қ. Тоқаев: Мектеп асханалары Халықаралық талаптарға сай болуы тиіс
Білім саласында елеусіз қалдыратын мәселе болмайды деп санаймын.
Мектеп асханаларындағы азық-түлік сапасы тиісті талаптарға сай болуы тиіс,-деді Президент ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің бірінші форумында.
Бұл туралы Ақордаға сілтеме жасап Педагог-KZ хабарлады
Айта кету керек, Президенттің тікелей тапсырмасы негізінде мектептерде бастауыш сынып оқушылары мен аз қамтылған отбасылардан шыққан балалар мемлекет есебінен тегін ыстық тамақпен қамтылады.
Қ. Тоқаев санитарлық-эпидемиологиялық нормалардың сақталуын қатаң бақылау қажеттігін де айтты.

«Алайда мектеп асханаларындағы тамақтың сапасына баса мән берген жөн. Жақында Маңғыстау облысында балалар астан уланды. Бұл оқиғаның қоғамда қызу талқылануы орынды. Мұндай жағдайлардың қайталануына жол бермеу керек»- деді Президент
Қ. Тоқаев санитарлық-эпидемиологиялық нормалардың сақталуын қатаң бақылау қажеттігін де айтты.
«Мәселенің мәні тым тереңде жатыр. Оқушыларды сапасы күмәнді әрі арзан азық-түлікпен тамақтандыра алмаймыз. Балаларды тамақтандырудың халықаралық стандарттарына ұмтылғанымыз дұрыс....Құзырлы мекемелер мектеп асханаларындағы азық-түліктің сапасын көтеру мәселесімен мұқият айналысуы қажет. Мектептерде дұрыс тамақтандыру мәдениетін қалыптастыру үшін агроөнеркәсіп кешені білім беру орындарының серіктесіне айналғаны жөн» - деді Мемлекет басшысы