Подкаст емес, әңгіме💡


Kanal geosi va tili: Qozog‘iston, Qozoqcha
Toifa: Kitoblar


✨Телегшілер туындысы✨
▫️Сіздің дамуыңыз үшін үздік жазбалар;
▫️Танымал тұлғалармен және таныссыз таланттармен подкасттар;
▫️Поэзия кештері;
Бізге хат: @pikirbek_bot

Связанные каналы  |  Похожие каналы

Kanal geosi va tili
Qozog‘iston, Qozoqcha
Statistika
Postlar filtri


Енді жалпы идеяны қозғайық. Қазақстанды басқа елмен алмастыру қандай бенефит береді? Қысқа жауап: ешқандай!
• Ешқандай ел қазақтарды құшақ жая қарсы алмайды. Ол жақта сырттан келген мигрант, жексұрын халде өмір сүресің
• Ешқандай ел қазақтардың байығанына мүдделі емес. Барсаң не жоғары квалификациямен барасың. Ал ондай маман бізде де жоғары табыс табады. Не қара жұмыс істейсің, онжылдап оқыған оқуың, уақытың, ақшаң, өмірің далаға кетті деген сөз
• Ювеналка заңымен балаңды өкімет тартып алуы мүмкін. ЛГБТК+ оң көзқарас танытпағаның үшін. Ал оң көзқарас танытсаң, ұрпағыңнан айрылдым дей бер
• Балаң қазақ тілінде сөйлемейді, оның қазақ болмысын бұзып, дүбәра, Шыңғыс Айтматов суреттегендей мәңгүрт етесің
• Өзге елде сұлтан болғанша, өз еліңде ұлтан бол деген бар емес пе? Қанша жерден таптырмас маман болсаң да, сені бөтенсінеді. Ол ортаға сіңісу үшін өзіңнің "меніңнен" бас тартуың керек, жегенін жеп, ішкенін ішіп, істегенін істеуің керек. Айтшы, сол керек па саған?
• Бұрындары әлем 2 лагерьге (социалистік және капиталистік) бөлінсе, қазір ондай жоқ. Қазір белгісіздік, кім жау, кім дос, кімнің қандай позицияда екенін нақ ажырату қиын. Күнде құбылмалы. Соғыс боп кетсе қайтесің? Есім барда елімді табайын деп су ішіп түкіріп кеткен құдығыңа қайта келесің бе? Еуропада ұлтшылдық қайта өршіп бара жатыр. Сені және ұлдарыңды Украина секілді соғысқа мәжбүрлеп, әйеліңді тентіретіп жіберсе қайтесің? Кім араша түседі саған? Холокост жасағандай, жалпы бөтендерді қудаласа, кімді паналайсың?
• Ал кеттім делік, Қазақстанды кімге қалдырмақсың? Оны өзгертуге бір қасық үлесіңді қимай, оның эволюциялық өзгеруін кетуің арқылы кешеуілдетпексің бе? Әлде Әбілазов секілді жайлы жерге орналасып, елді бүлікке шақырып: "митингке шығыңдар, Қазақстанды өзгертіңдер, қолдаймыз, жақсы болғанда "дайынға тап" боп келеміз" деп отырмақшысың ба?
• Ең бастысы, өзін мұсылманмын деп санайтын адамның баласы, сол ортаға бейімделіп, кәпір боп кетсе, не істей аласың?


Ойланып қарасаң, сыртта жасай алатын еңбекті елде де жасауға болады. Түсінем, діни танымыңды бекітіп, Батыстың технологиялық дамуынан үлгі алып, білімін игеруге уақытша баратын болсаң; сол Батысқа барып, бизнес ашып, табысыңды елге жіберіп, бала оқытып, олардың көзін ашып, инвестиция құйсаң (әлгі ғылымға да құйсаң болады); мәдениет көріп өз еліңнің қадірін сезінетін болсаң; мен де "бар, көр, үйрен, қайт" деп айтушы ем.

Ал көксегенің тек ақша болса, онда бұл посттың түйіні мына сөзбен тәмамдаймын:
"Ит тойған жеріне, Ер туған жеріне"


Invintel


Желіде елеуге тұрмайтын, мәнсіз сөздерді таратып жатыр екен. Кейінгі 2-3 күннің хиты Дархан Әбдік, "Парасат майданының" жүргізушісі. "Dope soz"-дің либерал жігіттеріне сұхбат берген екен. Сөздерінде ой-армандары жүзеге аспай, үмітсіздікке бой алдырған, өмірге өкпесі бар леп бар. Әркім әртүрлі қиындысын жайып жүр. Талпыныстары нәтиже бермегенде "ақталатын" алиби қып өздерін жұбатқан түрлері шығар. Жалпы, халықтың саналы жастар құрайтын бөлігінің жалпылама деградацияға ұшырағанын байқадым.

Бұл постта қозғалатын қиынды Дарханның мүмкіндік болса, жастарды елден кетуге үндеуі, Қазақстанның болашағы жоқтығын өскелең ұрпақтың санасына телуі. Перизат та қосылып, қостап жазба қалдырыпты. Логикалық тұрғыда екеуі де ақыл айтатын адамдар емес. Неге? Өйткені, ақылды адам "кетем" деген адамның аргументтерін тыңдап, соған сай кеңес беріп, не райынан қайтарады, не "ақ жол" деп тілеуін тілейді, мүмкіндігі бар болса, көмектеседі. Ал өзі елде отырып алып, "сендер кетіңдер, ол жақта бәрі бар" деген сияқты ой айтып, жастарды "белгісіз тағдырға" итермелеуі, барып тұрған опасыздық. Ертең кеткен адамдардың тағдырларына жауапкершілік те алмайды олар.

"Ақыл-кеңесінен" бұрын Дарханның өзіне келсек, "Парасат майданын" жүргізу парасаттылықты көрсетпейді. Ол жай ғана жөрнәліс! Қандай да бір ғылымды терең меңгермеген. Дилетант деңгейін де қимайтыным бар енді. Жалпы біздің елде белгілі бір ғылымға байланған кәсіби жөрнәлістің барына күмәнмен қараймын. Басым көпшілігі дерлік бюджетке қарап, нанын жеп, әнін айтып жүргендер дерлік. Осы қиынды сөзіне қарап, оны идеалист-инфантил немесе инфантил-идеалист деп сипаттауға болады. Неге? Өйткені ол қиялындағы 2000 жылдардағы шетел образында қалып кеткен. Ол шетел қазір жоқ! Одан кейін өзінің өкпесін проекциялап, өзі нәтиже көрмесе, өзгелер де нәтиже көрмейтініне сенімді секілді.

Тағы бір мәселе. Қазақстанда еркіндік жоқтығына налиды. Иә, келісуге болады. Бірақ еркіндік хандар тұсында да болмаған. Сөздің мәйегін меңгерген ата-бабаларымыз өгізді өлтірмейтін, арбаны сындырмайтындай сөз саптап, тығырықтан шығып кетіп отырған, түйіндерді шеше білген. Бұл пенденің бейімділігі. Қазіргі кезде, тем более жөрнәліске, ебін тауып, сөзден өрмек тоқып, метафоралармен шешім іздеу нә тәйірі? Әлде қазіргі жөрнәлістерде кәсібилік жоқтығын растап отыр ма?

Хош, "кеңесін" сараптайық. Бұл кісінің "кетіңдер" деп меңзеп жатқан елдері: Батыс Еуропа мен АҚШ және оның сателлиттері (Аустралия, Канада, Жаңа Зеландия). Бразилияға, Мексикаға, Эфиопияға, Конгоға, Қытайға, Үндістанға, Вьетнамға көш деп жатқан жоқ. Бұл кісінің идеалы — Батыс елдері.

Меңзеп тұрған ғылым бостандығы, ой еркіндігі, шын мәнінде иллюзия. Батыста трансұлттық корпорациялар мен саясаттың күн тәртібіндегі мәселелер шешеді қандай ғылыми мақала жазылу керектігін. ЛГБТК+ қарсы мақала жазсаң қудалайды, ғылымыңа қарамайды. Мұны политкорректность деп атайды. Шынайы ғылым бостандығы мен ой еркіндігі, салыстырып қарайтын болсақ — Қазақстанда. Қазақстанда кез келген мәселені зерттеп, жариялап, кітап шығарсаң болады. Ешкім ешқандай тыйым салмайды. Тек, біздегі айырмашылық қаржыландыру тапшылығында. Батыста корпорациялар өз мүдделері үшін миллиардтап тапсырыспен ғылыми мақалалар жаздырса, бізде онда бай-патшалар жоқтың қасы.

Ал жағдай мәселесіне келсек, рас, олардың экономикалық ахуалы жоғары да шығар. Алайда олар да өміріңді күрт өзгертетін тетік жоқ. Алпауыт экономика машинасының бір бұрандасы боп қана жұмыс істейсің. Үлкен саясатқа 4-ұрпағың ғана легитимді бола алады. Бұл Қазақстанды ақтау, мақтау емес. Әлі де мүмкіндіктер көптігін констатациялау. Ал 2000-3000$ табыс жеткілікті, сол бірқалыпты тұрақты өмір ұнайды десе, онда соны айшықтап айтуы тиіс!


үмітім үзілмесінші жақын таңдардан


- Балдың дәмі қандай?
- Білмеймін
- Татып көрмедің ба?
- Көрмедім, бірақ тәтті сияқты
- Көрмесең, қайдан білдің?
- Кітаптан оқыдым, бізде универде балдың түрлері, одан не жасалатынын үйреніп жүрміз
- Сонда қашан татып көресің?
- Жұрт сияқты аратану дипломын алғанда
- О кезде балдың дәмі ұнамай қалса ше?
- Ұнайды деп ойлаймын
- Ұнамаса ше?
- ...


- Басыңдағы монологтан да ең ауыры не білесің бе?
- Не?
- Отбасыдағы адамдардың сухой диалогтары. Бір-біріне сұрақ қояды да жауап береді.
- 21 ғасырды жақыныңмен әңгімелесу, бірге уақыт өткізу қалды деп тұрсың ба? Ауыр-ауыр.


Үй алайық, машина алайық, шетелге барып жақсы жұмыс істеп ақша табайық, - деп күбірлей берді. Бірде:
- Ал жан жылуы ше, - деп сөзін бөлді.
- Жан жылуы? Нені меңзеп тұрсың түсінбедім.
- Соның барлығына қол жеткізген соң бақытты боламыз деп ойлайсыз ба?
- Әрине, біздің жағдайымызды ойлап жатқан жоқпын ба? Ақша болса бәрі де болады.
- Қазір жан жылуын сезіне алмасақ, болашақта, ақша болған күннің өзінде бақытты болуға, сөйлесуге, өткен күннің қызық естеліктерін еске алып отырамыз деп ойламаймын. деп... Тұрмыстық өмірден ары аса алмай қалдық қой. Әркім өзінің телефонына тығылатын болған.
- Телефон?
- Иә, ойлап көрші. Үйде болсақ та, тамақ ішсек те, бос уақыттың бәрінде телефон ұстаймыз. Не үшін? Бір-бірімізбен уақыт өткізу қызық емес. Артық ойланғымыз келмейді. Қорқыныш пен сенімсіздіктен, жаман көңіл-күйімізден қашу үшін де телефон адам орнын басып кеткен... Тіпті үйдегі жақын адамдарды байқамаймыз...


Өткенді еске алып, қызық кездеріңді аңсап, қазірге қызықтарыңнан құр қалма. Ойланып қарасаң, қазіргі сәттерің де болашақ үшін қызықты естелік.


"Көп сөз көмір, аз сөз алтын"


Көпірген сайын сөздің мәйегі азайып, маңызы құнсызданады. Ал аз сөзді болсаң, сол аз сөзіңді адамдар байсалдылықпен қабылдайды. Байқап көр.


‼️Python программалау тілін үйренуді жоспарлап жүрсең, Яндекс.Білім платформасындағы хэндбук – сен үшін тамаша таңдау. Мұнда Python негіздері қарапайым әрі түсінікті тілде түсіндіріледі. Теориялық материалдардан бөлек, интерактивті тапсырмалар арқылы біліміңді бірден тәжірибеде қолдана аласың. Әр тапсырма автоматты түрде тексеріледі, сондықтан қателеріңді бірден көріп, түзетіп отыруға мүмкіндік бар.

💡Платформаның басты артықшылығы – барлық материалдар тегін және кез келген уақытта қолжетімді. Бұл платформа Python-ды жаңадан бастап жатқан адамдарға да, осы тілде дағдыларын дамытқысы келетіндерге де қолайлы. Барлық тақырыптар жүйелі түрде берілген, сондықтан Python негіздерін игеру жеңіл әрі қызықты болады.

🔥Python-ды үйрену арқылы сен веб-бағдарламалау, деректерді өңдеу, автоматтандыру және жасанды интеллект сияқты заманауи салаларға жол ашасың. Егер сен программалауды меңгергің келсе, дәл қазір бастауға ең қолайлы уақыт!

Balpanaq💙


Кеш жарық, достар! Біз бірнеше адамды таңдап, топқа қосылу сілтемесін жібердік. Қалғандарыңызда ешқандай реніш болмасын, бұйырса алдағы уақытта тағы да жаңартулар болады🤗


- Жігіт таптың ба?
- Иә, бірақ әлі білмейді өзі


- Қыз таптың ба?
- Иә, бірақ әлі білмейді өзі


- Үйленуге әрекет жасап жатсың ба?
- Иә, салют алып қойдым


осы күнге дейін аз өмір сүрдім бе, көп өмір сүрдім бе білмеймін, әйтеуір өзіме лайықты жігіт таппадым.

#дептібіреу


Қайырлы кеш, құрметті оқырмандар

“Подкаст емес, әңгіме” жобасына жаңа құрам, жас буындарды ортамызға қоспақшымыз.
Жас әрі жанып тұрған 17 жастан асқан қыз/жігіттерді ортамызға қабылдаймыз. Мақсатымыз “Подкаст емес, әңгіме” жобасын дамыту, жаңа деңгейге жеткізу.
Егер де осы керемет ортада өзіңізді көрсеңіз, жоба барысында керемет ұжыммен танысып, үлес қосамыз дегендер болса @-қа өзіңіз жайлы қысқа да нұсқа (болып жатса арнаңызға сілтеме) жазып жіберіңіз.
Мүмкін бізге дәл сіз керек шығарсыз:)


— Үйленгенсіз бе?
— Booking жасап қойғанмын :)
— Xмм.., олай да болады ма не?


- Кеттік киноға
- Ц, үйде қала берейікші. Ұзақ дайындалам
- Осылай шыға берші)
- Түу, үйден көре салайықшы
- Үйден болса үйден, ка пиццаға заказ бере салайын. Бірақ сен ұйықтап қалма. Білем ғой сені, қай киноны көреміз деп жатқанда-ақ кетіп қаласың
- 🌚


- Бүгін жапон тілін өтеміз
- Махл
- Сен мен үшін саваяка-сың
- Ол не?
- Қасында өзіңді жеңіл және жайлы сезінетін, таза ауа секілді жақын адамың.
- О-о 😍
- Сурисури жасайықшы?
- Ол не?
- Бір-біріміздің беттерімізді немесе мұрындарымызды тигізіп, оңға-солға шайқатылу (тереться).
- Ааа, сенің қызымызға жасап жүрген ба?)
- Аха
- Махл)


Invintel dan repost
«Бүгін қиналасың. Ертең бұдан артық қиналасың. Арғы күні жемісін жейсің. Бірақ көп адам ертең кешке қайтыс болады».

Джек Маның пәлсапасы, ну или мотивациясы)


Кей адамдардың токсичный қарым-қатынастан шыға алмауы, жалғыздықта қалудан қорқуынан шығар?

20 ta oxirgi post ko‘rsatilgan.