Қытайдың Ганьчжоу қаласында ішінде эмбрионы бар сирек кездесетін динозавр жұмыртқасы табылды. Бұл туралы Daily Mail жазды.
Эмбрион "Иңлян баласы" деп аталды. Ол Цзянси провинциясының Ганьчжоу қаласындағы Шахэ индустриалды паркіндегі Хэкоу формациясының жартастарынан табылды. Бірмингем университетінің палеонтологтары динозаврдың тасқа айналған жұмыртқасы бар эмбрион тіссіз тұмсықты теропод динозаврларына немесе қазіргі құстармен тығыз байланысты овирапторозаврларға жататынын анықтады. Олар Азияда Солтүстікте бор дәуірінде өмір сүрген.
Жұмыртқаның жасы 66-72 миллион жыл. Оның ұзындығы шамамен 27 сантиметр. Зерттеушілердің айтуынша, эмбрион жұмыртқадан шығуға жақын болған.
Зерттеу авторы және Бирмингем университетінің зерттеушісі Фион Вайссум Маның айтуынша, динозавр эмбриондары ең сирек қазбалардың бірі болып табылады.