«2025 жылы QAZAQ AIR әуекомпаниясы әлеуметтік маңызы бар бағыттар бойынша бірқатар субсидияланатын әуе тасымалын орындайтын болады. Қолжетімді бағамен қазақстандықтар мен ел қонақтары Қазақстан ішінде 7 бағыт бойынша ұша алады. Бұл бағыттарға билеттер өңірлік әуетасымалының қолжетімділігін арттыру үшін белгіленген арнайы тарифтер бойынша сатылады», – деп хабарлайды әуекомпанияның баспасөз қызметі.
QAZAQ AIR әуекомпаниясы ел ішінде келесі бағыттар бойынша субсидияланған рейстерді ұсынады:
Астана – Павлодар – Астана (аптасына 4 рет) әуебилеттерінің құны бір бағытқа – 15 000 теңге;
Астана – Петропавл – Астана (күн сайын) әуебилеттерінің құны бір бағытқа - 15 000 теңге;
Түркістан – Қостанай – Түркістан (аптасына 2 рет) әуебилеттерінің құны бір бағытқа - 31 000 теңге;
Түркістан – Қарағанды – Түркістан (аптасына 2 рет) әуебилеттерінің құны бір бағытқа - 20 000 теңге;
Жезқазған – Қарағанды – Жезқазған (аптасына4 рет) әуебилеттерінің құны бір бағытқа - 10 000 теңге;
Жезқазған – Шымкент – Жезқазған (аптасына 3 рет) әуебилеттерінің құны бір бағытқа -18 000 теңге.
Алматы – Көкшетау - Алматы (аптасына 3 рет) әуебилеттерінің құны бір бағытқа - 33000 теңге.
‼️Жоғарыда аталған рейстердің кестесі кейінірек хабарланатын болады.
Субсидияланатын әлеуметтік маңызы бар әуерейстерінде 14 жасқа дейінгі балаларға әуекомпания 50% көлеміндегі жеңілдік ұсынады. Қолжүгін тасымалдау нормасы 5 кг, жолжүктікі – 20 кг. Ұшу күні мен билеттерді қайтару кезінде ақша ұсталмайды.
Билеттерді www.flyqazaq.com ресми сайтынан, сондай-ақ әуекомпанияның сату кеңселерінде брондауға және сатып алуға болады.
QAZAQ AIR әуекомпаниясы ел іші мен көрші мемлекеттердің шекаралас өңірлері арасында жоғары сұранысқа ие өңірлік хабтық маршруттық желі бойынша Астана қаласынан бірқатар рейстерді орындап келеді.