Түнгі намаз – жамандықтарды өшіреді, жүректі тыныштандырады.
Алланың Елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): «Түнгі намазға аса маңыз беріңдер. Оны сендерден алдыңғы өткен ізгі кісілер үнемі орындап жүретін. Түнгі намаз – Жаратушыларыңа жақындатады, жамандықтарыңды өшіреді және күнәлі істерге баруға тосқауыл болады» деген. (Әл-Мүстәдрак). Ибн Касир түнгі намаз туралы аяттардың біріне мынадай тәпсір берген: «Түнгі намазда жүрек пен тілдің үйлесімділігі, терең оқылған аяттар, құлшылық, дұға-тілектердің ықыласпен жасалуы жүрекке қатты әсер етеді. Себебі, күндіз – шулы уақыт мерзімі, күнделікті қажеттіліктерді жинау, ақша табу немесе басқа істер атқарылады».
Түнгі намаздағы жүрек тыныштығы, хушуғ, ойдың тазаруы, көзге еріксіз оралатын жас, Алла алдында сыбырмен айтылатын сыр... Басқа ешбір құлшылықта қайталанған емес. Мұны білген Әбу Сулейман әд-Дарани: «Түнде намаз оқығандар ойын-сауық қуушылардан да артық рахат алады. Егер түн болмаса, мына дүниеде қалғым келмеуші еді» деп жазады.