👨🏫 Қазақстанда 800-ден астам жекеменшік мектеп бар, оларда 250 мыңнан астам бала оқуда
Бүгін жеке орта білім беру ұйымдарының І республикалық конференциясы өтті. Оған жеке білім ошақтарның педагогтары қатысты. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігіне сілтеме жасап pedagog-kz.kz хабарлайды.
Конференцияда Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев қатысты. Министр жекеменшік мектептерді мемлекет тарапынан қолдау құралдары туралы айтты. Мәселен, тек биылғы жылдың өзінде 250 мың бала білім алатын жеке мектептерге бюджеттен 161 млрд теңге көлемінде қаражат бөлінген.
Сондай-ақ, жеке мектептерде оқитын балаларға да жалпыға міндетті білім беру қоры есебінен қажетті оқу-құралдарын алуға қаржылай қолдау көрсетіледі және олар тегін ыстық тамақтандырумен қамтылады.
Тиісті заң жобасы қазір Парламент қабырғасында қаралуда.
Білім беру ұйымдарының меншік түріне қарамастан басты міндеті – еліміздің сапалы адами капиталын қалыптастыру. Қазір елімізде 800-ден астам жекеменшік мектеп бар, оларда 250 мыңнан астам бала оқуда
📱 Telegram / 📱 Facebook
👨🏫👨🏫👨🏫👨🏫