http://www.qamshy.kz/article/arsiz-bolmay-ataq-zhoq-qara-pyarmen-atin-shigharghandar.html «Арсыз болмай атақ жоқ» немесе «Атың шықпаса, жер өрте». Қазір оның орнына «хайп» деген терминді қолдана бастадық. Елге танылудың ерсілеу жолын таңдағандар елімізде көп-ақ. Бірі «жезөкшелерге» қамшысын ала жүгірсе, екіншісі мыңдаған көрерменнің көзінше төсек төңірегін шиырлап әлек. Ұлттың қан тазалығын сақтаймын деп, қазақ қыздарының жүріс-тұрысын аңдитындар да пайда болды. Олар кім? Нені мақсат тұтады?