MargulanQ dan repost
ӨНЕР БІЛІМ ЖОҚ ЖҰРТТАР
Өнер-білім жоқ жұрттар
Дәу ресторан салғызды,
Миллион төлеп бір әнге
Жалған әнші алғызды.
Тұмсық бұзған адамды
Ту ұстатып көтерді,
Ғалымдарға дым да жоқ,
"Қыса тұр!" – деп көтенді.
Қыс түскенде жылу жоқ,
"Шүкір!" – деп күрс жөтелді.
Тұсау болған несие
Кешіктіріп өтелді.
Ағайынмен алауыз,
Бауыр көрді бөтенді.
Жиған-терген – ремонтқа,
Тәрк етеді шетелді.
Пайдалы істер ісі жоқ,
Мәһр, тоқал талқылар.
Хиджаб үшін бет жыртып,
Салғыласып алқынар.
Біреу үшін сәнденіп,
Тек желіде жарқырар.
Көзбояушы жалғанның
Қаншалықты парқы бар?
Ауа сатты көпестер,
Еңбексіздік сән болды.
Қанттың түсі ақ десе,
Ауызын ашып таң болды.
Қылмысына пұл төлер,
Сатылмалы заң болды.
Күнәсіне мақтанып,
Авторитет паң болды.
Өнер-білім жоқ жұрттар
Бабасымен мақтанды.
"Мәңгілік ел" іспеттес
Сөздер бар жаттанды.
Игілік жоқ, теңдік жоқ,
Құқықтары тапталды.
Жалаң аяқ, жалаң бұт
О дүниеге аттанды.
Өнер-білім жоқ жұрттар
Дәу ресторан салғызды,
Миллион төлеп бір әнге
Жалған әнші алғызды.
Тұмсық бұзған адамды
Ту ұстатып көтерді,
Ғалымдарға дым да жоқ,
"Қыса тұр!" – деп көтенді.
Қыс түскенде жылу жоқ,
"Шүкір!" – деп күрс жөтелді.
Тұсау болған несие
Кешіктіріп өтелді.
Ағайынмен алауыз,
Бауыр көрді бөтенді.
Жиған-терген – ремонтқа,
Тәрк етеді шетелді.
Пайдалы істер ісі жоқ,
Мәһр, тоқал талқылар.
Хиджаб үшін бет жыртып,
Салғыласып алқынар.
Біреу үшін сәнденіп,
Тек желіде жарқырар.
Көзбояушы жалғанның
Қаншалықты парқы бар?
Ауа сатты көпестер,
Еңбексіздік сән болды.
Қанттың түсі ақ десе,
Ауызын ашып таң болды.
Қылмысына пұл төлер,
Сатылмалы заң болды.
Күнәсіне мақтанып,
Авторитет паң болды.
Өнер-білім жоқ жұрттар
Бабасымен мақтанды.
"Мәңгілік ел" іспеттес
Сөздер бар жаттанды.
Игілік жоқ, теңдік жоқ,
Құқықтары тапталды.
Жалаң аяқ, жалаң бұт
О дүниеге аттанды.