Адамдар қарым-қатынастың басында неге өздерінің шынайы бейнесін жасырады екен. Өзін барынан артық көрсеткісі келеді. Минустарын барынша жасырып, жақсы көрінгісі келеді.
Ерлер де, әйел заты да.
Кейін бір-біріне ренжіп, тіпті көрместей боп жатады. Себебі кейін басқа адам пайда болады. Ғашық болған адам емес, бөтен, танымайтын. Түрі сол, жан дүниесі өзге.
Адам “актер” болып, өзінен мүлдем бөлек образда өмір бойы жүре алмайды. Табиғи негіз сені бәрібір көрсетеді. Кейін түзеп алам деген бос сөз. Ересек жан өзгермейді.
Басында қарым-қатынас үшін бас шұлғұуы мүмкін, кейін адам болмысында жоққа келісуден шаршайды, тіпті ауыр жүк көтергендей психикасы зардап шегуі мүмкін.
Адамдар өздерінің шын бейнесін көрсетуден қорықпауы керек және сол мазмұнына сай, оны барымен қабылдаған, санасы, құндылығы деңгейлес адаммен өмір сүргені жөн. Сонда екеуара түсіністік болады.
Немесе ойыңдағы өзің туралы образға жетуге талпынған жөн. Ол ерте тәрбиемен, құндылықтармен, әдебиетпен, жақсы ортамен, білім-іліммен, жақсы әдет қалыптастырумен коррекция жасалады.
Иә, тегінде жоғын осылай коррекция жасауға болады, жас кезде. Есейген соң қиын, тіпті болмайтын шаруа. Балаға бала кезде сіңіру керек деп жиі айтатынымыз сол. Өзіңнен қашпа. Өзіңді образға айырбастама. Өзіңнен ұялсаң ұялмайтын деңгейге өзіңді апар. Ол сенің қолыңда.
Біздегі ажырасу деңгейінің өте жоғары болуының бір себебі осы - образға үйлену, образға тұрмысқа шығу.
Ал адамдардың өз болмысына риза болуы, одан қашпауы, одан ұялмауы - ең алдымен ата-ананың баласына бала кезінде берген құндылықтарының нәтижесі, жауапкершілігі. Қалғаны стандарт бойынша бәрінде бар.
© Ж. Шамель