Ақшаны жұмсап жүріп, ақша жинау💵
(өте пайдалы. соңына дейін мұқият оқыңыз)Мүлде ақша жинай алмаймын,
ақшаны жұмсап қоя беремін дейтін адамдар көп. Әр адам орташа есеппен айына кемі 150-300 мың теңге ақша жұмсайды. Ақшаны жұмсап жүріп те, кэшбек арқылы ақша жинауға болады.
~ Төлемді ылғи да kaspi аударыммен жасай бермей, кэшбек беретін карталармен, apple pay немесе google pay арқылы төлем жасап, кэшбек жинаған дұрыс.
Сіз бәрібір де сол қаржыны жұмсайсыз, жұмсаған қаржыңыздан көбірек кэшбек алуға тырысыңыз.
💳Кэшбек жинаудың әртүрлі нұсқалары бар. BCC,Home Credit Bank, Halyk Bank, Jusan Bank қолданбалары арқылы айына 5-20% көлемінде кэшбек жинауға болады. Мысалы, BCC банктің картасы арқылы айына 7-10% кэшбек ала аласыз. Айына 200.000 теңге жұмсасаңыз, оның 14-20 мың теңгесі өзіңізге кэшбек болып қайта түседі. Ол жылына шамамен 160-200 мың теңге болады. Депозиттердің өзі сізге бұндай өсім бермейді.
Әрбір қолданбаның өзіне тән
ерекшеліктері бар:
🔸Жанармай бекеттерінде бензин құйғанда Halyk QR немесе Home Credit Bank картасы арқылы төлеген дұрыс. 5-7% кэшбек аласыз.
🔸Маркетплейстен зат алсаңыз, ең жоғары кэшбекті halyk және jusan банк ұсынады. Шамамен 15-20%. Затты алмас бұрын барлық маркетплейстен бағаны салыстырып, тиімдісін алған жөн. Егер баға екі жақта да бірдей болса, кэшбекті көп беретініне жүгініңіз.
🔸Онлайн такси шақырсаңыз, jusan және freedom, bcc картасы арқылы төлем жасауға кеңес беремін. 5-7% кэшбек аласыз. BCC картасы арқылы әртүрлі санаттардан да кэшбек алуға болады. Мысалы, киім, мейрамхана, супермаркет т.б.
🔸Айына бір рет әртүрлі банктердің кэшбек төлеу ұсыныстарын қарап тұрыңыз. Кейде 30-35% кэшбек ұсынатын уақыттар да болады.
Бұл кэшбектерді қалай жаратуға болады? Өзіңізге ақша ретінде аударып алсаңыз да болады. Ең тиімдісі: жиналған кэшбекті инвестицияға құю. Әртүрлі активтерді сатып алуға пайдаланған дұрыс. Акция, облигация, алтын, күміс сатып алып отырыңыз. Мысалы, freedom карталары арқылы сауда жасасаңыз, сізге freedom валютасын сыйға береді. Сіз сол валютаны инвестиция жасауға пайдалана аласыз.
Сол сәтте сіз ақшаны жұмсап жүріп, инвестициялық капитал жинақтайсыз. Ол капитал кейін сізге пассивті табыс әкеледі.
#қаржысауаттылығы
©️
https://t.me/qarjysayaty