Экономика министрлігі 🇰🇿


Kanal geosi va tili: Qozog‘iston, Qozoqcha


ҰЭМ ресми телеграм-каналы
Телеграм-канал МНЭ РК
Сайт: https://economy.gov.kz
Facebook:https://www.facebook.com/mineckz
Twitter: https://twitter.com/minec_kz

Связанные каналы  |  Похожие каналы

Kanal geosi va tili
Qozog‘iston, Qozoqcha
Statistika
Postlar filtri


⚜️Ұлыс оң болсын!

⚜️
Әз-Наурыз әрбір шаңыраққа құт-береке әкелсін!

✍🏻Ізгі ниетпен,
ҚР Ұлттық экономика министрлігі


📌Наурыз – символ обновления и новых достижений

🔷Как и в древности, когда в дни весеннего равноденствия под одним шаныраком собирались родные и близкие, в канун Наурыза в Доме министерств коллектив Министерства национальной экономики организовал торжественное мероприятие, посвященное этому светлому празднику – символу единства, обновления и возрождения.

✅В этот день состоялось награждение сотрудников, внесших значительный вклад в развитие экономики страны.

✍️Медалью «Экономика саласын дамытуға қосқан үлесі үшін» были награждены:

🏅 Ахметова Айнур – заместитель директора департамента макроэкономического анализа и прогнозирования;
🏅 Мустафина Бибигуль – заместитель директора департамента политики развития предпринимательства;
🏅 Наукенов Рахат – руководитель управления департамента развития социальной сферы, правоохранительных и специальных органов;
🏅 Окенов Толеген – руководитель управления департамента бюджетной политики;
🏅 Сабит Мадина – руководитель управления департамента регионального развития;
🏅 Садыкова Сандугаш – руководитель управления внутреннего администрирования Комитета по регулированию естественных монополий;
🏅 Сағын Дидар – руководитель отдела департамента Комитета по регулированию естественных монополий по Актюбинской области.

⚜️Накануне празднования Дня национального спорта, который традиционно отмечается в рамках Наурызнама, сотрудники министерства приняли активное участие в соревнованиях по перетягиванию каната, асық ату, гиревому спорту, тоғыз құмалақ и армрестлингу. По итогам состязаний победители заняли призовые места и были награждены на торжественном мероприятии:
🥇 Асық ату (1 место) – Дарибаев Руслан Темирханович, директор департамента внутреннего администрирования.
🥇 Гиревой спорт (1 место) – Лесбаев Шынболат Ерегенұлы, главный эксперт Комитета по регулированию естественных монополий.
Армрестлинг (1 место):
🥇 Торғауыт Қуаныш Серікұлы, главный эксперт департамента регионального развития;
🥇 Еламанова Зоя Жетписбаевна, главный эксперт департамента экономики и финансов.
🥇 Перетягивание каната (1 место) – команда Комитета по регулированию естественных монополий. Капитан команды: Дидаров Ақтөре Дидарұлы.
🥇 Тоғыз құмалақ (1 место) – Сағынова Бақытнұр Рысжанқызы, главный эксперт департамента экономики и финансов.

🔘Поздравляя участников, заместитель Премьер-министра–министр национальной экономики РК Серик Жумангарин пожелал коллегам мира и процветания, отметив, что новый год открывает перед нами новые возможности и ставит важные задачи, которые необходимо решать вместе.

t.me/presseconomy


📌Наурыз елдік дәстүрдің алтын діңгегі

🔷Ұлттық экономика министрлігі Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамын кең көлемде атап өтті. Мерекелік іс-шараға министрлік басшылығы мен қызметкерлері қатысты.

✅Салтанатты шара ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің құттықтауымен басталды.

«Наурыз – ырыс пен берекенің бастауы. Бұл мейрам – халқымыздың ізгілікке негізделген рухани құндылықтарын айшықтайды», - деді вице-премьер.


🤝Іс-шара барысында марапаттарды табыстаудың салтанатты рәсімі өтті.

✍️ «Экономика саласын дамытуға қосқан үлесі үшін» медалімен:
🏅Ахметова Айнұр Онашабаевна – Макроэкономикалық талдау және болжамдау департаменті директорының орынбасары;
🏅Мұстафина Бибиігүл Бағдатқызы – Кәсіпкерлікті дамыту саясаты департаменті директорының орынбасары;
🏅Наукенов Рахат Оспанұлы – Әлеуметтік сала, құқық қорғау және арнайы органдарды дамыту департаментінің басқарма басшысы;
🏅Окенов Төлеген Әділетұлы – Бюджет саясаты департаментінің басқарма басшысы;
🏅Сәбит Мадина Сәбитқызы – Өңірлік даму департаментінің басқарма басшысы;
🏅Садықова Сандуғаш Ескендірқызы – Табиғи монополияларды реттеу комитеті Ішкі әкімшілендіру басқармасының басшысы;
🏅Сағын Дидар Жақсықайырұлы – Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Ақтөбе облысы бойынша департаментінің бөлім басшысы марапатталды.

⚜️Бұған қоса, «Наурызнаманың» онкүндігі аясында ұлттық спорт түрлерінен жарыстар ұйымдастырылып, асық ату, қол күресі, арқан тартыс, тоғызқұмалақ және гір көтеру сынды сайыстарда министрлік қызметкерлері өз бақтарын сынады.
🥇Гир көтеру сайысында жүлделі 1-орынды Табиғи монополияларды реттеу комитетінің бас сарапшысы Лесбаев Шынболат Ерегенұлы ;
🥇Қол күресі сайысында жүлделі 1-орынды Өңірлік даму департаментінің бас сарапшысы Торғауыт Қуаныш Серікұлы мен Экономика және қаржы департаментінің бас сарапшысы Еламанова Зоя Жетпісбайқызы;
🥇Тоғыз құмалақ сайысында жүлделі 1-орынды Экономика және қаржы департаментінің бас сарапшысы Сағынова Бақытнұр Рысжанқызы;
🥇«Өз елім менің» атты өнер сайысында жүлделі 1-орынды Ішкі әкімшілендіру департаментінің инспекторы Құдайбергенова Медея Мейрамқызы иеленді.
🥇Арқан тартыс сайысында жүлделі 1-орынды Дидаров Ақтөре Дидарұлы бастаған Табиғи монополияларды реттеу комитетінің командасы жеңіп алды.

🔘Мерекелік концерт аясында қазақ, татар, түрік және өзбек халықтарының ұлттық дәстүрлері сахналанып, өнерпаздар ән мен күйден шашу шашты.

t.me/presseconomy




📌Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин Дүниежүзілік банк өкілдерімен кездесу өткізді.

💼Жиынға Орталық Азия бойынша өңірлік директор Татьяна Проскурякова, Шығыс Еуропа және Орталық Азия үшін инфрақұрылым жөніндегі өңірлік директор Чарльз Кормье, Қазақстандағы Дүниежүзілік банктің тұрақты өкілі Андрей Михнев, сондай-ақ Қазақстан, Қырғызстан және Тәжікстан бойынша ХҚК өңірлік менеджері Зафар Хашимов қатысты.

🔷Кездесудің басты тақырыбы – Қазақстанмен 2026-2030 жылдарға арналған әріптестіктің жаңа стратегиясы, Әріптестік туралы негіздемелік келісімді (ӘНК) ратификациялау, талдамалық қолдауды кеңейту және бірлескен жобаларды іске асыру.

✅Серік Жұманғарин Қазақстан Дүниежүзілік банкпен ынтымақтастықтың стратегиялық сипатын жоғары бағалайтынын айтып, құрылымдық реформаларды іске асыруда және инклюзивті экономикалық өсуді қамтамасыз етуде әріптестіктің маңыздылығын атап өтті. Әріптестіктің 2020-2025 жылдарға арналған қолданыстағы стратегиясы шеңберінде елеулі нәтижелерге қол жеткізілді және Қазақстан 2026-2030 жылдарға арналған жаңа құжатты әзірлеуге дайын.

«Еліміз үшін экономиканы әртараптандыру, инвестиция тарту, инфрақұрылымды дамыту және негізгі салаларды жаңғырту басым міндеттер болып қала береді. 2025 жылы ЖІӨ-нің өсуі – 5,6%-дан жоғары болуы тиіс. Банкпен бірлескен бастамалар орнықты экономикалық дамуға қол жеткізуге көмектеседі», — деп атап өтті вице-премьер.


🌐 Толығырақ www.gov.kz сайтында.



📌Правительство Казахстана и Всемирный банк укрепляют стратегическое партнерство

💼Заместитель Премьер-министра – министр национальной экономики Республики Казахстан Серик Жумангарин провел встречу с представителями Группы Всемирного банка. В обсуждении приняли участие региональный директор по Центральной Азии Татьяна Проскурякова, региональный директор по инфраструктуре для Восточной Европы и Центральной Азии Чарльз Кормье, постоянный представитель ВБ в Казахстане Андрей Михнев, а также региональный менеджер МФК по Казахстану, Кыргызстану и Таджикистану Зафар Хашимов.

🔷В центре обсуждения – новая Стратегия партнерства с Казахстаном на 2026-2030 годы, ратификация Рамочного соглашения о партнерстве (РСП), расширение аналитической поддержки и реализация совместных проектов.

✅Серик Жумангарин отметил, что Казахстан высоко ценит стратегический характер сотрудничества со Всемирным банком, подчеркнув важность партнерства в реализации структурных реформ и обеспечении инклюзивного экономического роста. В рамках действующей стратегии партнерства на 2020–2025 годы были достигнуты значимые результаты, и Казахстан готов к разработке нового документа на 2026-2030 г.

«Приоритетами Казахстана остаются диверсификация экономики, привлечение инвестиций, развитие инфраструктуры и модернизация ключевых отраслей. Ожидаемый рост ВВП в 2025 г. – выше 5,6%. Совместные инициативы с банком помогут достичь устойчивого экономического развития», — отметил вице-премьер.


🌐 Подробнее на сайте www.gov.kz

t.me/presseconomy




UKIMET dan repost
Олжас Бектенов Президенттің Ұлттық құрылтайдың IV отырысында айтқан тапсырмаларының орындалу барысы жөнінде кеңес өткізді

📌 Премьер-министр Олжас Бектенов биылғы 14 наурызда өткен Ұлттық құрылтайдың IV отырысында айтылған Президент тапсырмаларын жүзеге асыру мәселесі бойынша кеңес өткізді.

«Мемлекет басшысы IV Ұлттық құрылтайда сөйлеген сөзінде еліміздің ішкі саясат пен экономика саласындағы таяу келешектегі даму бағдарын айқындап берді. Экономиканың өсуіне, ірі инфрақұрылымдық және энергетикалық жобаларды жүзеге асыруға, цифрландыру мен адами капиталды дамытуға қатысты көптеген маңызды мәселелерге назар аударылды. Ең бастысы – Президент тапсырмаларын сапалы орындау»,

— деп атап өтті Олжас Бектенов.

🔘 Министрліктердің жүктелген міндеттерді жүзеге асырудағы тәсілдері тыңдалды.

⏩ Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин экономиканың өсуіне жаңаша серпін беру және өңірлік дамудағы теңгерімсіздіктерді жою, әділ және тиімді салық жүйесін дамыту, салықтық әкімшілендіруді жетілдіру жұмыстары туралы баяндады. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, 2025-2030 жылдарға арналған өңірлік саясат тұжырымдамасының жобасы мен шекара маңындағы аумақтарды дамыту бойынша жеке заң әзірленеді.



Олжас Бектенов провел совещание по исполнению поручений Президента, озвученных на IV заседании Национального курултая


📌 Премьер-министр Олжас Бектенов провел совещание по вопросу реализации поручений Президента, озвученных в ходе IV заседания Национального курултая 14 марта т.г.
«Глава государства в своем выступлении на IV Национальном курултае определил вектор развития страны на ближайшую перспективу в сфере внутренней политики и экономики. Внимание было уделено многим значимым вопросам, касающимся роста экономики, реализации крупных инфраструктурных и энергетических проектов, цифровизации и развития человеческого капитала. Главное – качественно реализовать поручения Президента»,

— подчеркнул Олжас Бектенов.

🔘 Заслушаны подходы министерств по реализации поставленных задач.

⏩ Заместитель Премьер-министра - министр национальной экономики Серик Жумангарин доложил о работе по созданию новых точек экономического роста и устранению дисбалансов в региональном развитии, развитию справедливой и эффективной налоговой системы, улучшению администрирования налогообложения. В соответствии с поручением Главы государства будет разработан проект Концепции региональной политики на 2025-2030 годы и отдельный закон о развитии приграничных территорий.

📱 @KZgovernment


UKIMET dan repost
Video oldindan ko‘rish uchun mavjud emas
Telegram'da ko‘rish
🎥 @KZgovernment


Aqorda 🇰🇿 dan repost
✍️ Главой государства подписан Бюджетный кодекс Республики Казахстан

Первый блок новелл Кодекса направлен на установление увязки налогово-бюджетной, денежно-кредитной и фискальной политик, что обеспечено положениями о государственных финансах.

Вторым блоком новелл оптимизируется бюджетный процесс с повышением самостоятельности и ответственности госорганов. Сокращены сроки и этапы бюджетного процесса, внедрены элементы блочного бюджета со значительным расширением полномочий и ответственности администраторов бюджетных программ.

Госорганам предоставлено право самостоятельно перераспределять средства в объеме 15% от объема расходов бюджетной программы. Неиспользованные в текущем году бюджетные средства могут быть доиспользованы госорганами с января следующего года, что обеспечит непрерывное финансирование расходов.

Третий блок новелл направлен на усиление парламентского контроля. Лимиты предоставления госгарантий, поручительств государства, лимиты правительственного долга и долга местных исполнительных органов, лимиты внешнего долга субъектов квазигоссектора будут рассматриваться Парламентом и утверждаться законом о бюджете.

Четвертый блок направлен на повышение качества планирования доходной части бюджета и принятии действенных мер по эффективному использованию бюджетных денег. В Кодексе установлены основные положения дивидендной политики государства в отношении субъектов квазигосударственного сектора.

Пятым блоком закреплены условия использования Национального фонда с акцентом на его сберегательную функцию. Использование Национального фонда будет ограничено целевыми ориентирами, утверждаемыми Президентом. Введен запрет на размещение средств фонда во внутренние финансовые инструменты, что исключает их внебюджетное использование. Целевой трансферт из Национального фонда может быть использован только на финансирование критически важных объектов и проектов общестранового значения, введены соответствующие критерии.

Шестой блок направлен на расширение контроля за долговой политикой государства, включая долг субъектов квазигосударственного сектора. Уполномоченными органами будет осуществляться прогноз, мониторинг и оценка долговых обязательств государственного сектора. Лимит внешнего долга квазигосударственного сектора будет устанавливаться законом о республиканском бюджете.

Седьмой блок поправок направлен на совершенствование межбюджетных отношений. Для активного вовлечения граждан в процесс распределения бюджетных средств законодательно закреплена основа для бюджета народного участия.

Текст Бюджетного кодекса публикуется в печати.

t.me/aqorda_resmi


Aqorda 🇰🇿 dan repost
✍️ Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне қол қойды

Кодекстің бірінші блогы мемлекеттік қаржы туралы ережелерге сай салық-бюджет, ақша-несие және фискалды саясатты байланыстыруға бағытталған.

Екінші блок мемлекеттік органдардың дербестігі мен жауапкершілігін арттыра отырып, бюджет процесін оңтайландырды. Бюджет процестерінің мерзімдері мен кезеңдері қысқартылды. Бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің өкілеттіктері мен жауапкершілігін едәуір кеңейту есебінен блоктық бюджет элементтері енгізілді.

Мемлекеттік органдарға бюджеттік бағдарлама шығыстарының 15 пайызы көлеміндегі қаражатты дербес басқару құқығы берілді. Мемлекеттік органдар биыл жұмсалмаған бюджет қаржысын келесі жылдың қаңтар айынан бастап пайдалана алады. Бұл шығыстарды үздіксіз қаржыландыруға мүмкіндік береді.

Үшінші блок парламенттік бақылауды күшейтуге арналған. Мемлекеттік кепілдіктерді, мемлекет кепілгерліктерін беру лимитін, үкіметтік борыш лимитін және жергілікті атқарушы органдар борышын, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің сыртқы қарыз лимитін Парламент қарастырып, бюджет туралы заңмен бекітеді.

Төртінші блок бюджеттің кіріс бөлігін жоспарлау сапасын арттыру және бюджет қаржысын тиімді пайдалану жөнінде пәрменді шаралар қабылдауды көздейді. Кодексте квазимемлекеттік сектор субъектілеріне қатысты мемлекеттік дивиденд саясатының негізгі ережелері белгіленген.

Бесінші блок жинақ функциясына баса назар аудара отырып, Ұлттық қорды пайдалану шарттарын белгілейді. Ұлттық қорды пайдалану Президент бекіткен мақсатты бағдарлармен шектеледі. Қордың қаражатын ішкі қаржы құралдарына салуға рұқсат етілмейді. Бұл ақшаны бюджеттен тыс пайдалануға жол бермейді. Ұлттық қордың нысаналы трансферті тек жалпыхалықтық маңызы бар нысандар мен жобаларды қаржыландыруға ғана пайдаланылады. Ол үшін тиісті критерийлер енгізілді.

Алтыншы блок квазимемлекеттік сектор субъектілерінің борышын қоса алғанда, мемлекеттің қарыз саясатына бақылауды кеңейтуге бағытталды. Уәкілетті органдар мемлекеттік сектордың борыштық міндеттемелеріне болжау, мониторинг және бағалау жүргізу шараларын жүзеге асырады. Квазимемлекеттік сектордың сыртқы борыш лимиті республикалық бюджет туралы заңмен белгіленеді.

Түзетулердің жетінші блогы бюджетаралық қатынастарды жетілдіре түсті. Азаматтарды бюджет қаражатын бөлу процесіне белсенді тарту үшін халық қатысатын бюджет тәртібі заңнамалық негізде бекітілген.

Бюджет кодексінің мәтіні баспасөзде жарияланады.

t.me/aqorda_resmi


📌Үкіметте 19 млн шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға беру және халық ең тығыз қоныстанған өңірлердің инвестициялық өсімі қаралды

🔷Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің төрағалығымен өткен экономикалық өсімді қамтамасыз ету жөніндегі штабтың кезекті отырысында ТКШ саласы мен халық ең тығыз қоныстанған Алматы және Түркістан облыстарының инвестициялық көрсеткіштері қаралды.

🏗Биыл Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі мен өңірлердің алдында елімізде кемінде 19 млн шаршы метр тұрғын үй салу міндеті тұр. Штаб отырысында 2025 жылдың алғашқы екі айында Қазақстанда 1,9 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілгені айтылды. Бұл 2024 жылдың қаңтар-ақпан айларымен салыстырғанда 6,8%-ға төмен. Оның ішінде 1,2 млн шаршы метрі – көппәтерлі тұрғын үйлер, ал 713 мың шаршы метрі – жеке үйлер. Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі Құрылыс және ТКШ істері комитеті төрағасының орынбасары Қанат Мыңбаевтың айтуынша, құрылыс қарқынының төмендеуі маусымдық жағдайларға байланысты, дегенмен күн жылынысымен бұл көрсеткіштер қайта қалпына келеді.

💰Алматы облысында 2024 жылы негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 980 млрд теңгені (80% жеке, 20% бюджеттік) құраса, 2025 жылға қойылған KPI – 1,35 трлн теңге. Алдын ала мәліметтер бойынша, 2024 жылы тікелей шетелдік инвестиция көлемі $541 млн-ға жетеді, 2025 жылы KPI – $532 млн. Биылғы екі айда 89 млрд теңге инвестиция тартылды, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 16%-ға артық. Инвестициялардың негізгі үлесі – бюджеттен тыс қаражат. Өңірде ең тартымды инвестициялық салалар – өнеркәсіп (32%), жылжымайтын мүлік (22%), көлік және қоймалау (16%), білім беру (17%).

✅Қазіргі уақытта облыстың инвестициялық портфелі 57 мың жұмыс орнын ашатын 6,3 трлн теңге сомасындағы 200 жобаны құрайды. 2025 жылы осы жобалардың 35-і іске қосылып, 303 млрд теңгеге 4,8 мың жаңа жұмыс орны ашылады.

🌐 Толығырақ www.gov.kz сайтында.



📌Ввод 19 млн квадратных метров жилья и инвестиционный рост самых густонаселенных областей Казахстана рассмотрели в Правительстве

🔷На очередном заседании штаба по обеспечению экономического роста под председательством заместителя Премьер-министра РК – министра национальной экономики Серика Жумангарина рассмотрели отрасль ЖКХ и инвестиционные показатели самых густонаселенных областей Казахстана – Алматинской и Туркестанской.

🏗Построить не менее 19 млн квадратных метров жилья – такая задача стоит в этом году перед Министерством промышленности и регионами. На заседании штаба было отмечено, что за первые два месяца 2025 года в Казахстане введены в эксплуатацию 1,9 млн квадратных метров жилья. Это на 6,8% ниже, чем за январь-февраль 2024-го. Из них 1,2 млн квадратных метров – в многоквартирных домах, 713 тыс. квадратных метров – в частных. Как отметил на заседании штаба зампредседателя Комитета по делам строительства и ЖКХ Министерства промышленности и строительства Канат Мынбаев, Отставание по темпам строительства обусловлено сезонностью, с наступлением тепла показатели будут компенсированы.

💰В Алматинской области при объеме инвестиций в основной капитал в 2024 году в размере 980 млрд тенге (80% частных, 20% - бюджетных) KPI на 2025 год – 1,35 трлн тенге. По предварительным данным, объем прямых иностранных инвестиций в 2024 году составит $541 млн, KPI на 2025 – $532 млн. За два месяца этого года уже привлечено 89 млрд тенге инвестиций, что на 16% больше в сравнении с аналогичным периодом прошлого года. Основная доля инвестиций – внебюджетные средства. Наиболее привлекательными для вложений инвестиций в области являются промышленность (32%), недвижимое имущество (22%), транспорт и складирование (16%), образование (17%) .

✅В настоящее время инвестпортфель области составляет 200 проектов на 6,3 трлн тенге с созданием 57 тыс. рабочих мест. Из них в 2025-м будут введены 35 проектов стоимостью 303 млрд тенге на 4,8 тыс. рабочих мест.

🌐 Подробнее на сайте www.gov.kz

t.me/presseconomy




UKIMET dan repost
ЖИ бизнеске салық есебін дербес әрі онлайн жүргізуге көмектеседі

📌 Үкіметте Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің төрағалығымен өткізілген кеңесте салықтық және кедендік әкімшілендіру жүйелерін цифрландыру жөніндегі жұмыстардың барысы тыңдалды.

🔷 Қаржы вице-министрі Әсет Тұрысовтың дерегі бойынша, қазіргі уақытта фискалдық органдардың ақпараттық жүйелеріне қажетті деректерді беру үшін Smart Data Finance, СӘАЖ және Keden салықтық ақпараттық жүйелерін алты мемлекеттік органның ақпараттық жүйесімен интеграциялау жалғасуда. Жаңа Салық кодексінің қолданысқа енгізілуіне дейін жаңа салық жүйесін енгізу бойынша барлық тестілік және басқа да қажетті рәсімдерді бітіріп үлгеру үшін барлық интеграциялық жұмысты мүмкіндігінше тезірек тиянақтау қажет. Кеңесте толыққанды интеграцияға кедергі келтіретін барлық мәселе қаралды, оның қорытындысы бойынша вице-премьер мемлекеттік органдарға барлық рәсімдік мәселені наурыз айының соңына дейін аяқтауды тапсырды.

🔘 Бұдан басқа, Салықтық әкімшілендірудің интеграцияланған жүйесінің (СӘАЖ) АЖ базасында Қаржы министрлігі ЦДИАӨМ-мен бірлесіп салық төлеушілерге қызмет көрсетудің проактивті сервистік моделін құрады. СӘАЖ-дағы салық төлеушінің жеке кабинеті салық төлеушілерге қызметтерді алуға және есептілікті қашықтан тапсыруға, декларацияларды кезең-кезеңімен, анықтамалармен және деректерді тексерумен толтыруға мүмкіндік береді. Жүйе екіжақты байланысты қамтамасыз етеді: мемлекеттік кіріс органының хабарламасына жауап беруге және салық органына бармай-ақ құжаттарды жүктеуге болады.

🌐 Толығырақ primeminister.kz сайтында.



ИИ поможет бизнесу вести налоговый учет самостоятельно и онлайн

📌 В Правительстве на совещании под председательством заместителя Премьер-министра – министра национальной экономики Серика Жумангарина заслушали ход работ по цифровизации систем налогового и таможенного администрирования.

🔷 По данным вице-министра финансов Асета Турысова, в настоящее время продолжается интеграция налоговых информационных систем Smart Data Finance, ИСНА и Keden с информационными системами шести госорганов для передачи необходимых данных в информационные системы фискальных органов. Чтобы успеть завершить все тестовые и другие необходимые процедуры по вводу новых налоговых систем до ввода в действие нового Налогового кодекса, все работы по интеграции необходимо завершить как можно скорее. На совещании рассмотрели все препятствующие полноценной интеграции вопросы, по итогам чего вице-премьер поручил госорганам завершить до конца марта все процедурные вопросы.

🔘 Кроме того, на базе ИС Интегрированной системы налогового администрирования (ИСНА) Министерство финансов совместно с МЦРИАП создают проактивную сервисную модель обслуживания налогоплательщиков. Личный кабинет в ИСНА позволит налогоплательщикам получать услуги и подавать отчетность дистанционно, заполнять декларации пошагово, с подсказками и проверкой данных. Система обеспечивает двустороннюю связь: можно будет отвечать на уведомления органов госдоходов и загружать документы без визита в налоговую.

🌐 Подробнее на сайте primeminister.kz

📱 @KZgovernment


📌ЭЫДҰ Бас хатшысы Матиас Корманн Астана халықаралық форумына (AIF) келеді деп күтілуде

🔷ЭЫДҰ Бас хатшысы Матиас Корманн 2025 жылғы мамырда Астана халықаралық форумына (AIF) жоспарланған қатысуы аясында алғаш рет Қазақстанға келеді. Оның алдағы сапары Қазақстанмен әріптестікті нығайтуға мүдделі екендігін айғақтайды.

💬Бұл туралы 12 наурызда ЭЫДҰ Жаһандық қатынастар және ынтымақтастық директораты «Еуразия» басқармасының басшысы Уильям Томпсон Қазақстан Премьер-Министрінің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғаринмен кездесу барысында мәлімдеді.

🤝Келіссөздердің басты тақырыбы екіжақты ынтымақтастықты кеңейту және негізгі экономикалық бастамаларды талқылау болды.

✅Серік Жұманғарин ЭЫДҰ экономикалық реформаларды жүргізу мен мемлекеттік саясатты жетілдіруде Қазақстанның маңызды серіктесі болып табылатынын атап көрсетті. 2008 жылдан бастап еліміз мемлекеттік басқару, макроэкономикалық саясат, инвестициялар және бәсекеге қабілеттілік салаларында ЭЫДҰ стандарттарын белсенді енгізіп келеді.

🌐 Толығырақ www.gov.kz сайтында.



📌Ожидается визит Генсека ОЭСР Матиаса Корманна на Международный форум Астана (AIF)

🔷Генеральный секретарь ОЭСР Матиас Корманн впервые посетит Казахстан в рамках планируемого участия в Международном форуме Астана (AIF) в мае 2025 года. Его предстоящий визит свидетельствует о заинтересованности в укреплении партнерства с Казахстаном.

💬Об этом 12 марта заявил руководитель управления «Евразия» Директората глобальных отношений и сотрудничества ОЭСР Уильям Томпсон в ходе встречи с заместителем Премьер-Министра-министром национальной экономики Казахстана Сериком Жумангариным.

🤝Центральной темой переговоров стало расширение взаимодействия и обсуждение ключевых экономических инициатив.

✅Серик Жумангарин подчеркнул, что ОЭСР является важным партнером Казахстана в проведении экономических реформ и совершенствовании государственной политики. С 2008 года страна активно внедряет стандарты ОЭСР в сферах государственного управления, макроэкономической политики, инвестиций и конкурентоспособности.

🌐 Подробнее на сайте www.gov.kz

t.me/presseconomy



15 ta oxirgi post ko‘rsatilgan.